Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәжірбие алаңы - 2011 - білім зертханасы!

09 қазан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
«Тәжірбие алаңы-2011» -білім зертханасы!
Еліміздің бүгінгі, ертеңі – болашақ жас ұрпақтың қолында, - ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында.
Н.Назарбаев

Аудандық білім бөлімі, облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты және білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып 2011 жылдың 28-30 наурыз күндері №226 мектеп - лицейдің базасында шығармашыл мұғалімдердің «Тәжірибе алаңы-2011» атты аудандық ізденіспен жұмыс жасайтын ұстаздардың біліктілігін ұштайтын үлкен шара өткізілді.
Бұл білім додасына Қазалы ауданының мектептерінің ұсыныстарымен қатысуға үміткер білікті деген 48 мұғалім іріктеліп, олардан алдын ала мәлімет кестесі, сауалнама алынды. Білім бөлімінің шақыруымен қатысатын бұл мұғалімдер

«Менің педагогикалық көзқарасым», «Менің ұстаздық ұстанымым» деген тақырыптарда эсселерін әдістемелік кабинетке жібергеннен кейін қатысушылардың шығармашылық жұмыстары бойынша ақпанның аяғында білім бөлімінде арнайы шара ұйымдастырылып, әдіскерлер қатыса отырып, іріктеу жасалып жақсы шығармалар жинақталып арнайы жинақ кітапша шығарылатын болды. Әр бір қатысушы бірнеше бағыттағы өз жұмыстарын алып келуге тиісті еді. Сонымен қатар, мұғалімдер топтарға бөлініп, әр топқа топ жетекшілері тағайындалды. Жұмыс кезінде аралас топтар құрылып, барлық қатысушылар үлкен топтарға біріктірілді.
Шығармашылық шеберханалар ұйымдастырылып, онда практикумдар мен тренингтер арқылы қызықты шеберлік сыныптар өткізіліп, шебер ұстаздар өзінің озат тәжірибелеріменен бөлісуге жағдай жасалды.

Осы наурыз айының 25 күні, мен, № 24 мектептің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қазанбай Ғалия Тілектесқызы Тәуелсіздігіміздің 20-жылдық мерейтойына арналған Аудандық «Жыл мұғалімі - 2011» байқауына қатысып осымен екінші рет
(бірінші рет 1999жылы «Бас жүлде»алғанмын) қатысып ауданның «Ең үздік орыс тілі мұғалімі» атанып «Бас жүлде»жеңіп алғанмын .Осы және басқа да жетістіктерім ескеріліп мектеп әкімшілігінің ұсынысымен менің «Аудандық шығармашыл мұғалімдердің тәжірибе алаңына» баруыма мүмкіндік туды.

Алдын ала барлық осы жобаға қатысушы мұғалімдер 11 наурыз күні №266 мектеп-лицей базасына шақырылып, оларды бір-бірімен таныстырып, сол жерде іріктеліп 5 топқа біріктірілді. Мен, бесінші, № 94мектеп мұғалімі Жақсылық Әлібек бастаған топқа мүше болдым. Біздің топ аудан, облыс, республика көлемінде аты шыққан мұғалімдерден жасақталған екен. Олар: жас та болса шығармашыл әрі ақын Қуатбай Ақнұр қазақ тілі пәні мұғалімі №102мек, Шеберлігімен жан-жақтылығымен көзге түскен білікті жас маман - технолог Елкен Гулайра №225 мектеп, озат тәжірибесі мол білікті бастауыш маманы республикаға танымал мұғалім Өтегенова Айгүл № 165 мектеп және Алғашқы әскери даярлық пән мұғалімі болса да компьютерді жетік меңгерген, аты республикаға мәлім болған, жаңадан қарумен көздеу құралын ойлап шығарған ізденімпаз –ұстаз Жақсылық Ә. №94 мектеп мұғалімдері.

