Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыстық сусындар

19 қаңтар 2014, Жексенбі
Категориясы: Технология
Сабақтың тақырыбы: Ыстық сусындар
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ыстық сусындар туралы кең ауқымда мағлұмат беру.
Тәрбиелілік: қонақжайлылыққа, сыпайылылыққа, инабатты болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: шәй, кофе, какао дайындау технологиясын меңгерту, шығармашылық ізденістерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру
Көрнекілігі: технологиялық карта, суреттер, ыдыс - аяқ түрлері

Барысы:
1. Ұйымдастыру: оқушылармен
сәлемдесу, түгендеу
2. Үй жұмысы:
«Назар аударыңыз»
«Қызылша салаты»
Мына әріптер формасынан қызылша салатына қажетті азық – түлікті табындар
Сәбіз
Қызылша
Жуа
Қиар
Картоп
Тұз
Май
Ыдыс

Әйгілі аңыздар да чанбуддистер ұзақ уақыт бойы сергек жүрулері керек делінген. Храмда сәжде еті кезінде ұйықтап кету – ұятты.
Бір күндері әйгілі патриарх Бодхидхарма сәжде ету кезінде ұйықтап қалған. Ұйқыдан оянған соң Бодхидхарма ызаға булығып, өз кірпіктерін қырқып тастаған. Сол кірпіктері түскен жерден шай бұтақтары шыққан. Шәй бұтағының жапырағынан сергектік шайын дайындайтын болыпты деген аңыз бар.
Шайды өлең жолдарына қосып жырлай бастады. Шәй Қытай елінде сүйікті сусынға айналды.
«Адам өмір сүру үшін 7 түрлі нәрсе керек: отын, күріш, май, шай, тұз, сүт және бидай» деген сөз бекерге айтылмаған.
9 - ғасырда шәй Қытайдан Жапонияға келді. Шотланд майоры Роберт Брустың арқасында Индияда 1823 жылдан бастап шай өндіріле бастады. Аззамом және Бирмой ормандары арасынан кездейсоқ шай өсімдіктері табылған. Сол кезден бастап британдықтар Индияда шәй өсіруге болатынына сенімді болды. Осы күні Индияда 7000 астам шәй алқаптары бар. Европадағы голландиялықтардың дастарханында 17 ғасырда пайда болды. Одан әрі Англияға апарылды

Россияға шай Сібір арқылы Азиядан келді. Ең алғаш монғол ханы орыс дипломанты Василий Старковқа сыйлық ретінде берген. Ол орыс елшісіне түлкіге айырбас ретінде 64 кг шай берген. Жаңа сусын патша мен уәзірлерге қатты ұнады. 17 ғасырдың 70 жылдарынан бастап орыс халықтарының базарларында шай сатыла бастады
1825 жылға дейін Қытай жерінде ғана жабайы шәй өсімдіктері ғана белгілі болды, одан әрі ол Индия, Бирма, Корея, Вьетнам және Лаос жеріндегі қалың джунглилерде пайда болды. Жабайы шайдің кейбір түрлері Тибеттегі Гималай тауларынан табылды
1. Қара
2. Көк
3. Сары
4. Қызыл

Технологиялық карта шай дайындау
Шай құрамында нелер бар?

Кофеин - Сергектік, тітіркендіргіштік
Иленгіш зат - Тұтқырлық дәм береді
Эфир майы - ватты хош иісті, дезинфекциялық және антисептикалық қосылыс
Пектин - Асқорытудағы ауытқуларды ретке келтіреді
Дәрумендер
Минералды заттар
«Түн секілді – қара, от секілді - ыстық, періште секілді - таза, махаббат сүйіспеншілігіндей – тәтті».
Бұл – кофе. Ол түрлі тарихи, сиқырға толы. Кофе мен тәттілер қосындысынан негізгі кофеин құрылады. Кофе мен тәттілер – бір философия.
Бұл философия мен өмірдің негізгі айтары: тоқта, ойынды бөл, түрлі мәселелерді ұмытып, аз уақыт болсын өмірдің қызықтарын қызықта, күш - қуатқа, қуанышқа толы өмірді жалғастыр. Бір жұтым хош иісті ыстық сусын – сергітіп, оған үлпілдеген тоқаш – бір нәзіктікті сезіндіреді. Бұл қосылыс ойынды бөліп басқа бір әлемге жетелейді.

