Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Биология пәні сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту

08 мам 2015, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
биология пәні мұғалімі Куанбекова Ж.Ж.

Биология пәні сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту

Аннотация
В данной рассматриваются вопросы изучения технологии критического мышления через чтение и письмо на уроках биологии.
In this article consider the problems of technology trial thinking through reading and writing at the biology lesson.

Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің ең бірінші міндеті – сын тұрғысынан ойлайтын және ақпарат ағындарына бейімделуге қабілетті адамдарды дайындау». Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы оқыту мен оқуды дамыту үшін өзекті болып отырған жетекші заманауи педагогикалық ұғым. «Сын тұрғысынан ойлаудың маңызды ерекшеліктерінің бірі оның пайымдауларды талдауға және құрлымдауға, кәсіптік қызмет саласына тәуелсіз білім алуға үйретуінде. Оның шеңберінде «қалай?», «қашан?» және «неліктен?» деген сұрақтар қаралады».

«Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», - деп Ж. Аймауытов айтқандай, болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана екенін дәлелдеу. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының кез келген стратегиялары құнды әрі бағалы. «Ой шақыру», «Семантикалық карта», «Венн диаграммасы», «Ортада қаламсап», «Кубизм» т. б стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып ынталандыра түсері сөзсіз. Өзін – өзі бағалай білу стратегиясы да оқушылардың күш жігеріне сенімділік береді. Сыни тұрғыдан ойлау – сынау емес шыңдалған бірін – бірі толықтырған ойлау деуге болады. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту.

Биология және география сабақтарын « Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы негізінде құрып оқыту тәсілін іс – тәжірибеме енгізу нәтижесі жеткіншектер бойында мынадай іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқатты:
- әрбір оқушы өзінің жеке ойымен өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді;
- ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді;
- өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;
- өздеріне пайдалана алады;
- жаңа мағынаны өз ізденісі арқылы табады;
- өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі.
Жаңа педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту.

Енді Абай атамыздың мына өлең жолдарынан үзінді келтіргім келіп тұр:
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға – деп айтқандай қай ұстазды алсақ та, қайтсем алдымда отырған балаға жан – жақты терең білім беремін деп, оқытудың, үйретудің әртүрлі әдістерін іздестіреді.
Сабақ барысында кейбір оқушыларда қиыншылықтар да кездеседі. Бала сөйлеу үшін не істеу керек? деген сұраққа жауап ретінде тек сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы ғана береді. Бұл бағдарламаның стратегиялары оқушының ойлауын дамытуға, өз пікірін тұжырымдап айтуға, батыл сөйлеуге, көпшілік ортасында өзін еркін ұстауға, өзіне сенімді болуға үйретеді..[3]
Практикалық сабақтар болмаса, ғылыми – танымдық мәтіндер мен жұмысқа арналған кез – келген теориялық сабақ «Түртіп алу», Білемін. Білгім келеді. Үйрендім. сияқты стратегияларды қолданған кезде тіптен оқушылардың қызығушылығын арттырады. 7 - сыныпта « Құлқайыргүлділер тұқымдасы» тақырыбын өткенде, Білемін. Білгім келеді. Үйрендім. бағыты бойынша кестені толтырамыз.

Б
1. Жемісі құрғақ - қауашақ немесе бір тұқымды жаңғақша.
2. Құлқайыргүлділер - тұқымдасының өкілі мақта.
3. Мақта тұқымынан мақта майы, мақта мамығы, тағамға және техникалық мақсатта қолданылады.
4. Өзбекстанда өседі

Б
Шит талшықтары таза жасунықтан (клечатки) тұрады.
Өте ширатылған сондықтан тоқыма материалы ретінде пайдаланады.

Ү
Құлқайыргүлділер тұқымдасынан 9 тұқымдас бар екендігі.
Баобаб - құлқайырға өте ұқсас ағаш текті өсімдік.
Мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын көсек дейді.
Шитті мақтадан таза мақта өндіріледі.

«Өсімдіктердің көптүрлілігі» деген тақырыпты өткенде мәтінді бөліп жазу стратегиясында өз ойларын көрсете біледі. Онда оқушыларға өсімдіктерді қорғау үшін қандай шаралар қажет? деген проблемалы сұрақ берілген болатын. Эссе жазу кезінде «Өсімдік табиғаттың бір бөлігі, қоршаған ортаны, өсімдікті қорғауымыз керек. Егер айналамызда ағаштар, гүлдер болмаса, қаламыз әдемі болмас еді. Олар бізге сұлулық сыйлайды. Егер мен үлкен бизнесмен болсам, өсімдіктерді қорғауға арнайы қаржы бөлер едім. Өсімдіктерді қорлаған адамдарға тиісті айыппұл тағар едім» деп өз ойларын ашық айта алады.
6 - сыныпта «Жануарлардың көбею ерекшеліктері» тақырыбы бойынша үй тапсырмасын сұраған кезде семантикалық картаны пайдалануға болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 083
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау деген не?
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. «Оқу, жазу, ойлау, сөйлеу сияқты іс - әрекеттерді үйрену белсенділікті, тапқырлықты, өз ойын жеткізе білуді қалыптастыру»
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Greenhouse gases and climate change
Greenhouse gases and climate change
To teach pupils to speak about ecological problems in oral speech and in writing, to get full information trough reading and listening.
Сыни тұрғысынан ойлауға және жазуға үйрету
Сыни тұрғысынан ойлауға және жазуға үйрету
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы № 3 орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Туреева Майсагүл Ашықбайқызы
Сын тұрғысынан ойлау
Сын тұрғысынан ойлау
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Макенова Анар Кайратовна
Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту модулі сабақтар топтамасында
Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту модулі сабақтар топтамасында
Кенжебаева Бибинур Ормантайқызы Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Абай атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×