Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз қауіпсіз әлем үшін

03 қазан 2019, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Біз қауіпсіз әлем үшін»
Мақсаты:
Білімділік: Төтенше жағдайларда іс - қимылдарын ұйымдастырудағы білімді үгіт - насихаттауды күшейту мақсатында – болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсетуге үйретудің қарапайым жолдарын меңгерту;
Тәрбиелік: Өрттен, жер сілкінісі, зардап шегушілерге қамқорлық жасап, әдепті болу, жедел жәрдем келгенге дейін зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету;
Дамытушылық: Топпен жұмыстануға дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: Топпен жұмыс.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ жауап, көрнекілік, сахналық көрініс.
Құрал - жабдықтар: ACTIVBORD интерактивті тақтасы, өрт сөндіру құралдары.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру (амандасу)
II. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтып кету.
III. Өрттердің пайда болу себептері, қауіпсіздік шаралары туралы түсінік беру; (Слайдпен жұмыс, видео - ролик көрсету).

ІY. Топпен жұмыс (Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді)
1 - жүргізуші:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кейінгі жылдары болған оқиғалар табиғи зілзалалар мен техногенді апаттардың алдын алу мен залал зардаптарын еңсеруде жан - жақты көмектесу мен келісілген іс - әрекеттерді жүзеге асырудың қажеттілігін паш етті.
2 - жүргізуші:
Осы салада тұрақта сенім жүйесін қалыптастыру үшін шұғыл ақпараттар алмасуды жолға қою айрықша маңызды. Кейде қажетті мәліметтердің болмай жататыны жүздеген мың адамдар үшін қайғы – қасіретке ұласатынын зерделеу ауыр – деді Елбасы.
1 - жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің «Төтенше жағдайларды ескерту және іс - әрекеттер бойынша халық пен мамандарды оқыту жүйесін құру жөніндегі шаралар туралы» 1993 ж 30 қыркүйек № 969 Қаулысында сейсмо қауіпті аймақта орналасқан барлық нысандарда тоқсан сайын сейсмо жаттығу өткізу белгіленген.
2 - жүргізуші:
Осы мақсатта біздің ұсынып отырған сабағымыздың тақырыбы «Біз қауіпсіз әлем үшін» деп аталады.
«Өрт қауіпсіздігі» атты видео - ролик тамашаланады.

1 - кезең: Сұрақ - жауап: (Екі топқа сұрақтар беріледі).
1 - топқа.
1. 2003 жылы 14000 шамасында өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Одан 1000 – дай адам зардап шегіп, 560 - ы қаза болды. Тұрғын үй секторындағы өртттің негізгі себептері: электр өткізгіштің тұйықталуы, қараусыз қалған қыздырғыш приборлары, жылыту пештерінің приборлары, жылыту пештерінің ақаулығы, балалардың отпен ойнауы... Осы аталған жағдайларды болдырмаудың жолдары. (Оны болдырмаудың жолдары қандай? ).
2. ҚР ең алғаш төтенше жағдайлар министрі кім болған? (Заманбек Нұрқаділов)
2 - топқа.
1. Өткен жылғы мәліметтер бойынша автожол үстінде 10500 - дей көлік апаты мен жол оқиғасы тіркелді, бұдан 14000 – дай адам зардап шекті. Оның ішінде 1900 адам қаза болған. Автожолдардағы апаттылықтың жоғарғы дәрежесінің негізгі себептері – көлік құралдарының техникалық күйінің нашарлауы, жүргізушілердің дайындығы мен тәртібінің төмендеуі.(Оқушылар жауаптарын береді).
2. Табиғи және техногендік апаттарға нелер жатады? (жер сілкінісі, боран, сел, қатты дауыл, бұрқасын ------ жол - көлік оқиғалары, электр бағандары, газ баллоны жарылуы)

ІІ кезең: Бақытсыздық жағдайы аяқ астынан белең алуы мүмкін сондықтан да қандай жағдай болмасын алғашқы көмек көрсетуге әрбір азамат дайын болуы тиіс.
Осы орайда оқушылардың өздерінің тобына байланысты төтенше жағдайға ұшыраған кезде көрсететін көмектеріне кезек береміз: (көрініс)
1 - топ. «Алғашқы өрт сөндірушілік көмек».

2 - топ. « Өрт кезінде күйген адамға алғашқы көмек көрсету»
(Көрініс түрінде көрсетіп, жауаптарын түсіндіріп айту).

ІII. Тест жұмысы. (Дұрыс жауаптарын белгілейді)

1. Бүкіләлемдік « Азаматтық қорғау күні»
а) 1. 01.
в) 1. 02.
с) 1. 03.
2. Егер үйіңде өрт болып қалса қай номерді тересің?
а) 102;
в) 103;
с) 101.
3. «02» номерін тергенде кімге телефон шалып жатырсың?
а) дәрігер;
в) милиция;
с) газ.
4. Егер иісін сезсеңіз қай номерді тересіз?
а) 104;
в) 102
с) 103.
5. Егер жақын адам немесе өзің күрделі жарақат алсаң қай номерге хабарласасыз?
А) 101
в) 103;
с) 102.
ІҮ. Ситуациялық жағдайдан шығу:
Апат айтып келмейді. Табиғаттың тосын құбылысын болжай отырып алдын алу шараларын жүргіземіз. Оған сіздің де дайын болуыңыз шарт. Табиғат апаты кезінде өзіңді де, өзгені де құтқар дегім келеді, - дей отырып ситуациялық жағдайдан шығу жолдарын қарастырайық.

1 топқа: 1. Сендердің үйлерің өзен немесе көл жағасында орналасқан болса, онда көктемде су тасқыны болды делік, сендердің іс - әрекеттерің?
2. Тауға саяхатқа шыққанда шатыр, шелек, балта, ыдыс, тамақ, жылы киім алып шықтың. Сұрақ: нені тастап кеттім деп ойлайсың?
2 топқа: 1. Кешкі жаңалықтардан таңғы сағат 4. 00 де жер сілкінісі 6 баллға болатынын хабарлады. Үйіңде өзіңнен ересек ешкім жоқ, 4 кішкентай бауырың бар, сендердің іс - әрекеттерің?
2. Ғимараттың ішінде отырғаныңда жер сілкінісін байқадың, сендердің іс - әрекеттерің?
Қорытындылау
31 002
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Төтенше жағдайлар
Төтенше жағдайлар
Табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру. Төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсете білудің қарапайым жолдарын меңгеру.
Өрт – тілсіз жау
Өрт – тілсіз жау
Өрт қауіпінен сақтану жайлы мағлұматтарын кеңейту, Электр құралдарын дұрыс қолдану жайлы білу. Қауіпсіздік ережелерін білу, есте сақтау
Жер сілкінісі кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі
Жер сілкінісі кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі
Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болган қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтықты таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.
Азаматтық қорғаныстың хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібі
Азаматтық қорғаныстың хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібі
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тана мырза орта мектебі Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы: Байназаров Айдын Айтқалиұлы
Азаматтық қорғаныстың хабарлау жүйесі
Азаматтық қорғаныстың хабарлау жүйесі
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тана мырза орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні оқытушы - ұйымдастырушысы Байназаров Айдын Айтқалиұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×