Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектептегі инклюзивтік оқыту

18 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Күні:
Уақыты:
Қатысушылар: Мектептің педагогикалық ұжымы
Мақсаты: Мектептегі инклюзив оқытудың міндеттерін айқындау, кемшіліктері мен кездесетін қиындықтарға тоқталу. Өз пікірлерін жеткізу.
Кіріспе сөз. Еліміздің Ата заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы тиістігі жазылса да, өкінішке қарай, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе күйінен түспей тұр. Олардың қатары жыл сайын өсіп жатқандықтан, жарымжан балаларға білім беру жүйесін жетілдіру қажет. Мәселен, 2002 жылы олардың саны 120 мыңды құраса, 2009 жылы 150 мыңға жеткен. Оның тек 38 пайызы ғана арнаулы білім бағдарламасымен қамтылыпты. Республика бойынша 101 коррекциялық мектепте және жалпы білім беретін мектептердің 1096 арнайы сыныптарында 24 мың бала білім нәрімен сусындауда. Ал жалпы білім беретін мектептерде 56 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі балалар оқып жүр. Қазір олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына жағдай жасау қажет. Сондықтан мамандар елімізде инклюзивті білім беруді дамыту қажет екендігін алға тартады. Осы мақсатта Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми - педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтта бас қосқан педагогтар, мүгедек балаларға инклюзивті білім беруді талқыға салып жатыр.

Ұжымды реттік сандармен топқа бөлу. Топтармен практикалық жұмыс. «Инклюзив» сөзіне ассоциация жазу және оны қорғау. (ақ қағаз, фломастер)
Мектептегі инклюзивтік білім беру 2012 - 2013 оқу жылында 6 бала инклюзивті білім алады, оның 3 ЗПР диагнозымен, жеке қарау ұсынысы берілген.
Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір - біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.
Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Практикалық жұмыс Екі топқа әр түрлі тапсырмалар беріледі.
1 топ. Тапсырма: қандай балаларға инклюзивтік білім беру керек деп айта аламыз.
2 топ. Тапсырма: мектептегі инклюзивтик білім берудегі қиындықтар минут уақыт беріледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
40 750
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдарымен білім берудің тәсілдері
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдарымен білім берудің тәсілдері
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану.
Үйде жеке оқыту жоспары
Үйде жеке оқыту жоспары
Үйде жеке оқыту жоспары. Үйде жеке тегін оқыту педагогпен мектеп әкімшілігі бекіткен үйде жеке оқыту жоспары осы ережелерінің қосымшасына сәйкес және кесте бойынша атқарылады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған жеке бағдарламаны құрастыруда
Заман талабына сай
Заман талабына сай
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің химия, биология пән мұғалімі А. К. Кенжебаева
Инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері» тақырыбында өткізген коучинг - сессия сабағы
Инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері» тақырыбында өткізген коучинг - сессия сабағы
Атырау қаласының жалпы білім беретін №6 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Темірғалиева Гүлбақыт Жалғасовна
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдары
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдары
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған жалпы орта білім беретін мектебі /түзете-дамыта оқыту/ сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна
Психикалық даму тежелісі дегеніміз не?
Психикалық даму тежелісі дегеніміз не?
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шаған жалпы орта білім беретін мектебі Коррекциялық /түзете - дамыта оқыту/ сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×