Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдарымен білім берудің тәсілдері

25 шілде 2019, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдарымен білім берудің тәсілдері

«Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі»
Қазіргі кезде елімізде мүмкіндігі шектеулі ересек жандарды қоспағанның өзінде 150 мыңнан аса мүгедек бала өмір сүруде.
Бұл әрине қынжылтарлық жағдай. Даму мүмкіндігі шектеулі, жарымжан жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса керек.

Мүмкіндігі шектеулі жанды көргеніңде аяушылықпен қарап, бүгініңе шүкіршілік етесің. Ал олардың хал - ахуалын, жүрек түкпіріндегі күйзелісін біз қанша ойланып, тебіренсек те жеткізе алмасымыз хақ.. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан - дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу - белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы.

Ал осы мүмкіндігі шектеулі жандар тек қоғамдық қамқорлықпен ғана емес білім беру саласында да басты назарда. Мұндай жарымжан жандар оң солын танып, білім алып, толыққанды азамат болуы үшін білім беру саласы да өз мүмкіншілігіне орай біліммен қаруландыруда.
Бұл балалармен арнайы білімі бар педагогиканың, психологияның, дефектология мен логопедияның қыр - сырын терең меңгерген ұстаздар білім беруде.

«Тәрбиеші бүгінгі заман талабына сай өзінің педагогтік мамандығының кілтін шебер ұстаған, жан - жақты терең білімді, сегіз қырлы, бір сырлы, ашық жарқын жайдары жүретін, қажырлы қайратты, инициативашыл, қатал талап қойып, оның нәтижесін тексере білетін еңбекқор жан болуы керек.
Қарым - қатынас кезінде әр баланың жан - дүниесін сезініп кемшіліктерін түзетіп, жетістіктерін дамытатындай болғаны дұрыс деп ойлаймын.

Алайда оқыту қиын, бірақ жанында ізгілік пен жанашырлық, өз ісіне деген сүйіспеншілікті бойына сіңіре білген тәрбиешіге жұмыстанудың өзі ғанибет болары шындық.

Топта бала саны көп, әр балаға жеке көңіл бөліп, назардан тыс қалдырмай жұмыстану керек.
Оқу материалын қуып жету, бағдарламаны игеру барысында біз, баланың деңгейіне мән бермей қалатын жағдайлар болады, нәтижесінде көптеген балалар осы деңгейге жетпей қалу салдарынан үлгермеушілер қатарына жатады.

Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе болып отыр.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану.

Компьютерді пайдалануда дидактикалық мүмкіндіктерді, танымдық процестерді ескеруге болады; логикалық ойлау жүйесін қалыптастыру, ақыл - ой белсенділігі мен білім алуға деген қызығушылығын, шығармашылық еңбек етуіне бағдарлау.

Өйткені құлақпен естігеннен гөрі - көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну әрине ерекше әсер етеді.
Арнайы білім беру орнында мүмкіншіліктері шектеулі балалардың толықтай дамуына, өзгерістерді түсінуіне, өз бетімен білімін жетілдіруіне барлық жағдай жасалған, мұнда балалар тікелей дәрігерлердің бақылауында болады.

Тәрбиеші баланың шындықты тануға ақыл - ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану баланың әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән - жайын танып, оларды тереңірек түсінуіне жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады.

Кейбір балалардың ақыл - ой белсенділік қабілеті жетілмей, артта қалып қойып жатады. Оның бірнеше себептері бар негізіне тұқым қуалаушылық, ортаның экологиялық әсері, отбасының әлеуметтік жағдайы. Мұндай ауруларға ұшыраған балалар дене кемістігімен қоса, ақыл - ой кемшілігін қосып алып, даму мүмкіндігі артта қалған балалар санын құрайды. Сонымен бірге бұл топқа дені сау, бірақ тұрмыс жағдайының ауыр болу себептерінен бір қалыпты дамымай қалған балаларды да жатқызуға болады.
Мұндай балалармен қарқынды терапиялық жұмыстар жүргізе отырып, оларға дәрілік емдеу, физио, психотерапия, емдік дене шынықтыру жаттығулары, жалпы денсаулыққа пайдалы емдеу шаралары қолдану керек.
Ақыл ойы - кем балаларды оқытудың негізгі әдісі - біріктіру болып табылады. Біріктіре оқыту арқылы бала дамуының ерекшеліктерін анықтап, білім беру стандартына сай қалыпты дамуын қадағалап, зейін тұрақтылықтарын дамыта отырып оқыту, тәрбиелеу - басты мақсат болып отыр.
Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан әдістің бірі - біріктіре оқыту.
Біріктіре оқытудың ерекшелігіне тоқталып өтсек
- даму барысындағы кемшілікті ерте бастан түзету
- даму барысында ауытқуы бар балалардың бірнеше қызметтерін қалпына келтіру қабілеттері.

Қызылорда облысы, КММ
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» тәрбиешісі
Орынбаев Шаяхмет Шалқарұлы
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдарымен білім берудің тәсілдері. жүктеу
3 688
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тіл және сөйлеу
Тіл және сөйлеу
Тілдің маңызы туралы түсініктерді қалыптастыру. Сөйлеудің маңыздылығын ұғындыру
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың ерекшеліктері
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың ерекшеліктері
Жезқазған қаласының №10 орта мектебінің түзете дамыта оқыту сыныбының мұғалімі К.Кулашева
Инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері» тақырыбында өткізген коучинг - сессия сабағы
Инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері» тақырыбында өткізген коучинг - сессия сабағы
Атырау қаласының жалпы білім беретін №6 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Темірғалиева Гүлбақыт Жалғасовна
Мектептегі инклюзивтік оқыту
Мектептегі инклюзивтік оқыту
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы, Теңіз негізгі мектебінің әлеуметтік педагогы Мусина Балдырған Әлиқызы
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдары
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдары
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған жалпы орта білім беретін мектебі /түзете-дамыта оқыту/ сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна
Психикалық даму тежелісі дегеніміз не?
Психикалық даму тежелісі дегеніміз не?
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған жалпы орта білім беретін мектебі Коррекциялық /түзете - дамыта оқыту/ сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×