Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жапсырмалы бедерлі ою. Бойтұмар.

08 ақпан 2013, Жұма
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: Жапсырмалы бедерлі ою. Бойтұмар.
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Жапсырмалы бедерлі ою тақырыбын түсіндіру. «Бойтұмар» сувенирін дайындау.
Ә) тәрбиелік: Оқушыларға ұлтымыздың қолөнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Өзіне деген ұқыптылық пен сенімділікті сақтау.

Б) дамытушылық: Оқушының қолөнерге деген қызығушылығын ояту, шығармашылық ойын дамыту, ізденуге, шапшаңдықты дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас, практикалық.
Сабақтың әдісі: Модульдік блокты жүйе бойынша оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Нұсқау картасы, оқулықтар, үлгілер, компьютер.
Пәнаралық байланыс: Геометриялық, бейнелеу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өтілген тақырып бойынша қайталау. Сұрақ, жауап арқылы пысықтау.
Біз өткен тақырыптарда өсімдік тектес, жануар тектес ою-өрнектерді, оның шығу тарихын өткен болатынбыз.
Ал олай болса үй тапсырмасын пысықтап өтейін.

Ою-өрнек қайдан шыққан?
Ою-өрнегімізді қалай сақтап қалдық?
Ол үшін ою-өрнектің шығу тарихына саяхат жасайық.
Қазақ халқы жері от, суы мол жайылым қуып, кең сахарада жүріп жер суының қадір қасиетін жетік білген, жайлы қоныс іздей жүріп, өсімдік қасиетін мол байыптаған.

1. Оқушы: Ертеде бір әділ хан болыпты. Соның жарлығы бойынша қол астындағы елдің ою-өрнек, кесте тоқыма, бәдіз, тігін өнерлерін меңгергені сонша, үйлерінің іші-сырты, киім-жиһаздары, құрал-саймандары барлығы да оюланған, әрі өрнектелген көрікті екен.
Халық бір тілде сөйлесе алатын болыпты. Сол себептен бұл ел басқарушы-Оюхан деп аталып кетіпті.
2. Оқушы: Күндердің бір күнінде бөтен елдің ханы соғыс ашып, Оюханды орнынан алып, билікті өзі басқарады. Ол ескі салт, көне дәстүр, байырғы әдетпен, әдеп, ежелгі өнер белгілерінің бәрін жойып, жаңаша құрмақ болыпты., бірақ ескі оюдың орнына жаңа ою таба алмапты. Жаңасы ұзаққа бармай ұмыт болыпты.
3. Оқушы: - Уа, хан кеш! Мына райыңыздан қайтыңыз, теріс жолмен кетіп жатырсыз, - деп жөнін айтқанда, айтпақ болғанның да көзін жоя беріпті.Оюханды зынданға тастайды.
4. Оқушы: Жоюханның жалғыз ұлы жолға шығады.
Жолындағы аң атаулыны түгел қырып, еті мен терісіне қарық болмақ ниетпен ойына келгенін істеп келе жатқанда бір үкі мұның бетіне шапшиды.Еш нәрсе көре алмай тентіреп келе жатып, жар басынан құлап, көлге батып өледі.
5. Оқушы: Бұл кезде Жоюхан баласына іздеу салып жатқан еді.
-«Кімде – кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын», -деп жарлық берген соң , ешкімнің батылы бармайды.
Мұны естіген Оюхан іздеуге өзі баратынын хабарлайды.Ол жолға керектінің бәрін алып шығады.Жолда зардап шеккен жан-жануарларға көмегін тигізіп, ең соңында қанаты сынған үкіні емдейді.
--Жоюханның баласын көрдің бе?- деп сұрайды.
--Қаныпезер хан баласының жолында кезіккеннің бәрін жойыпты. Міне, осы көріністің бәрін Оюхан кілемге оюлап салып, Жоюханның алдына жайыпты, кілемдегі оюлардан Жоюхан баласының жолын көріпті....
(Суреттерібар.)