28 наурыз күні-ақ Тәжірибе алаңы өз жұмысын қарқынды бастап кетті.
Біз өз тобымызға «Білім бағбандары » деп ат қойып, ұран, төс беліміз, қабырға газетімізге дейін жасап алдық...
XXI ғасыр талабына сай, жаңа әрі зәулім сарайдай № 226 мектеп –лицейде «Тәжірибе алаңының» ашылу салтанаты өте керемет басталғаны сонша, біз, мұғалімдер, алдын ала аса жоғары жауапкершілікті еріксіз сезіндік. Жобаның басталуына оң сапар тілеп облыстық «Дарын»орталығының меңгерушісі А. Ләпбаева, аудандық білім бөлімінің бастығы Қ. Нақан, кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Сағымбаева ашып берді.

Бірінші сәттен ақ топтар барынша тартымды етіп өздерін таныстырып, топтарына презентациялар жасап, қойылымдар қойып көзге түсуге тырысты. Кейінгі байқауларға әр бір топ мүшесі түгел қатысуға бел байлап, сол арқылы әр бір топ мүшесі өзіне балл жинауға кірісті .Ол үшін мұғалім идеялар аукционына, оқу-әдістемелік кешенге, панорамалық сабақтар байқауына, мұғалімнің электронды портфолио жарысына, авторлық бағдарлама, жас мамандар олимпиадасына, брейн-ринг, шеберлік сыныптар, тәжірибе алмасу семинары, топтардың шығармашылық шеберханасы, қала берді «Ұстаз мәртебесі», «Қазіргі заман ұстазы бұрынғы ұстаздардан беделді ме?» деген тақырыптарда қызу қанды пікірталас - дебаттар болды. Осы екі күн барысындағы барлық стрестік психологиялық тренингтер арқылы ұмытып, балаша байбалам салып спорттық жарыстарға қатысып, денсаулық сағаттары да ұйымдастырылды. Ең қызығы КТК көңілді тапқыштар клубы барысында болды.

Біздің топ «Бір кемеде» атты қойылымымен мектептерде кездесетін келеңсіз оқиғаларды әзіл –сықақ көрсетілім арқылы жеткізіп көрермендер көзайымы болдық, топтар көңілді сұрақтарға әзілмен жауап беріп Қазалы мұғалімдерінен керемет КТК тобы жасақталуға мүмкіндік бар екенін дәлелдеді. Бір айта кететін жәйт, мен 20жылдык стаж жинақтаған ұстаз болсам да осы үш күн барысында қайта институт бітіріп шыққандай сезімде болдым, себебі барлық іс-шараларда тек қатысып қана қоймай біз көптеген әдістемелік кеңестер алып отырдық.

Мысалы электронды портфолио байқауы барысында әдістемелік кабинет меңгерушісі Б. Орынбас көптеген ақыл кеңес беріп, бізге портфолиолар үлгілерін көрсетіп тәжірибе алмасуға көп мүмкіндік жасады, ал оқу әдістемелік кешен сайысы барысында әдіскер Б. Калымбет, Қ Қожалепес төреші болғанымен шектелмей ұстаздарға мастер –класс жүргізіп түсініксіз жерлерін барынша ашып жеткізіп берді. Өз басым облыстан келген «Дарын» орталығының меңгерушісі Ақмарал Ләпбаеваның қатысушылардың жұмыстарын сауатты әрі әділ талдағанына өте ырза болдым, осындай тура әрі білікті әдіскер сынаған кезде нағыз білімді ұстаздарға күш біткендей шабыттана жұмыс атқарды деп ойлаймын.Бұл кісіге ауданның барлық ізденімпаз ұстаздарының атынан алғыс білдіреміз.

Ал облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының менеджмент кабинет меңгерушісі С. Құсайыновтың өткізген кәсіби біліктілікті арттыру жолдары - шеберлік сабақтары бізге білім беру ісіне жаңаша көзқараспен қарауға негіз салды. Әсіресе бұл кісінің менің баяндамамды талдап, кемшіліктерін көрсетіп жетістіктерін атап көптеген кеңес бергендігінің арқасында «Реализация интегрированного подхода в изучении творчеств Пушкина и Абая в условиях 12-летнего обучения» атты баяндамам «Қазақстан мектебіндегі орыс әдебиеті» атты журналының 2011жылғы №2 басылымында жарық көретін болды. Және де өлең шығармашылығымды тыңдап, аудармаларыма талдау жасап кітап ретінде шығару үшін авторлық құқық қорғау жолдарын айтып тәжірибелі ақынға көрсетіп пікір алу қажеттілігін айтты. Осындай кеңес беретін әдіскерлер жиі келіп тұрса деген ұсынысым бар.

