Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баяндама. Мүмкіндіктері шектелген балаларға психологиялық - педагогикалық қолдау көрсете отырып, әлеуметтік ортаға бейімдеу

19 мам 2019, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Баяндама.
Доклад
Мүмкіндіктері шектелген балаларға психологиялық - педагогикалық қолдау көрсете отырып, әлеуметтік ортаға бейімдеу.

Әлеуметтік – экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде мүмкіндіктері шектелген балаладың жеке даралық ерекшеліктеріне, қазіргі қоғамдағы орнына, олардың мінез - құлық және мінез ерекшеліктеріне мән бермеу бүгінгі қоғам дамуында мүмкін емес. Дегенмен «ерекше» балаларды оқыту мен тәрбиелеу және әлеуметтендіру күрделі мәселе болып қалып отыр. Аталған балалар категориясын қоғамға интеграциялауға дайындаудағы жағымды беталыстардың алдын - алу үшін оларды оқыту, тәрбиелеу және барлық өмірлік әрекеттерін ұйымдастыруда арнаулы (түзетім) білім берудің қазіргі проблемаларын талдаудан шығатын жаңа теориялық ықпал жасауды талап етеді және де бұл мүгедек балаларды әлеуметтік қорғауға қатысты медициналық, педагогикалық, әлеуметтік, әлеуметтік психологиялық және өзге де проблемалар комплексін ескере отырып шешілу қажеттігін туындатады.

Мүмкіндігі шектелген бала ерекше қарауды қажет етеді. Осындай тұлғаны қалыптастыруды нәтижелі басқару үшін, түрлі жас кезеңіндегі бала дамуының өзіндік психологиялық - педагогикалық заңдылықтары туралы терең білу керек. Егер адамды тарих пен табиғаттың бір бөлігінің өнімі ретінде биоәлеуметтік нәрсе деп қарастырар болсақ, мұнан дамуға әсер ететін биологиялық (табиғи) және әлеуметтік (әлеуметтік орта) фактор шығады. «Психологиялық ой түйіндісі бойынша физиологиялық кемшілік әлеуметтік тәртібі нормаларының бұзылуын туындатады. Осындай кемшіліктері бар балалардың барлық психологиялық ерекшеліктері биологиялық емес, әлеуметті құбылыс болып табылады». (Л. С. Выготский)

Психиканың тарихи - мәдени қалыптасу теориясында Л. С. Выготский кез - келген кемшілік, баланың қоршаған ортамен қарым - қатынасын шектеуде, оған адамзаттың мәдени, әлеуметтік тәжірибесін игеруге кедергі келтіретініне баса назар аударады.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға өзгелермен бірдей оқуға, жұмыс істеуге, демалуға т. б. яғни қоғамдық қоғамдық өмірге араласуға құқық беру қажеттігі еш күмән келтірмейді, дегенмен бұны шынайы түрде іске асыру оңай еместігі белгілі. Білім алу, қоғамдық өмірге араласу, түрлі мүмкіндіктерді игеру, мемлекет, жергілікті әкімшілік білім беру жүйесін қолдау таппаған жағдайда тек қағаз жүзінде ғана қалып қояды. Арнаулы білім беру мәселелерін қайта қараудың нақты бағыттары білім беру жүйесінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды интеграциялау туралы ұсыныстар және интеграциялық оқыту практика барысында қолға алынып, практикаға енгізіліп, жақсы нәтижелерге қол жетіп жүрген инклюзивтік оқыту барысы және жалпы білім беру мекемелерінің жанынан ашылып жатқан арнаулы (түзетім) кластар мен логопункттер.

Психофизиологиялық ауытқушылықтары бар балалармен психологиялық - педагогикалық оқытудың тәрбиелік сипаты, көрнекілік, жеке ықпал ету сияқты жалпы дидактика принциптерімен қатар арнаулы педагогикадағы түзете - дамыта оқыту және практикалық бағытта оқыту принциптерін басшылыққа алады. Дегенмен осы балалармен жүргізілген жұмыстардың нәтижелілігі қосымша факторларға да байланысты. Ең алдымен оқу сабақтарының оқушыларды қоғамдық тәртіп ережелеріне, белсенділіктерін дамытуға, коммунакабельдік дәрежесіне сәйкес келуі үлкен орын алады. Сонымен қатар барлық пәндер арасындағы байланыс, яғни бір тақырыптың түрлі пәндерде қаралып, түсіндірулермен қатар, жағымды тұлға қасиеттерін қалыптастыруда еңбекке оқыту, еңбекке баулу ерекше маңызды. Практика барысында оқушыларда болашақ әлеуметтік бейімделуіне өте маңызды ұжымда бірлесе жұмыс істеу, еңбек етуге деген икем, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттері қалыптасады.

