Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әке ізімен...

04 желтоқсан 2023, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Әке ізімен...
Биыл Махамбет Өтемісұлының туылғанына 250 жыл. Махамбеттің батырлығы мен қайсарлығы былай тұрсын, ақындық суырыпсалма шеберлігін, өскен ортасын өскелең ұрпаққа ұлықтау - біздің азаматтық борышымыз. Осыған орай, «Зерде» Республикалық ғылыми жобалар сайысында оқушым – Муса Малика «Шандоз тарихи шығармасындағы Өтемісті Әбіш Кекілбаевтың жаңаша зерделеуі» тақырыбы бойынша ғылыми жұмысын қорғап, 3 орынды иеленді.
Өтемістің Маңғыстауда тұрғандығын көбі біле бермейді. Ақынның: «Өтемістен туған он едік», «Менің әкем - Өтеміс», «Атасы өткен – Айшуақ» тақырыбындағы өлеңдері бар. Ең бірінші, оны әдебиетте зерттеген ғалым - Қажым Жұмалиев. Одан кейін де зерттеушілер: М. Әуезов, Ә. Сарай Ә Кекілбаев, Х. Досмұхамедов, Қ. Сыдиықов, Б. Қорқытов, Ә. Спан, Ж. Дүйсенбаева, С. Зиманов тағы басқалар зерттеді. Зерттеуімізде Өтеміс бидің шешендігін, батырлығын, туған жерге деген сүйіспеншілігін талдадық.
Оқушым Әбіш Кекілбаевтың «Шандоз» тарихи шығармасына терең үңіле отырып, Өтеміс туралы бұрын еш жерде айтылмаған тың деректерді жинақтады. Өтеміс тұлғасы, киімі, қаруы, батырлығы, әрекеті, мінез - машығы, кескін - кейпі, қайсарлығы, шешендігі, мергендігі тағы - тағылары орынды негіз болған. Артық сөз жоқ. Кеудесін кез келгенге бастырмаған толымды тұлға бұл! Өтеміс бейнесі – нағыз тарихи тұлға.
– Атасы өткен – Айшуақ
Анық көзі көрді ғой.
Менің әкем – Өтеміс –
Елдің қамын жеді ғой, –
Деп, Баймағанбетке әкесінің қандай екендігін ескертіп, өзінің әкесінің елдің қамын жегенін айтады. Өтеміс - елі үшін еңіреген ердің бірі.
«Әдебиетте ескерілмей келген бір адамның бейнесі - ол Өтеміс». «Шешендік, тапқырлық сөздер белгілі дәрежеде еңбекші адамның өздерін қанаушыларға, езушілерге қарсы жұмсайтын қаруы, құралы да болған». Өтеміс пен Айшуақтың өмірдегі орны, кісілік қасиеттері, халық алдында өтеген қарыз, борыш - қызметі салыстырыла жазылған. Махамбет өлеңінде – әкесі үшін мақтану бар. «Менің әкем елдің қамын жеді», сенің әкең еліне несімен құнды? – деген салмақты, сұрақты ой жатыр. Өтеміс шешен, батыр адам болмаса, Махамбет қайдан шықты? Махамбеттің от ауызды, орақ тілді шешендігі Өтемістен дарыған қасиеті екен.
Әнес Сарай: «Өтеміс – Беріштің 19 азулы биінің бірі. Жайықтан Ішкі Орда тарапына өткенге дейін, қазіргі Қызылқоға ауданының орталығы. Өтеміс аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермейтін орақ ауыз шешен, би болған адам», – деп нақты жазған. Ал атасы Құлмәлі - әрі би, әрі суырыпсалма шешен, батыр адам. Сонда шешендік атадан арна тартқан - ұлттық құндылық көзі! Сонымен бірге бұл жобадан Өтемістің өткір де суырыпсалмалығын, өз есесін жібермейтін аршыл да, намысшыл қасиеті, жомарттығы, оның үстіне, дәулетті адам болғандығын көрсете алды. Ақын өлеңінде мазмұн мен шын тарихи дерек бір жерден қабысқан. Анасы Құспан ері кеткенмен, шаңырақ берекесін сақтап қалған, Өтеміс отбасының алтын діңгегі. Солайша, Өтеміс ұясы – Қосуан сияқты ел аналарының арқасында шашырамай, бытырамай, қанша қиындық көрсе де, беріктігін, ынтымағын сақтаған шайқалмаған шаңырақ. Мұның барлығының ар жағында Өтеміс тәрбиесі болғаны даусыз.
Ұлттық құндылықтар мыңдаған жылдар бойы ұрпақтан - ұрпаққа беріліп, әр адамның бойына ана сүтімен бірге сіңеді. Жаһандануға жақындаған сайын ұлттық құндылықтар жойыла бастайтынын естен шығармауымыз керек. Ұлттық руханиятты сақтау, оны нығайтып шәкірттер бойына сіңіру – біздің парызымыз.

Бесимбаева Гулдана Жеткізгенқызы
«Ақтау қаласы №6 мектеп» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
615
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы өздігінен білім ала отырып, өзара білім алмастыру. Өлеңдерінің тақырыбы мен автор идеясын ашу, әдеби теориялық тұрғыдан талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.
Махамбет Өтемісұлы өлеңдері, өмірбаяны
Махамбет Өтемісұлы өлеңдері, өмірбаяны
Махамбет Өтемісұлы — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836 - 1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.
Ата кәсіп - баға жетпес қазына
Ата кәсіп - баға жетпес қазына
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
Махамбет Өтемісұлы «Менің атым – Махамбет»
Махамбет Өтемісұлы «Менің атым – Махамбет»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, «№5 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Піржан Әлия Нажимқызы
Махамбет Өтемісұлының өмірі, ерлігі
Махамбет Өтемісұлының өмірі, ерлігі
[right]Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағазина Гүлсім Шаймерденқызы
Маңғыстаулық ұлы тұлға
Маңғыстаулық ұлы тұлға
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қанатова Ақмарал Баймурзақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×