Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту

25 ақпан 2018, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Шығармашылық жоба тақырыбы: «Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту»

Мазмұны:
І. Кіріспе
• Мақсат, міндеті.
ІІ. Негізгі бөлім
• Мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің маңызы
• Ойын арқылы балаларды жан жақты тәрбиелеу
• Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс - әрекет
• Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындар
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
ІҮ. Қорытынды.
Ү. Қолданылған әдебиеттер

Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту
XXI - ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан - жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата - ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне тәрбиешілердің маңызы зор. Балаларды тәрбиелеуде ойын әдісінің маңызы көп. Ойын дегеніміз — жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.

Мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым - қатынасы, мінез - құлық көріністері олар өсіп - есейгенде де жалғасы береді.
Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады.
Баланың ойын кезіндегі қимыл - қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым - қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным - түсінік, мінез - құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді.
Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.
Ойын түсінігі.
Адам іс - әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс - әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс - әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс - әрекеттер бала үшін қызықты.

Балаларға ақыл - ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.

Мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің маңызы
Мемлекеттік тілге үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын іріктеу кезінде бірқатар принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің бірі — тәрбие мен оқуды бірыңғай үрдіске біріктіру. Бұл тіл дамыту қазақ тілі сабақтарының негізгі мақсаты ретінде ғана болады дегенді білдіреді, алайда сабақта шешілетін міндеттер бұл мақсатпен шектеліп қалмайды.

Ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс - әрекет
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір - бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.

Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық, ұлттық ойындар
Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасауға болады:
- ойын - тәрбие құралы, ақыл - ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
- ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
- ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
- эстетикалық тәрбие беру - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.
- еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
- дене күшінің жетілуіне көмектеседі - ойын баланы жан - жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту
Міндеттері:
- ойынның тәрбиелік аспектілерінің теориялық негіздерін зерттеу;
- ойын түсінігін ашу;
- мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің маңызын көрсету;
- ойын арқылы балаларды жан жақты тәрбиелеуді талдау;
- ойын – балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс - әрекет ретінде зерттеу;
- ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындарға сипаттама беру;
- қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық - қозғалыс белсенділігін арттыру;
- қызығушылығын қалыптастырып, дамыту;
- ойын – баланың білім - білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы ретінде қарастыру.
Зерттеу болжамы:
Мектеп жасына дейінгі немесе мектепке дейінгі мекемелерде ойын әдісі тәрбиелеу және оқытудың басты нәтижелі құралы болып табылады, сондықтан да оларды жетік зерттеп игеру арқылы ғана, қарастырылып жатқан жастық шақта тәрбие жұмысының нәтижелілігіне жетуге болады.

Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Балдырған» балалар бақшасы МКҚК
Досмаханбетова Ботагөз Ақылбековна

Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту. жүктеу
15 374
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дені сау бала – болашақ жемісі
Дені сау бала – болашақ жемісі
Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек.
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойын арқылы дамыту.
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойын арқылы дамыту.
Тәуелсіз елімізге тұлға болар, талабы таудай, қабілет – қарымы мол, өз ойын жүзеге асыра алатын, еркін және жан - жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі баланың таным процесінің дамуы
Мектеп жасына дейінгі баланың таным процесінің дамуы
Казталов ауданы, Жаңажол ауылы, "Шаттық" балабақшасында педагог – психологы Мыңбаева Әселім Аянбекқызы
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Ибраева К. М. қазақ тілі мұғалімі «Алтын сақа» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы
Шағын орталық құрылымында педагогикалық жаңа инновациялық технологияны ендіру
Шағын орталық құрылымында педагогикалық жаңа инновациялық технологияны ендіру
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылы «Мерей» шағын орталығы Серікбаева Айсауле
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×