Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Эссе: Тәжірибедегі рефлексия

26 ақпан 2019, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: Эссе "Тәжірибедегі рефлексия" 2000сөз
Бастауыш сынып мұғалімдеріне

Эссе
Тәжірибедегі рефлексия
"Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады" деп К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі таңда педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері - сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушылардың пәнге қызығушылығын және танымдық ізденімпаздығын арттыру. Жаңа форматты оқытудың тиімділігі тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие процесін оңтайлы ұйымдастыруына көмектеседі.

Міне, сондықтан да ең алдымен еліміздегі қажырлы еңбек етіп жүрген ұстаздарды керегінше қайта даярлап, оқытуда. Себебі балаларға инновациялық технологиялар арқылы білім беру үшін, ол технологияларды алдымен өзіміз білуіміз қажет емес пе? «Менің білетінім — менің әлі де ешнәрсені білмейтінім» деп Конфуций айтпақшы, құрметті әріптестер үйреніп білетініміз әлі де көп, ол бітпейді де.

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсынан және біздің Коучымыз — Шпекбаева Гүлнар апайымыздың коучингтерінен түйгенім, мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылады. Жас ұрпақты тәрбиелеуде оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім арту, талап ету арқылы жауапкершілікпен жетілдіру. Жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы ең алдымен мұғалімге байланысты.

Өмір сүру ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі де күрделі өзгеріске ұшырауда. Қазіргі заман мұғалімі жаңа технологияны меңгеріп, тиімді қолдана білуі керек.
Топтық жұмыстың кезеңдерін бөлдік. Оның ішінде топқа бөлу, топ басшысын сайлау, тайм спикер, бағалаушы, бағыттаушы, рөлдегі адамдар деп бөліп алдық.
Топтаса отырып топ ережесін құрдық. Онда төмендегі тәртіп кезеңдері қамтылды.
1. Бір - бірін құрметтеу, тыңдау
2. Ынтымақтаса отырып жұмыс жасау
3. Уақытты үнемдеу
4. Тапсырмаға сай ұтымды идеялар, әдіс - тәсілдер шығаруға ұмтылу
5. Бағалау деп жұмыстың ережесі құрылды.
Сабақтың тиімділігін арттырудың бірден бір жолы - сабақ барысында түрлі ойындар, қызықты материалдар, логикалық тапсырмалар, роликтерді қолдану. Мысалы, атап айтсам "Қарлы кесек", "5 жолды өлең", "Венн диаграммасы", "Ой шақыру", "Пікірталас", "Автор орындығы", "Ыстық орындық", "Еркін жазу", "Білемін Білдім Білгім келеді", "Топтастыру", "Болжау", «Синквейн», «Кезбе тілші»т. б. стратегияларын тиімді қолдану оқушылардың оқуға деген қызығушылығын оятып, жаңа қырларынан танытып, шығармашылықтарын арттыратына сабақ барысында көз жеткізіп жүрмін.

Сабақтың басталуы алдымен көңіл күйдің дұрыс жолға қойылуынан, көңілді орнықтырып, шабыттандырудан басталады. Кез - келген сабақ мұнсыз басталған емес. Кейде болады, бірден оқушының көңіл – күйіне назар аудармастан сабақ бастап кететін жағдай. Ол әрине дұрыс болмайды. Көңіл күй болмаған жерде көңілді сабақ жоқ. Маған ұнайтыны бұл курстан көптеген психологиялық жағдаяттар мен көңіл - күй ахуалды қалай туғызу керектігін үйреніп жүрдім. Өзімде де түрлі ойлар туып, шабыттанып, оқушы көңіл күйіне қалай әсер ету керектігінің әдістерін жинап жүрдім, құрастырдым десем болады.

Шаттық шеңберін түрлі 1 - 2 минуттық ойындардан бастауға болады. Яғни ақ тілек тілеу, жақсы сөздер айту, көзді жұмып іштей сезім кешу, релаксация, ән айту, билеу, т. б қызықты ойындарды айтуға болады. Бұл ойындардың тигізер пайдасы өте зор. Оқушының ойы жинақталады, тілі дамиды, шабыттанады, қызығушылығы артады, көзқарасы өзгереді, дағды қалыптасады, сезімі күшейеді. Мысалы, күрделі болса да зат есімді қатыстырып өз атын атап, оны жақсы бір затқа теңеу деген керемет. Гүлнар – гүл, Айгүл – алма, Жанар – жақсы, Самал - сұлу, Мұрат - батыл, Мұхтар - ақын, Жәңгір – өжет, Сәнім - тәтті деген сөздер оқушының өзін бағалауын жоғарлатады, әрі есте сақтау қабілетін дамытады. Маған бұл шаттық шеңбері қатты ұнады.

Шаттық шеңберін ұлттық тәрбие тұрғысында өткізу нұр үстіне нұр болар еді. Қазақтың күмбірлеген күйлерін тыңдату, оқушының патриоттық сезімдерін қалыптастырары сөзсіз шындық.

Оқытудың әдіс – тәсілдерін таңдауда ұстазға шығармашылық пен шеберлік керек. Әдістерді үйрену бір бөлек. Оны оқушыларды оқытып үйретуде шеберлікпен, шығармашылықпен қолдана білу бір бөлек. Осы курстан сабақ беруде әдіс – тәсілдерді сабақ бере отырып қолданып, дәлелдеп үйрендік. Тіпті жаңа әдістерді үйренгенде ұстаз болсақ та ойланып, бас қатырып бірақ қиналғанымыз бар. Әр топ бірінен - бірі артық көрсеткіміз келіп, ізденіп, шығармашылық құлшыныста болдық.
Эссе: Тәжірибедегі рефлексия жүктеу
4 154
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Инновациялық – педагогикалық идеялар
Инновациялық – педагогикалық идеялар
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы
Білім берудегі құзырлылық
Білім берудегі құзырлылық
Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады. К. Д. Ушинский. Орыс педагогы К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп,
Жаңаша мектепке - қазіргі заманғы ұстаз (эссе)
Жаңаша мектепке - қазіргі заманғы ұстаз (эссе)
Мұғалім: Кажгалиева Набира Талгатовна
Бастауыш сыныптарда ұжымдық оқыту техналогиясы
Бастауыш сыныптарда ұжымдық оқыту техналогиясы
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сазды елді мекені, №60 Ж. Түменбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Изкенова Мәншүк Боранбайқызы
Ұстаз портфолиосы
Ұстаз портфолиосы
Тарих пәнінің мұғалімі Абдуллина Динара Ысқаққызы
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №153 Ш. Есенов атындағы мектеп - лицейдің тарих пәні мұғалімі Битаева Салтанат Есенгелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×