Жеке тұлғаны әлеуметтік бейімдеу сабақта және сабақтан тыс уақыттардағы ұйымдастырылған сабақтар мен экскурсияларда өткізіледі. Сабақ барысында арнайы құрылған жағдаяттар бойынша балалар қажетті тұрмыстық икемдерді, қоғамдық тәртіп ережелерін игереді. Ол үшін сабақтан тыс уақыттарда төменгі класс оқушыларымен «Дүкенде», «Шаштаразда», «Автобуста» т. б. сияқты сюжетті - рольді ойында өткізіледі. Оқушыларға белгілі бір жағдайда қалай жасау керектігін бірнеше рет қайтара көрсету керек. Бірнеше қайтара жаттығу, жүйелі қойылатын талаптар балаларда қоршаған ортаға икемделуге көмектесетін жағымды әдеттерді шыңдайды. Ал танымдық әрекеттерін дамыту олардың жеке бас қасиеттеріне әсер етеді. Жоғарғы кластарда жасөспірімдер еңбек әрекетін сәйкес бағалай алады, орындаған жұмысының сапасына да жәй қарамайды. Тапсырманы жаман орындаса қынжылып, ал жақсы бұйым жасаса жолдасына, мұғаліміне көрсетіп, мадақтауды ұнатады. Оқушылар осылайша еңбек әрекетіне қатысудың маңыздылығын түсіне бастайды. Бұның бәрі оқушылардың тұлғалық қалыптасуы туралы айта отырып, олардың өмірлеріндегі еңбектің рөлі мен адамдар арасындағы қатыр - қатынастың қалыптасуына әсер етеді.

Тәрбиеленушілерді әлеуметтік оқыту барысында көрнекі құралдар негізгі тиімді әдіс болып табылады. Бұл жерде көрнекілік шынайылық деген мағынаны білдіреді. Педагог мүмкіндіктері шектелген балаларды экскурсия, сюжетті - рольді ойындар, ертегі қойылымдар, театрландырылған қойылымдар барысында сыртқы ортаның қасиеттерімен, құбылыстарымен таныстырады. Бұл оқушылардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өздеріне қызмет ету, тұрмыста және арнаулы өндірісте қиын емес еңбек операцияларын орындауға, мүмкіндігінше қоршаған ортаға икемдеуге бағытталған жұмыстар. Осындай жұмыстар барысында дамуында проблемасы бар балалар белсенділік көрсетіп, өз беттерінше жұмыс істей алуға, түрлі жағдаяттар барысына сай әрекет етуге, өзін өзгелердің бағалауына парапар ұстауға үйренеді. Түзетім жұмыстары барысында жасаған жұмыстарына сын көзбен қарауға үйреніп қана қоймай, салыстырмалы түрде бағалауға, өзгелердің сындарын қабылдай және текшелей алуға, керек кезінде жолдастарын қолдауға, көмек қолын созуға үйренеді.