6. Оқушы:- Кім екендігіңді аңдарға көрсеткенше, ел ішіндегі дұшпандарыңа неге көрсетпедің? Тірімісің, өлімісің? Тоқта, мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді - жаны рухта, тәні әруаққа айналды деп тұр ма?
-О, жаратқан, ұлымның өлгені ме, өлтірем! деп Оюханға төнеді. Сонда Оюхан :
- Дат, тақсыр балаңның өлімін өзіңнен естідік, алынса сенің басың алынуы керек дейді.
Оюханды ел-жұрты ақ киізге орап, ұлан-асыр той жасайды.
Елі топ өнерін қайта жалғастырады. Ақылымен даналығының арқасында Оюхан ою-өрнекті, елін-жерін жауынан қорғау мақсатында қолдана білді.
1. Ою-өрнектер неше түрге бөлінеді? және оларды ата?
Жауабы:4 түрге, өсімдік тектес, зоморфтық, геометриялық, космонологиялық.
2. Ит құйрық оюы бұйымның қай жеріне салынады?
Жауабы:Ер адамның шалбарының балағына салынады. «Дұшпаның кеудеңнен төмен болсын»деген мағынаны білдіреді.
3. Қошқар мүйіз оюы не мағынаны білдіреді?
Жауабы:Байлықтың, молшылықтың, бақыттың белгісі.
4.Қос аққу оюы не мағынаны білдіреді?
Жауабы: Пәктіктің, адалдықтың, бақыттың белгісі.
5.Пазырық қорғанынан табылған ең көне оюлардың бірін ата?
Жауабы:Төртқұлақ.
6.Ою-өрнектің неше түрі бар?
Жауабы: 200-300 дей.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Құрметті оқушылар! Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Жапсырмалы бедерлі ою».
- Жапсырмалы бедерлі ою дегеніміз - бұйымның бетіне өрнек салуды, өрнек нақыштарын теп-тегіс бір ғана жазықтықта ғана емес, екі немесе үш жазықтыққа бедерлеу реті. Сонда бір оюдың нақышынан екінші оюдың нақышы оқшауланып, іріктеніп, тұрпаттанып көрінеді.
Осы тақырыпқа байланысты « Бойтұмар» сувенирінің дайындалу технологиясымен танысайық.
Бойтұмар- бұл магиялық іспеттес, тіл көзден сақтау , мән-мағынасы сырға толы сувинер.

Түстері-қара, ақ, қызыл.
Қара түс- туған жердің белгісі.
Ақ түс-адалдықтың, тазалықтың белгісі.
Қызыл түс- жалындаған жастықтың, тіл көзден сақтаудың белгісі ретінде айтылған.
Қошқар мүйіз-молшылықпен байлықтың белгісі.
(суреті бар)
Бойтұмардың орындалу реті:(дайындалу картасы бар.)

Сергіту сәті.
Сарамандылық жұмыс.

Қорытынды: Тест
1.Аспан әлеміне байланысты ою өрнектерді атаңдар?
А) Қошқар мүйіз
Ә) Балға оюы
Б) Сыңар мүйіз
В) Үш гүл
Г) Жұлдыз
2. Малдың ізіне байланысты ою-өрнек
А) Бес дөңгелек
Ә) Қошқармүйіз
Б) Түйе табан
В) Су өрнегі
3. Өнерлінің неше саусағы тең,
Өнерсіздің бір саусағы кем
А) 5
Б) 10
В) 7
4. Өнерлі жан ненің көркі, үкілі қамыс көлдің көркі.
А) Жердің
Б) Үй
В) Елдің
5. Магиялық ою-өрнекке қайсы ою жатады?
А) Тұмар
Б) Түйе табан
В) Құсқанат
Оқушыларды бағалап, үйге тапсырма беру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 341
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды өрнектер
Санды өрнектер
Амалдар таңбалары және қажет болған жағдайда жақшалардың көмегімен сандардан құрастырылған өрнек санды өрнек деп аталады. Санды өрнектегі көрсетілген барлық амалдарды орындау нәтижесінде шыққан сан өрнектің мәні деп аталады
Ою-өрнектің мәні мен мағынасы
Ою-өрнектің мәні мен мағынасы
Орындаған: 4 сынып оқушысы: Ящук Анна Жоба жетекшісі: Байбатырова Г. М.
Ою – өрнектер түрлері
Ою – өрнектер түрлері
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі Төлеубаева Райкүл Бақытжанқызы
Шеңбер мен симметриялық осьтер құру «Ғарыш әлеміндегі өрнектер»
Шеңбер мен симметриялық осьтер құру «Ғарыш әлеміндегі өрнектер»
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, № 9 жалпы білім беретін орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Нуркеева Гылымкуль Жумахасовна
Сызу және қолөнер
Сызу және қолөнер
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің бейнелеу, сызу, технология пән мұғалімі Рыскалиева Галия Сайпқызы
Аққу оюын дайындау
Аққу оюын дайындау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектеп еңбек пәнінің мұғалімі Агибай Жанагуль Абдихалымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×