Аңыздар Эфиопияда өсетін Арабика жайлы не айтады? Аңыз бойынша Яхин монах ешкінің бойындағы күш – қуаттындағы өзгерісті байқайды. Солайша ол ешкінің жеген жемістерінен дайындалған қара сусынды ішіп көреді. Сусынды ішіп алып, өзінің лашығында не болады екен деп күткен. Бір кезде монах өзінде бір ғажайып күш пайда болғанын сезеді. Ол жеңілдеп, сергіп қалған. Монах бұл сусынды “kewek” деп атады. Ол сергіткіш беретін дегенді білдіреді
Тарихта Шығыста қонақтарға шыныаяқ кофе ұсынып, былай деген: “Сен 10 сағат бойы мамық жастықта ұйықтағандай және 40 сарбазды қарусыздандыратындай сезінесің....”. Қазір бұл шындыққа айналды. Мықты дәм мен физикалық және психологиялық белсенділік береді.

Кофенің түрлері
1. Дәндә
2. Түйіршікті
3. Ерігіш

Chocolatle — осылайша хош иісті сусынды какао бұршағыдеп мексика халқы испандықтар жаулап алғанға дейін атаған.
Аңыз бойынша 1519 ж испан сарбаздары Мексика астанасына кіріп, патша сарайынан көптеген бұршақтар қорын тапқан. Испандықтар ақырында сусынды дайындау құрамын тапты. Мысалы: үккіштен өткен какао бұршағын ыстық суға ерітіп, бұрыш қосқан. Бірақ Европалықтарға бәрінен де патшаға дайындалған сусын ұнады. Қуырылған какао бұршағын кукуруз дәндерімен қосып ерітті, бал қосып және агава согы, ванилинмен араластырды. Какао бұршағы мен ерекше сусынның жасалу құрамын испандықтар өз патшаларына әкелді. Сусын құрамын құпияда сақтағылары келгенмен, кешікпей онымен Франция танысты, XVII ғасыр нағыз «шоколад жарылыс» болды. Лондонда 1650 жылы алғаш рет плиточный шоколадтар сатыла бастады, 1659 жылы Францияда шығарыла бастады. Француз шоколады бүкіл әлемдік рынокты жаулады. XIX ғасыр аяғында ағылшын шоколадтары біздің елімізге кіруі тоқтатылып, өз қазақстандық кондитерлері бұл тәттіні француздардан кем жасамайтындай дәрежеге жетті. Мұны қай – қайсымызда жоққа шығара алмаспыз.

КАКАО (шоколад ағашы), мәңгі жасыл теоброма тегі. Американың тропикалық ормандарында өседі. Дән құрамында алкалоид теобромин, медецинада қолданады, сонымен 50% май бар.
Оларды какао майын алу үшін қолданады (кондитерлік заттар шығаруға, дәрілік свеча жасауға, маз, ерін далабы), шоколад және какао ұнтағын жасайды
Үй жұмысы: Какао туралы жұмбақ жазу;
Шай, кофе, какао туралы аңыздар іздеп, жазу;

Басқада какао мен кофенің дайындалу ретін жазу;
Үйде өз отбасына шәй демдеп беру.
Жолдастарына какао дайындап, ұсыну.
17 322
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Технология пәні бойынша Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 5 - 9 сыныптарға арналған.
Технология пәні бойынша Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 5 - 9 сыныптарға арналған.
Технология пәні бойынша Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 5 - 9 сыныптарға арналған.
Технологиядан тақыптық жоспар
Технологиядан тақыптық жоспар
Технология пәні бойынша 5 сыныптарға тақыптық жоспар
Сусындар. Қандай?
Сусындар. Қандай?
БҚО, Орал қаласы, А. С. Макаренко атындағы № 6 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ракишева Миргуль Ерболатовна
Тамақтану физиологиясы
Тамақтану физиологиясы
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Б. Атыханұлы атындағы №36 гимназияның технология пәні мұғалімі: Бакелекова Динара Болатханқызы
Қызылша пайдасы көп
Қызылша пайдасы көп
Тақырыбы: “Қызылша пайдасы көп” Секция: биология, химия, экология Орындаған: Рыспағамбетова Көркем Жетекшісі: Таскинбаева А. Х
Көкөніс салаттарды даярлау және әшекейлеу
Көкөніс салаттарды даярлау және әшекейлеу
Атырау қаласы, Дамбы селосы, Амангелді атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Дощанова Жаңылсын Айтжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×