Психологиялық - педагогикалық жұмыстарының бағыты ерекше балалардың қоғамдық өмірге араласулары үшін әлеуметтік - тұрмыстық білім мен икемдерін қалыптастыру екенін назарда ұстай отырып, педагог арнайы сабақтарда оқушылардың көлік, пошта, қоғамдық орындарда өздерін ұстай алу, қажетті хабарламалар мен жарнамалық ақпараттарды түсіне бастауға үйрету керектігін де басты назарда ұстайды. Мысалы, жаяу жүргіншіге арналған белгілер, ойнауға тиым салынатын белгілер, қандай мекеме екенін білдіретін сыртқы жарнамалар немесе жақын жердегі асхана, қонақ үй, емхана бар екені туралы айтатын белгілерді көріп, керегіне жарата алу, кез - келген жағдаятта шығатын жол болатынын түсіндіру әрине жалпы пәндерге оқыту барысында алатын біліммен байланысты. Мүмкіндіктері шектелген балаларда қоршаған орта туралы сәйкес түсінік қалыптастыру көп жағдайда педагогтың оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдістері мен формаларын қолдана отырып, дұрыс педагогикалық процесс ұйымдастыруымен анықталады. Ерекше көзқарасты қажет ететін балардың дамуы оқу мен тәрбие барысында практикалық әрекеті негізінде құрылады. Сондықтан бұл балаларды өмірге бейімдеу экскурсия және сабақтар, түрлі ойындар формасында ұйымдастырылып, бала дамуында жетекші орын алады. Егер пәндік сабақтарда «Тағамдар», «Дүкенде» тақырыптары өтілсе, сабақтан тыс уақыттарда тақырыптық эксурсия өткізудің маңызы ерекше. Бірақ оқушылар белгілі бір объектіні сырттай бақылап қана қоймай, ересектердің әрекеттеріне еліктей отырып, өздері де жас шамаларына қарай әрекет ете алатындай етіп ұйымдастыру өте маңызды. Мысалы, дүкен жұмысын бақылаудағы экскурсиялар балалар сауда залдарында жүріп түрлі бөлімдерді белгілер арқылы анықтауға болатынын, әр тағамның жарамдылық, сақтау ерекшеліктеріне қарай бөлінетінін біліп қана қоймай, олардың өздері саудаларын төлеуге, сатушыдан керектерін сұрауға, сатып алған затын сөмкесіне орап салуға, сөмке сақтауға арналған шкафтарды, телешкілерді қолдана алуға, ең аяғында дүкендегі қалыптасқан қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға үйренетіндей және өздері әрекет жасайтындай етіп жоспарлану керек. Мұндай экскурсия үлкен, егжей - тегжейлі ұйымдастыру жұмыстарын қажет етеді. Егер педагог әрбір ұйымдастырылатын әрекет, іс - шаралардың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатын, алынған материалдарын игертіп қана қоймай, балаларға (экскурсия барысына есеп беру, әңгіме жазу немесе бір оқушының әрекеттерін сипаттау) т. б. тапсырмалар жүйесін дайындаса, бұл мүмкіндіктері шектелген балаларды өз ісіне, жұмысына, берілген тапсырмаларды орындауға дағдыларын қалыптастырумен қатар, оқушыларға үлкен жауапкершілікті сезіне бастауға дайындап, жүктей бастайды. Мысалы, төменгі кластарда ұйымдастырылатын ойындардың өзінде жеке баланың әрекеті барлық ұжымның әрекетімен тікелей байланысты екенін түсіндіру. Яғни, «Кітапханада»ойыны барысында бір оқушы кітапханашыдан керек кітабын сұрамаса, кітапханашы ол балаға керек кітабын тауып бере алмайтыны, ойын желісі осы жерден үзіліп қалуы мүмкін. Немесе қимылды ойындар барысындағы ойын ережесін қатаң сақтау керектігін түсіндіру. Ал ойын ережесі сақталмаған жағдайда ойын барысы осы жерден үзілетіні туралы түсіндірілумен қатар, ережені сақтамаудың себебі мен салдарын түсіндірудің де маңызы ерекше.

Практика мүмкіндіктері шектелген балалар жүйелі жүргізілетін психологиялық - педагогикалық жұмыстар нәтижесінде тігін машинасында, компьютерде, қылқаламмен көптеген әдемі туындылар жасай алатынын, белгілі бір еңбек даярлығын, кейін түрлі өндірісте ұжыммен бірлесе отырып, мүмкіндігіне сай айналыса алатын еңбек түрін анықтай алатынын көрсетіп отыр.
Баяндама. Мүмкіндіктері шектелген балаларға психологиялық - педагогикалық қолдау көрсете отырып, әлеуметтік ортаға бейімдеу жүктеу
3 359
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дефектологиялық тапсырмалар
Дефектологиялық тапсырмалар
Дефектология (лат. defectus – жетімсіздік және гр. λόγος – ілім) – педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл - ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін арнаулы саласы.
Дефектолог мұғалімінің түзету жұмыстарының жылдық жұмыс жоспары
Дефектолог мұғалімінің түзету жұмыстарының жылдық жұмыс жоспары
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға диагнозы бойынша топқа бөлу және түзете - дамыту сабақтарын тиімді әдіс - тәсілдермен ұйымдастыру, дефектологиялық көмек көрсету, әлеуметтік бейімдеу.
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады.
Сындарлы оқыту
Сындарлы оқыту
ШҚО, Семей «№13 ЖОББМ» КММ Траих пәні мұғалімі:Н. Кульджина
Девинатты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Девинатты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Девиантты мінез - құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдары
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдары
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған жалпы орта білім беретін мектебі /түзете-дамыта оқыту/ сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×