Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ең үздік тәрбиеші 2013

16 қаңтар 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Ең үздік жас тәрбиеші 2012.
Болашақтың базары да,келешектің – кемеңгерлері де балалар емес пе?!
Саналы, өскелең ұрпақ тәрбиелеу тәрбиешінің міндеті

Білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Қ. Көпбаеваның басшылығымен және әдіскер Б. Алимбаеваның жетекшілігімен Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы «Балапан» балабақшасында 18 балабақша арасында «Ең үздік жас тәрбиеші 2012» байқауы ұйымдастырылды.

Баланың ой - өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына балабақша тәрбиешілерінің сіңірер еңбегі орасан зор. Кеше ғана аяғын аттап басқан жас сәбидің алғашқы рет қоғаммен араласуы балабақшадан басталады емес пе?! Осы орайда, жас тәрбиешілер тәжірбие алмасып, балалардың ой - өрісін кеңейтуге бағыт сілтер сан қилы білім үлгілерін паш етіп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін жан - жақты көрсете отырып, кәсіби шеберліктерін нығайта, жас маман ретінде шыңдала түсті.

Байқау төрт шарт бойынша ұйымдасқан. 1 теориялық білімдері бойынша тест бөлім; ІІ бөлім таныстыру; ІІІ бөлім «Тәуелсіздік тірегім» жан күйерлер көмегімен сахналық қойылым; ІV бөлім «Өнерлі өрге жүзеді»

Байқауға он бес тәрбиеші қатысып, өздерін жан - жақты көрсете алды. Педагогқа тән сыпайлықпен, инбаттылықты ұштастыра отырып, өз өнерлерімен, шеберліктерімен, білімдерімен талайды таңқалдырды.

Байқауды қорытындылай келе, білім бөлімінің әдіскері Б. Алимбаева жас педагогтардың сұлулығына, педагогқа тән қарапайымдылықпен өздеріне тарта білгендерін, әр түрлі өнерлерімен таңдандырып, өздерінің жан дүниесін көпшілікке жеткізе отырып, жақсы қасиеттерін аша түскендерін атап өтті. Сөз соңында байқауға қатысқан жас мамандардың арасынан «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі Дакенова Тұрсынай «Ең үздік жас тәрбиеші 2012»байқауының жеңімпазы атанып, бағалы сыйлықпен марапатталды. «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Р. Аманжолова, «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі Бекназарова Ақерке ІІ дәрежелі, ІІІ дәрежелі мақтау граммотасымен «Айнұр» балабақшасының тәрбиешісі Темиркулова Ақмарал және «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Ашенова Манар марапатталды. «Марзия апа» балабақшасының тәрбиешісі Базилбаева Раушан «Шығармашыл педагог»номинациясы бойынша марапатталды. Барлық қатысушы жас тәрбиешілер естелік ретінде құнды сыйлықтармен марапатталды.

Жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған осы байқаудың нәтижесінде жас педагогтарымыз өздеріне қажетті қасиеттерді бойларына сіңіре алды деп тұжырымдаймын. Байқауға қатысқан педагогтарға алғысымды білдіріп, алдағы уақытта биік шыңдардан көрінулеріне тілектестігімді білдіремін.
44 180
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Балабақша үздік тәрбиешісі
Балабақша үздік тәрбиешісі
Құрметті қолданушылар, ұстаздар, оқушылар, бәйге аяқталды, нәтижесі шықты.
Балабақша
Балабақша
Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сұрақтарға жауап беруге үйрету; сурет бойынша ойын тиянақты жеткізе білуге баулу. Балаға өз ойын жүйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінін дамыту. Балабақшада достарымен, үлкендермен қарым - қатынаста
Үздік математика
Үздік математика
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісі Утегенова Рада Изгабдиевна
Нұрмағамбет Жібек Серікқызы
Нұрмағамбет Жібек Серікқызы
Нұрмағамбет Жібек Серікқызы Туған жылы: 13. 12. 1980 Білімі: орта арнаулы Аяқтаған оқу орны: Абай атындағы Саран гуманитарлы - техникалық колледжі “Үздік диплом” /бастауыш сынып мұғалімі мамандығы/
«Балабақшам – терең мақтанышым»
«Балабақшам – терең мақтанышым»
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балалар бақшасының әдіскері Қалжанова Рахима Сыдыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×