Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ елінің тәуелсіздігі: жарқын болашақ кепілі

26 ақпан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қазақ елінің тәуелсіздігі: жарқын болашақ кепілі
«Тәуелсіздік тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма бес жыл ішінде елдің әл - ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісіне қыруар жұмыстар жасадық. Жолдауда мен еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу мәселесін ерекше атап өттім. Тәуелсіздік – бұл біздің басты байлығымыз, баға жеткізсіз жетістігіміз. Жас елдің тарихындағы жаңа дәуір шынтуайтында өзінің бастауын Тәуелсіздіктен алады. Сондықтан Тәуелсіздік мерейтойы ерекше мәнге ие»
(Н. Ә. Назарбаев)

Талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!
Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.
«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.

Қазақстан тәуелсіздігі мәңгілікке. Адам баласы, адамзат қоғамы қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі аңсай, әрі абыржи тосқан ғой.
Сөйткен жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдық келді. Сол ғасырдың қызығын көріп өмір сүріп жатқан біз бақытты ұрпақпыз. Алтын уақытымыз тәуелсіз елдік бейбіт күндеріне ғана жұмсалсын деп тілейміз.
Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз ұлт болып аттадық. Бұған жеткен де бар, жетпеген де бар. Өйтіп, біреуді көріп шүкір етіп, біреуді көріп пікір ету үшін де өткенге ой, бүгінге көз жіберуге тура келді. Ол үшін, ең алдымен, бір сауалға – бұл күнге қалай жеттік? – деген сауалға жауап іздеуіміз қажет сияқты.

Егер біз сонау ғасырлар қойнауының қатпар - қатпар белесіне көз жүгіртіп байқасақ, ежелден – ақ ата - бабаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы — Тұмар падишаның ерлік істері. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар ғой… Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді - жерімді қорғадым, — деген Тұмар падиша осындай байтақ та бай, дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғағаны сөзсіз. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас» — деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан, ержүрек батыр қыздардың Қазақ топырағында болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді. Сол аға - апаларымызды еске алсақ біз олармен мақтанамыз, ерліктеріне сүйсіне қараймыз.

Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар, кеудемізге қиналғанда үміт отын жағар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан - ғайыр ата - қонысының қалыптасуын; ұлттық мемлекеттігіміздің бастауы – Қазақ хандығының құрылуы мен дамуын; өзі отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлап, жау қолына тойтарыс берген хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл - кеңес берген, кемшілікті айта білген ұлы билер дәстүрлерін; ата - бабаларымыздың елімзге, халқымызға тән өзіндік шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан алып үлесін, батырларымыздың жер мен ел тәуелсіздігі мен ата - қоныс тұтастығын сыртқы, тіпті қала берді ішкі жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады.

М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі
Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы, магистр
Мендибаева Мулдир Болатбековна
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының ІІІ курс студенті
Дүйсенова Жанерке Ұзақбайқызы

Қазақ елінің тәуелсіздігі: жарқын болашақ кепілі. жүктеу
3 687
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді.
Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл!
Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл!
Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейін барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. 25 жыл ішінде елдің әл - ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік
Тәуелсіздік ел тілегі, қазақ елінің тәуелсіздігіне 25 жыл
Тәуелсіздік ел тілегі, қазақ елінің тәуелсіздігіне 25 жыл
Осыдан 25 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы қазақ халқының аңсаған арманы еді. Ұлы қазақ елі осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңес одағының шырмауында
Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат!
Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат!
Желтоқсаншылардың бәрі де бір - бір батыр еді. Олар қара бастарының қамын ойлаған жоқ. Оларды «Мұзда жанған алауға» теңейтіндігіміз осыдан шығар. Кезінде белгілі қоғам қайраткері Сағат Әшімбаев «Егер қазақ Желтоқсан оқиғасын ұмытса, өзін ұмытқаны»
Мен – егеменді елдің болашағымын
Мен – егеменді елдің болашағымын
Петропавл қаласы, «Өнер колледжі - музыкалық - эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп - интернат»кешені» Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Ж.Б.Ашимова
Ел боламын десең, бесігіңді түзе! (шығарма)
Ел боламын десең, бесігіңді түзе! (шығарма)
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Жалау Мыңбаев атындағы мектеп – гимназиясының 10 - сынып оқушысы Ағатаева Балдырған
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×