Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыз - еркем, ісімен көркем

13 желтоқсан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Технология
Технология 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: "Қыз - еркем, ісімен көркем"
Мақсаты: Бойжеткен қыздарды ұлтымыздың салт –дәстүрлері арқылы ұяңдыққа, биязылыққа инабаттылыққа тәрбиелеу әдептілік қасиеттерді дамыту. Оқу процесінде оқушылардың белсенділігін жоғарлатуға, ұйымшылдыққа, іскерлікке үйрету. Қолөнердің сырын түсіне отырып, ізденуге танымдылық қабілеттерінің артуына ықпал ету. Өнерге ынтасын қабілеттерін дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрлерін құрметтей білуге, өнерді түсінуге, сүюге, талғаммен киінуге, әсемдікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру. Эстетикалық тәрбие беру, логикалық ойлау. Сөйлесу мәдениетін қалыптастыра отырып, мақал-мәтелдер арқылы жақсылыққа, іскерлікке ұмтылдыру.

Сабақтың көрнекілігі: «Шебердің қола ортақ» тақырыбында көрме, даналық сөздер. Мысалы: «Өнерді бағалай білмеген, өрге шықпас». «Өнер көзі халықта» т.с.с. Сабақтың түрі: Сайыс, білім ізденіс, өнер сабағы.
Пәнаралық ізденіс: Әдебиет, технология, музыка.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Әділқазы алқасын сайлау. Сайыс шартымен, жоспарымен таныстыру.

Мұғалім сөзі:Құрметті ақ жаулықты аналар, ұлағатты ұстаздар, қызғалдақтай құлпырған ару қыздар мен құрбы-құрдастар, Сіздерге арналған «Қыз - еркем, ісімен көркем » атты тәрбие сағатымыздың ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» деген мақал қыз баланың жанының нәзіктігінің, әр іске талаптылығын, өнер білімділігін бейнелесе керек.
Өнер, білім, өнеге туған дарын. Өнерліге өз басым таңғаламын. Өнерді әділдікпен бағалайтын. Таныстырайын әділқазы алқаларын, деп бүгінгі сайыстың әділқазы алқаларын таныстырып өтейін.

Мектеп директоры:
Оқу ісінің меңгерушісі:
Тәрбие ісінің меңгерушісі:
Ата-аналар комитеті:

Жүргізуші: Тасқындатып біз бүгін жыр бұлағын, Өзімізше өзгеріп сән құрамыз. Бұл сайыстың алғашқы кезеңінде, Таныстырсын өздерін топ құрамын. Ортаға сайыскерлерді шақырайық.
1. Өнер тобы/5мақал-мәтел/ «Өнер іздеген өсер, өсек іздеген өшер» «Өнер түбі елде мол, өнім сыры жерде мол»т.б
2. Шебер тобы./5мақал-мәтел/ «Шебердің қола ортақ» «Шын шеберде мін болмас»т.б
3. Іскер тобы /5 мақал-мәтел/ Еңбек туралы.
4. Зергер тобы /5мақал-мәтел/ Тиым сөздер, ырымдар.

Сөз кезегін әділ қазыларға беріледі
Жүргізуші: Ақылдылық аруға жарасады, Көзі ашық кім бүгін санасады. Келесі сұрақ-жауап сайысында. Сыналар білімі мен парасаты –дей отырып, келесі кезекті сұрақ-жауап сайысында топ мүшелері топтама бойынша сұраққа жауап береді.
Брейн –ринг.

Аспаздық.
1.Қамырды ашытып көтеретін не?(ашытқы, сода)
2.Борщ дайындауға оның құрамында міндетті түрде не болу керек?(қызылша, қырыққабат)
3.Қымыз неден жасалады?(биенің ашыған сүті)
4.Десерт қай елдің сөзінен шыққан? (Француз)
5.Шайдың отаны? (Қытай)

Машинатану:
1.Қандай маймен тігін машинасы майланады? (машина майымен)
2. Тігін тікенде саусаққа не киеді? (оймақ)
3. 1990 жылы Подольск қаласында қандай фирма завод салды?(Зингер)
4. Тігін машина жібінің қай номерлісі өтімді?(40жіп )
5.Түйме қадауға арналған табан қанша тесігі бар түймелерді қадайды? (2-4 тесігі бар түймелерді қадайды)

Мататану.
1. Қандай талшықты мата жылуды жақсы сақтайды? (жүн талшықтары)
2. «Канва» деген не?(кесте тігуге арналған селдір мата)
3. Тон бізді жылыта ма ?(Жоқ жылуды сақтайды)
4. Капрон синтетикалық па, әлде жасанды ма?(синтетикалық)
5. Жабағы деген не ?(малдың көктемде қырқып алынатын жүні)

