Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бақша ағаштары

01 қазан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Бақша ағаштары.
Мақсаты: Оқушыларға «Толық адам» туралы, адамгершілік құндылықтары туралы білім қалыптастыру.
Міндеті: Оқушыларды адами құндылықтар туралы айтылған ғұламалардың пікірлерімен таныстыру.
Оқушыларды өлеңдер, нақыл сөздер, әңгімелер тыңдату арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқушылардың ойлауын, дүниетанымын, жағдаяттарды шешу барысында тапқырлығы мен ептілігін дамыту.
Көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер, бәйтерек ағашы, әңгімелер мен өлеңдер тыңдау үшін магнитофон.
Барысы: Психологиялық дайындық.
Танысу тренингі. Оқушылар өз есімінің алғашқы әрпіне байланысты жақсы қасиет қосып айтады. Әсел - әдепті т. с. с.
- Өздерің туралы жақсы сөздерді айтқанда қандай көңіл - күйде болдыңдар?
(Оқушылар өздерінің жақсы көңіл - күйде болғанын, қуанғанын жеткізеді.)
- Онда бүгінгі сабағымызда бойымыздағы бар жақсы қасиеттерді шыңдай түсіп, жаман қасиеттеріміз болса, арылуға көмектеседі деп ойлаймын. Бүгінгі сабақта 2 топ болып жұмыс жасаймыз. Алдымен мен сіздерге сұрақ қойғым кеп тұр. Осы сендер мектепке не үшін келесіңдер?
(Оқушылар білімді және тәрбиелі болу үшін деген сияқты өз ойларын айтады.)
- Олай болса білім мен тәрбие сөздерінің мағынасын ашып көрейік!
(сөзжұмбақтар шешіледі)
- Яғни, тәрбие мен білім керек пе екен? Әлде тәрбие мен білімсіз өз бетімізбен жүрген қызық па?
- Ендеше бүгінгі сабағымызда егіз ұғым аталатын «Білім», «Тәрбие» тобы болып жұмыс жасайтын боламыз. Сабақта берілген таарсырмаларды мұқият орындап, адами құндылықтарды бойына жинаған мәуелі жеміс ағашын жасап шығаруға тырысып көрелік!

2. Негізгі бөлім.
Бақша ағаштары. 1 мин. 17 сек. тұратын әңгімені тыңдау.
1 тапсырма.
«Білім» тобына. Түзу ағаш қандай еді, талдаңыз.
«Тәрбие» тобына. Қисық ағаш қандай еді?
- Ол үшін яғни, Адам болу үшін қандай қасиеттер керек?
Ғылым таппай мақтанба. 1мин. 12 сек. тыңдау.
2 тапсырма.
1. 5 асыл іске тоқталып, түсінік беру.
2. 5 дұшпанға тоқталып түсінік беру.
3 тапсырма. Сұрақтарға жауап жазу. «Көңіл толқыны» күйі қосылып, жазуға 5 мин. беріледі.
Мен кіммін?
Менің мінезім қандай?
Менің мінезімнің жағымды жақтары.
Менің мінезімнің жаман жақтары.
Мен қандай болуым керек?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Тақтаға Абайдың «Толық адам» сипаты сөзжұмбағы ілініп, түсіндіріледі.
- Осы өзіміз туралы айтылған жақсы сөздеріміз бен ісіміз сай ма? Оны ситуациялық жағдаяттар барысында тексеріп көрелік!
4 тапсырма.
1 топ. «Автобустағы оқиға» (реквиз. наушник, магнитафон т. с. с.)
2 топ. «Көшедегі оқиға» (реквиз. шемішке, гитара, сағыз т. с. с.)
- Отбасы мен қоғам да, мектепте берілетін тәрбие де балаға зор ықпал етеді. Ал жан - жағымыздағы жақын адамдарымызды қуанышқа бөлеу қолымыздан келе ме?
5 тапсырма.
1. Анасын туған күнімен құттықтау.
2. Мұғалімді мерекесімен құттықтау.
Бекіту.
(Оқушылыр бүгінгі сабақтан үйренген жақсы қасиеттерін ағашқа іледі.)
Ы. Алтынсарин. Асыл шөп. 1 мин. тыңдау.
Қорытындылау. Шәкәрім Құдайбердиев.
Сабыр деген әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға ол бір қылық.
Қол жетпей талай жан ызданады,
Осыдан кеп шығады адамшылық!
«Бала тілегі» әні 3 мин. орындау.
Сабақ аяқталды.
Бақша ағаштары. жүктеу
5 111
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы, «№17 Байқоңыр орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдибекова Айгуль Жанкараевна
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Нуржанова Гулжан Аманжолқызы
Адамгершілік - асыл қасиет
Адамгершілік - асыл қасиет
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Токтыбаева Гулмира Борибековна
Танысу, түсіну тренингі
Танысу, түсіну тренингі
Д. Байбосынов атындағы № 13 ұлттық мектеп – гимназиясы Базарбаева Мөлдір Талғатқызы
Адамгершілік құндылықтар
Адамгершілік құндылықтар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға селосы, Жанкелдин атындағы орта мектебі Бақыт Жантілеуова Ізімқызы
Аулақ бол, жаман әдеттен
Аулақ бол, жаман әдеттен
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 Жалпы орта мектеп-гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Шамишева Бағдагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×