Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құда - құрмет

03 мам 2014, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
21 наурыз 2012 жылы қызымыз Әлия Сакенғалиқызы мен күйуеу баламыз Мараттың тойын құдалар ауылы Тараз қаласының «Жерұйық» мейрамханасында өткізіп, келесі 22 наурыз күні «Луговой» стансасына құдалыққа шақырғанда қазақтың салт - дәстүрі бойынша құдаларға арнап оқыған жыр сияпатым.
ҚҰДА - ҚҰРМЕТ.
(арнау)
Бабалар салтын сақтай жүріп ойыма,
Шығыс нұрын құйып алып бойыма.
Игіліктің ізгі жолы алға тартып,
Келіп қалдық құдалықтың тойына.

Келдік алыс кенді Алтай баурайынан,
Тарбағатай, Шыңғыс тауы қойнауынан.
Көшпенді жұрт таңнан таңға жыр ететін,
Құтты қоныс Ақ Ертіс жайлауынан.

Жыр атасы Жамбылдың елін көрдік,
Құрметпенен төріне сәлем бердік.
Ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың,
Рухы атынан жыр арнауын ала келдік.

Керей хан, Әз Жәнібек неткен зерек,
Болашақты алдын ала білсе керек.
Алаштың киелі бесігі, Ақ Ордасы,
Талас бойы екені даусыз дерек.

Қазақ жері кең сахара, өлкесі бай,
Талас, Ертіс өзендері қос бұрымдай.
Шежірелі тарихы араласқан,
Бір саулықтың егіз туған қозысындай.

Аты аңызға айналған Қарахан, Айша бибі,
Үлгі етер ғашықтықтың өшпес ңұры.
Біздің елде Қозы Көрпеш, Баян сұлу,
Махабаттың символдық мәңгі жыры.

Шежіре оқып ақтарып қарасаңыз
Қаракерей Қабанбай арғы атамыз.
Шапырашты Бәйдібек биден тараған,
Орта жүзден жиен жұртқа біз жатамыз.

Пайғамбардан бізге қалған ізі мәшһүр,
Қыз ұзату, құда болу ата дәстүр,
Байыс бабам Бәйдібек бимен құда болып,
Шоң заманнан тартылған алтын көпір.

Көк Тәңірім қолдасын істі оңды,
Құдалардың сыйын көріп көңіл толды.
Қыз өсірген аға - жеңгем толқығанмен,
Алла қолдап бір баламыз екеу болды.

Құтты орнына қондырдық қызымызды,
Бесік көрген инабатты құндызды.
Жас отаудың босағасы берік болып,
таңы болып шуақты,
көгі болсын жұлдызды.

Марат балам ақиық жас сұңқардай,
Бапкер сезер тұяғын хас тұлпардың.
Нефертити арудайын Әлиямыз,
Жазуы ғой тәңір қосқан жан сыңары.

Тәубе деймін әр күнде жаратқанға,
Әрбір пенде қол созар армандарға.
Құдалардың ауылын жиі көріп,
Төс қағысып сыйлассам арман бар ма.

Сізде, бізде отауға бақ тілейік,
Тағдыр жазған қызықты бір көрейік.
Сыйластықтан алла бізді айырмасын,
Мың жылдық құда болуды серттесейік.

Ізгі ниетпен Тілекқали
15 159
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы Конспект 15 ғасырда қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлерді қоныстанды. Қоңыраттар Түркістан мен Қаратау аралығын мекендеген. Арғындар Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда қоныс
Мұражайда
Мұражайда
Мұражайда Міне, келдік мұражайдың төріне, Өлкеміздің төл тарихын білуге. Туған жерім, туған өлкем, бұл – Тараз, Білген жанға тұнып тұрған шежіре.
Наурыз - думан
Наурыз - думан
Тәрбие сағатының тақырыбы: Наурыз - думан Менің атым – Наурыз Наурыз көже, сары уыз Алып келдім татыңыз Есік ашып, шашу шашып, Ел болып қарсы алайық.
Қош келдің Наурызым!
Қош келдің Наурызым!
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің мектепалды даярлық тәрбиешісі Қошимова Айгүл Сарсенбайқызы
Қазақ хандығының құрылуы жайында
Қазақ хандығының құрылуы жайында
Алаш халқының тұңғыш егемендік алуы
Салт - дәстүр
Салт - дәстүр
Құданың аяғына жығылу ежелден келе жатқан салт - дәстүр. Заманына қарай адамы - кейінгі кезде солтүстік көршілерден тәлім алып, дәстүрдің қазақилығын жоғалта бастағандаймыз. Құдамен төс қағысу аяққа жығылудың жалғасы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×