Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту модулі сабақтар топтамасында

02 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: «Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту» модулі сабақтар топтамасында.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің да сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 49 - бет)
Сабақтар топтамасының жалпы мақсаты: Орыстың белгілі ақыны А. С. Пушкиннің өмірбаяны, шығармашылығы туралы деректерге сүйене отырып, топта бірігіп жұмыс істеу, білімдерін жүйелеп қолдану, жауаптарын дұрыс, нақты тауып айтуға қалыптасу, ақпарат талдау дағдысын қалыптастыру, адамгершілік сезімдерге тәрбиелеу, сыни тұрғыдан ойлауға үйрену, ақпаратты өз бетінше іздеуге бағыттау, ой қорытуға дағдылану.

Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешім қабылдауға, ойлау және іс - әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. (49 бет)

Сыни тұрғыда ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыда ойлауын дамыту. Бағдарлама өзара бұл байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды.

Сабақ барысында белгілі бір модульді іске асыру үшін оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып оқушыға қалай оқу керектігін үйрету қажет деп ойлаймын. «Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. «Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, ойлау нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:
- білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
- жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;
- міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;
- нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.

Оқушылардан оқуды талап еткен кезде мұғалім өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс, сондықтан мұғалім оқу ортасын құруы керек, сонда оқушы ақпаратты енжар қабылдамайды, оқу үдерісіне белсене қатысатын болады. Әр сабақтың үдерісіне белсенді қатысу арқылы оқушылар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір - біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. Олар тәуекелге барудан қорықпайды, ойлауға түрткі болатын түсініктемелер жасайды, жетекші сұрақтар қояды, өз идеялары мен жолдастарының идеяларын талдай отырып, проблемаларды шешу жолдарын баяндайды. «Жаңаны білгісі келу» олар үшін маңызды қадам. Осындай жұмыстар жүргізілуі кезінде белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
25 511
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тамды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есенова Дамира Балтабекқызы
Сыни тұрғысынан ойлауға және жазуға үйрету
Сыни тұрғысынан ойлауға және жазуға үйрету
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы № 3 орта мектеп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Туреева Майсагүл Ашықбайқызы
Сын тұрғысынан ойлау
Сын тұрғысынан ойлау
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Макенова Анар Кайратовна
«Сыни тұрғыдан ойлау» модулі бір сабақта
«Сыни тұрғыдан ойлау» модулі бір сабақта
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқытушысы Гульнара Есенгельдиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×