Осы екі күн барысында мұғалімдерге барлық жағдай жасалып ;мезгілімен ысық тамақ түрлері, интернат жайлы орындарымен қамтамасыз етіп жайбырақат жұмыс жасауға мүмкіндік берді.(Осы мақаламды пайдаланып барлық осы іске қатысты азаматтарға алғыс айтамыз!)

Соңғы, үшінші, қорытындылау күні де біз тыныштық таппадық. Аудандық тәжірибе алаңы жұмысының қорытындысы: дөңгелек стол болады дегенменен жұмыс әлі аяқталған жоқ. Осы күні топтардың шығармашылық шеберханасы, дәлірек айтқанда көрме жаңа №226 мектеп-лицейдің кең фоэсінде орналасты, және оны ауданның мектептерінен келген мұғалімдер тамашалады. Ең соңғы бізге жүктелген іс-шара берілген тақырыптар бойынша жоба қорғау еді (бұл топтық жұмыс еді).

Бұл жолы топтар «12 жылдық мектеп қандай болу қажет», «Болашақ мұғалімі –шығармашыл ұстаз!» т.б. тақырыптарда жоба қорғаса, біздің «Білім бағбандары» тобымыз Ұстаз қай заманда да ел алдында жүретін қауым, интеллигент, ой-өрісі биік, соғыс кезінде де бейбіт кезінде де ауызбірлікке, қауымдастыққа шақыратын лидер екенімізді алға тартып Ел президентінің сайлау науқанына «Нұр тұлғалы Нұр ағама» атты өлеңімді ұсынып өз жобамыз ретінде қорғадық.

Жоба қорытындысы бойынша біздің «Білім бағбандары» тобымыздың барлық мүшелері облыстан келген төрт «Грамотамен», бес « алғыс хаттың» - барлығы тоғыз марапаттың бесеуін иемденді. Ал барлық топ мүшелері шығармашылық алаңына қатысып шеберлік танытқаны үшін облыстық және аудандық «Мақтау қағаздары», «Алғыс хаттарын» алып осындай игі шараны ұйымдастырған аудандық білім бөлімінің бастығы Қ. Нақан, кәсіподақ ұйымының төрайымы Е. Сағымбаеваға, әдістемелік кабинет меңгерушісі Б. Орынбасқа, әдіскерлер Ж. Сәрсенбай мен Қ. Тайпақоваға жәнеБ. Қалымбетке, Қ Қожалепесовқа, А Тілеуімбетовке шын жүректен алғысымызды айтамыз.

Биылғы 2011 жылы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойына тарту ретінде 20 түрлі іс –шара, байқауларға толы, солардың ішіндегі ең салмақты да маңыздысы, менің ойымша, осы ауданымызда ең алғашқы өткен «Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тәжірибе алаңы» Осы жемісті жеңістеріміз, Жүйелі істеріміз Қазақстан Республикамыздың Тәуелсіздігіне арналған аудан мұғалімдерінің атынан тартуымыз дегім келеді!»
9 367
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы
Инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы
2020 жылдың 28 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми - педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты «Инклюзивті білім беру: мәселелері мен болашағы» тақырыбында оn - line режимінде
Мен қандай ұстазбын (эссе )
Мен қандай ұстазбын (эссе )
Текелі қаласы, № 5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Биембаева Жанар Бақытқызы
Ұстаздық ұлы жол
Ұстаздық ұлы жол
Ұйғыр аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлзия Алшынова
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасы бойынша тест сұрақтары жауабымен
ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасы бойынша тест сұрақтары жауабымен
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Каржаубаев Руслан Мулдабаевич
Каржаубаев Руслан Мулдабаевич
Аты - жөні, әкесінің аты: Каржаубаев Руслан Мулдабаевич Байланыс ақпараты Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Қ.Пірімов көшесі №16 үй, 4 пәтер тел. 8(72438) 21-8-93; ұялы тел: 8-702-834-76-14, 8-777-238-44-02 e-mail:
Көбейту кестесі
Көбейту кестесі
Бұл жинақтан көбейту кестесін таба аласыздар.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×