Киімді конструкциялау және модельдеу.
1.Киімді тігу үшін өлшемді адамның қай жағынан алады? (он жағынан)
2.Қай елде ең алғаш рет мода шықты?(Италия)
3.Юбканың ілгегі қай жағынан орналасады?(сол жағынан)
4.«Барлық мода модадан шығады, ал стиль мәңгі қалады, деген сөзді кім айтқан? Коко Шанель.
5.Тік юбканың қай жағының ені үлкен? (Алдынғы жағының)

Қолөнер
1. Түйіндеп тоқу өнері қалай аталды? (Макраме)
2. Шұлық қанша инемен тоқылады? (Бес инемен)
3. «Бусра» деген сөздің аудармасы? (Бисер)
4. Экибананың отаны? (Жапония)
5. Технология деген сөздің мағынасы (техно-өнер, шеберлік, логия – білім )

Музыкалық үзінді.
Сөз кезегін әділқазыларға берейік:
Жүргізуші: Білектей арқасында өрген бұрым. Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын. Камшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты.
Сұлу қызды көріп пе ең мұндай түрін – деп, Абай атамыз жырлағандай, келесі шаш үлгісіне берейік.

Шаш үлгісін көрсету.
Әр топ шаш туралы өз ойларын ортаға салады.
Өнерлі тобы: Шаш күтімінің негізгі әдісі жақсылап жуу.
Басты ыстық сумен жууға болмайды, себебі ол май бездерінің бөлінуін күшейтеді.
Шашқа су сабынды жиі қолдану шашты құрғатады. Бүгінде өкінішке қарай, қыздар шаштарын бұйралап, күйдіріп бояп әуре болады. Одан шаш қырқылып сиреп, кейбір кезде мүлде түсіп қалады. Шаш түспеу үшін сарымсақтың қабығын ыстық суға салып, 15-20минут қайнатамыз, су суыған соң сол сумен басты шаямыз,
Сөз кезегін әділқазыларға берейік.

Музыкалық үзінді
Жүргізуші: Қандай жақсы майысып тұрғандарың,
Бойына жинағандай өнер бағын.
«Ана көрген тон пішер»деген бар ғой,
Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын - дей келе келесі
«Ою ойғанның ойы – ұшқыр» деп аталатын сайысымыздың шарты бойынша матаның бетіне ою-өрнек әшекейлеу қажет. Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Әр топ өзінің таңдап алған оюына сипаттама береді.

«Қошқар мүйіз» - қошқардың екі шекесіне иіріліп кеткен қос мүйізіне ұқсайды. Ол киімдерде және текемет, сырмақ, аяққап т.б.киіз бұйымдарында кездеседі.
Ою-өрнекті қайдан, кімнен үйрендік деген сауалға суретші Әділхан Қастеев:
Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен - деп жауап беріпті.

Жұлдыз өрнегі - аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды.Бұл өрнек көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.
Түйетабан - түйенің табанына ұқсас ою.Ол киімдерде, бұйымдарда кездеседі. Сынық мүйіз - сынық жасап барып, мүйізді бейнелейтін өрнек.Ол көбінесе шым, шиде, терме бауда, алашада жиі қолданылады.
Әр топ оюлар туралы мәлімет береді.

Музыкалық үзінді.
Келесі сайысымыз «Фантазия» үй тапсырмасы.
Шарты: әр топ фантазияға байланысты матадан, өзге материалдан киім үлгісін көрсету

Сөз кезегі әділқазыларға беріледі:
Қадірменді көрермен қауым, сайысымызды көріп тамашалағандарыңызға көп көп рахмет!
15 024
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ару қыздар байқауы
Ару қыздар байқауы
Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т. б. негізінде тәрбиелеу.
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет - бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі
Балаларды әсемдікке баулу
Балаларды әсемдікке баулу
Балаларға әдемілік пен әдептілік нышандарын бойларына сіңіре отырып және оларды ұлттық бұйымдар арқылы әсемдікке баулу. Балаларға ұлтымыздың салт - дәстүрін, өнерін бойларына сіңіріп, ұлттық сана-сезімдерін дамытып, балаларды әдептілік пен
Қолданбалы қолөнер
Қолданбалы қолөнер
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі: Қасымова Айгуль Идрисовна
Қолөнер және модельдеу
Қолөнер және модельдеу
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемелекеттік мекемесінің технология пәні мұғалімі Cатыбалдинова Күлбан Омарбайқызы
Өнерді көп білген дана болар
Өнерді көп білген дана болар
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі Мухамедиева Дәмелі Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×