Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың ұлттық қолөнері

18 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Технология
Қазақтың ұлттық қолөнері арқылы оқушының шығармашылығы мен ізденімпаздығын қалыптастыру жолдары

Қай халықтың болмасын ұлттық мұрасы, халықтың қазынасы - қолөнері болып табылған. Халық шеберлері ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этикалық және мәдени ұлттық дәстүрін көрсете білген. Зерттеліп отырған жұмыста халқымыздың қолөнерінің бір ғана қырын ала отырып, қазақ қолөнерінің ұлттық ерекшелігімен сол қолөнердің заман ағымымен дамып келе жатқандығы негізгі арқау болған.

Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнерді өткен ғасырда жоғалтып ала жаздап, егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, салт - дәстүрімізді, рухани сән - салтанатымызды, ырым - наным, әдет - ғұрып, тұрмыс - тіршілік болмысымызды қайта жандандырып, қазақ қолөнері қайтадан ел арасына, білім ордасына бірте - бірте тамаша үлгілерімен еніп, оқушыларға жан - жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отыр. Әрине бұл халықтық педагогика негізі болып табылады. Қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтық педагогика – бұл кезде педагогтар қауымына ғана емес, бүкіл қауымға ортақ әлеуметтік қозғалыс. Халықтық педагогика кешегі ойшылдар мен сал - серілерден, шешен - билерден, ақын - жыраулардан мирас болып қалған құнды тәрбие құралы. Ұлттық педагогика жаңалық емес, ол ежелден халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тәлім - тәрбие мектебі.

Табиғат адам өміріндегі ең керекті қазына көзі. Табиғи материалдармен жұмыс шәкірттердің ой - өрісін дамытуға, әсемдікке дене бітімінің сымбатты болып өсуіне психологиялық дамуына және отаншылдық рухқа баулуда үлкен әсерін тигізеді.
Табиғи материалдардың түрлері өте көп, оны пайдаланып өңдеу, оқушылардың жұмыс барысында өз білімдерін кеңейтеді.
Болашақ ұрпақтың сана - сезімін, ұлттық психологиясын, оны ерте замандағы ата - бабалар салт - дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Ұлттық педагогиканы насихаттауға қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол. Сонымен технология сабақтарында қолөнерге үйрету арқылы тәлім - тәрбиені оқу — тәрбие процесіне арқау ету қажеттігін күн тәртібі туындатты.
Табиғи материалдардың бірі жүн. Жүнді пайдалану арқылы қолөнер бұйымдары: киіз басу, сырмақ сыру, текемет, алаша және ұлттық киімдер мен кілем тоқу сияқты күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келе жатқан сондай дәстүрлі колөнер үлгілерін жаңаша әдіс - тәсілдерін үйрету - оқушыны еңбексүйгіштікке, әсемдікке талпындырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық колөнер өзінің тарихы терең, мазмұны сан қилы ерекшеліктерімен болашақ жастарға рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсері сөзсіз.

Сәндік қолөнерге үйреткенде белгілі шеберлердің туындыларына талдау жасап, мүмкіндігі болса еңбектерін көрсетіп, мұражайларды аралатып немесе шеберлердің жеке көрмелеріне апарып, оқушылардың қызығушылығы мен ой - өрісін ояту қажет деп санаймыз.
Оқушыларға тәрбиелік мәні бар халықтық мұралар аз емес. Қазақ халқының өнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып, бұрынғысымен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық енерді сүюге, кұрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбеккер, жан - жақты жетілген азамат етіп тәрбиелейді, оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін, пәнді оқып үйренуге деген ынтасын, құштарлығын арттыру, қазақ колөнерін жас жеткіншектердің санасына жеткізудің құралы.
Ою - өрнекке мән беруге үйрену арқылы астарлы ойлау қабілетіміз қалыптасады.
Қолөнерді игеру арқылы кез келген істі төзіммен аяқтауға жаттығамыз және еңбек етуге үйренеміз.
31 039
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлағат болсын ұлыма, ғибрат болсын қызыма
Ұлағат болсын ұлыма, ғибрат болсын қызыма
Жезқазған қаласындағы жалпы білім беретін №10 орта мектебінің бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімі Шалмагамбетова Гаухар Мейрамована
Сіріңке талынан қылқобыз жасау
Сіріңке талынан қылқобыз жасау
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Новенький орта жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы: Елюбаев Мадияр, Жылқыайдаров Рустам Жетекшісі: Бейбіт Маратұлы Муканалиев, технология пәнінің мұғалімі
Қазақтың ұлттық қолөнері арқылы баланың шығармашылығын, ізденімпаздығын дамыту
Қазақтың ұлттық қолөнері арқылы баланың шығармашылығын, ізденімпаздығын дамыту
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін мектептің технология пәнінің мұғалімі Қалдыбаева Алмажан Тлеубаевна
Құрақ құрау әдісі
Құрақ құрау әдісі
№20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі»ММ Технология пәнінің мұғалімі Тұңғатарова Мирамгүл Қуанышовна
Жүннен жасалған бұйымдар
Жүннен жасалған бұйымдар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бөріқұлақова Ботакөз
Ұлттық тағылымды ұмытпайық
Ұлттық тағылымды ұмытпайық
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жолдыбаева Зәуре
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×