Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Киіз үй және оның жасауы

20 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Технология
Сыныбы: 6 (алтыншы)
Сабақтың тақырыбы: Киіз үй және оның жасауы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: киіз үй және оның жасау - жабдықтары туралы түсінік беру.
ә) тәрбиелік: сабақ барысында өз ұлтымыздың ғасырлар бойы жинақталған құнды тәжірбиелері мен қолөнерін оқушы бойына сіңіру. Ұлттық қолөнерді қадірлеуге тәрбиелеу.
б) дамытушылық: баланың жүрегіне ұлттық сана - сезімді ұялату, танымдық қабілетін және ұлттық өнер жайлы білімін кеңейту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (ойын)
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгіме, тарихи деректер.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, киіз үй және оның жасауларының суреттері (слайд), тірек сызбалар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
- Сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. («Кім тапқыр?» ойыны. Жасырын сұрақтар)
1. Киіз кілемдерді дайындауға пайдаланатын негізгі материал. (қой жүні )
2. Сырмақ дегеніміз не? (киізден сырылып, оюлап жасалған төсеніш )
3. Тоқыма кілемнің неше түрі бар?( екі түрі бар: тақыр кілем және түкті кілем)
4. Тұскиіз дегеніміз не? (аппликацияланған, безендірілген, кестеленген қабырға кілемдері)
5. Тұскиізді неден жасайды? (барқыттан, жібектен, мауыттан, мақта - матадан жасайды)
6. Кілем оюларында қандай формалар басым болады? (ірі бойтұмар, жапырақ формалары, гүл тізбектері, гүлдер, гүлшанақ, тауық қауырсыны формалары)
7. Қазақ ұлттық кестесінің неше түрі бар?(біз кесте, баспа кесте, кенебе кесте )
8. «Көшпенділер өмірінде кілем байға да кедейге де өмірлік қажеттілігі зор бұйым», - деп жазған этнограф кім? (А. А. Боголюбов).

ІІІ. Кіріспе сөз:
«Маңдайша, босаға мен табалдырық,
Алты қанат кереге, қаламды оқ.
«Шіркін - ай, қандай шебер жасады», - деп
Көргенде таңдай қағып, қалам тұрып».
- Балалар, бұл өлең жолдары не жайлы?
- Олай болса, балалар бүгінгі сабақтың тақырыбымен танысайық.

ІҮ. Жаңа сабақ.
Киіз үй – «Атамыз – Алаш, керегеміз ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата - бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй – қазақ халқының ұлттық мұрасы. Киіз үй тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ - мекені. Біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен - жайы, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Тағы бір ерекше айта кететін жай: біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады.
Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақы үйлер пайдаланылуына қарай, сән - салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы: қара үй, боз үй, ақ үй, ақ ала орда, ақ орда, ақ шаңқан, алтын үзік, алтын орда. Көшіп - қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық жұмыс ретінде бейімделген үй түрлері болады. Олар: қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады.

Киіз үйдің сүйектері
шаңырақ кереге уық сықырлауық

Киіз үй бөліктері
үйдің сүйектері киіздері бау - шулары(баулары мен басқұр арқандары)

Киіз үйдің іші төртке бөлінеді:
Төр - Үй ішіндегі ең құрметті орын, мұнда жүк жиналады, қонақтар отырады
Сол жақ - Үй иесінің отыратын және жататын орны
Оң жақ - Балалар орналасады. Босаға жақта ер - тұрмандар, киімдер ілінеді
От орны - Қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады

Ү. Жаңа түсініктер мен іс - әрекеттер тәсілін қалыптастыру.
Сөздікпен жұмыс
Басқұр - кереге басы туырлықты тесіп кетпеуі үшін үй айнала жүргізілетін жалпақ оюлы құр.
Құр – үй тіккенде керегелерді бір – біріне қосып байлайтын терме бау.
Туырлық – кереге бойын, шағын үйлерде шаңыраққа дейін жабатын киіз.
Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымдарын жасайтын өсімдік.

ҮІ. Жаңа түсінікті тексеру:
1. Киіз үй негізі неше бөліктен тұрады? (киіз үйдің іші, киіздері, бау - шулары)
2. Шаңырақ қандай мағынаны білдіреді? (үй, отбасы)
3. Киіз үйдің сүйектерін ата. (шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық)
4. Сандықтың астына қоятын жиһаз. (жүкаяқ)
5. Әбдіре дегеніміз не? (зат, бұйым, киім салып қоятын үлкен сандық)
6. Киіз үйдің іші нешеге бөлінеді? (төртке: төр, оң жақ, сол жақ, от орны)
7. Киіз үйдің сүйектерін жасайтын адамды кім деп атайды? (үйші)
8. Қоңыр үй деп қандай үйді атайды?

ҮІІ. Сабақты бекіту (технологиялық диктант):
1. Киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымдарды жасайтын бөлшекті...... деп атайды. (ши)
2. Екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын ағаш..... деп атайды. (табалдырық)
3. Үй тіккенде.... бір – біріне қосып байлайтын терме бауды құр деп атайды. (кереге)
4. Кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөлік... деп аталады. (уық)
5. Киім ілуге арналған...., ою - өрнекті ағаш адалбақан деп аталады. (ашалы)

ҮІІІ. Сабақты қорыту:
Берілген сөздерді төмендегі бөліктерге бөліп жазамыз:
1. Киіз үй жабдықтары –
2. Киіз үй жасаулары –
3. Артық сөздер –
Берілген сөздер: шаңырақ, кереге, туырлық, маңдайша, сықырлауық, сандық, кебеже, жүкаяқ, ағаштөсек, кимешек, шашбау, қымыран, барқыт.

ІХ. Оқушыларды бағалау:
Х. Үй тапсырмасы:
1. Киіз үй және оның жасауы
2. Киіз үйге байланысты ұғымдар туралы жазып келу.
3. Киіз үйдің жасау – жабдықтарына қатысты сөзжұмбақ құрастыру.
30 257
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары
Қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары
Ақтау қаласы, «Гимназия сыныптары бар №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі»ММ Беккожина Нуржамал
Киіз үй
Киіз үй
Батыс Қазахстан облысы, Тасқала ауданы. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утешева Роза Айсиевна
Киіз үйді бейнелеу
Киіз үйді бейнелеу
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Октябрь ауылы, № 1 Қазанбасы орта мектебінің бейнелеу өнері пәні мұғалімі Брахметов Мырзағазы Ерханұлы
Киіз үй
Киіз үй
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәні мұғалімі: Альжанова Роза Зейнуллақызы
Киіз үй
Киіз үй
Атырау қаласы, Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бактыгожина Альфина Сагадатовна
Қазақ халқының қолданбалы өнері
Қазақ халқының қолданбалы өнері
Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері: киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш. Ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×