Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дарынды балаларды анықтау және ұйымдастыру жолдары

21 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
«Дарынды балаларды анықтау және ұйымдастыру жолдары»

«Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат, қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек» (Н. Ә. Назарбаев)

Дарынды балалармен жұмыс білім мекемелері мен мемлекет қолдауын қажет ететін үздіксіз процесс. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуын және адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі.

Тарихта, халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып, таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарынды қабілеттер әрқашан жоғары бағаланған. Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - білімді де, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Дарынды балаларға білім беру әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан ерекше балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Дарын дегеніміз адам бойында негізінен ана сүтімен, ата тегімен даритын құбылыс екенін өмір тәжірибелері дәлелдеп отыр.
Дарындылық - белгілі бір іс - әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі.
“Дарындылық” ұғымы “сый” (“дар”) деген сөзден шыққан, дамудың қолайлы ішкі алғышарттарын білдіреді.
Н. Ожеговтың сөздігінде дарындылық “табиғаттан берілетін ерекше қабілет”деп түсіндіріледі.

Дарындылық пен қабілеттілік ұғымдары өткен ғасырдың 40 - 50 жылдарында психолог Б. Тепловтың еңбектерінде толығырақ зерттелді. Оның дәлелдеуінше, белгілі бір іс - әрекетті жүзеге асыруда қабілеттіліктің бір ғана түрі жеткіліксіз, сондықтан бірнеше түрлерінің жиынтығы қажет болады. Белгілі бір іс - әрекеттің ұтымды орындалуына тікелей әсер етуші қабілеттіліктің ерекше сапалық жиынтығын дарындылық дейді ғалым.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, балалық шақта байқалатын, табиғи нышандардың ойдағыдай қиысып келуінен туындайтын қабілеттің жоғарғы түрі “дарындылық”деп аталады. Қабілеттің осы түрінің сыры ғылымда әлі толық ашылмаған. Дегенмен дарындылықтың жоғары жүйке қызметінің тума типіне байланысты болып келетін кейбір ерекшеліктері белгілі болып отыр.

Осыдан 200 - жылдай бұрын Германияда “Кристиан фон Шенах жазып алған любектік төрт жасар дарынды бала Кристиан Генрих Хейнекеннің өмірі, іс - әрекеті, саяхаты мен өлімі” деген кітап жарық көрді. Дарынды балалар жөнінде жазылған алғашқы кітап осы болатын. Туғанына он ай толмай жатып Генрих суреттегі заттарды айырып атай алды, үш жасқа келгенде ертегілерді өзі оқып, арифметиканың төрт амалымен есеп шығаруды, көп ұзамай француз тілін үйренуді меңгеріп, географиядан жақсы мәліметі болды, мыңнан астам латын мақалын білді. Генрихтың даңқы әлемге жайылып, оны Дания королі қонаққа шақырады. Бірақ көп ұзамай сәби төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс болады. Бұрын да қазір де мұндай балалар өмірде көптеп кездесіп отырады.
Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған. Адамның психологиялық ерекшеліктері туралы ерте кезден бастап зерттеліп келеді.

Ертедегі Қытайда дарынды балаларды “Шэнь тон”, яғни киелі бала деп атаған. Батыс хан патшалығында жалпы дарындыларды іріктеп тәрбиелейтін әдістемелік “Тоңцзыкэ” деп аталатын арнайы ереже болған және ол арнайы бөлімнің қызметін атқарған.
Әлем және қазақ тарихынан біз, Моцарт, Рафаэль, Пушкин, Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов сынды дарынды адамдар өткенін білеміз. Қазіргі кезеңде де талай талант иелерінің қасиеттері туралы материалдарда жарыққа шығып жатыр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 659
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Талантты және дарынды балаларды анықтау және оқыту жолдары
Талантты және дарынды балаларды анықтау және оқыту жолдары
Дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолдарын іздестіру, оларды оқыту әдістерін зерделеуге көмектесу
Дарынды балалармен жұмыс
Дарынды балалармен жұмыс
“Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы балалардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Сондықтан садигіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан - жақты дамытудың алғы
Дарынды оқушымен жұмыс ұйымдастыру жолдары
Дарынды оқушымен жұмыс ұйымдастыру жолдары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Алтынсарин орта мектебінің педагог - ұйымдастырушысы Шәудірбаева Гүлнар Иманғалиқызы
Дарынды балалармен және үлгермеуші оқушылармен жұмыс
Дарынды балалармен және үлгермеуші оқушылармен жұмыс
Ақтөбе қаласы, Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі Карамурзина Шолпан Ондасыновна
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
Шаукебаева Индира Актасбаевна А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×