Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық ойын түрлері

18 ақпан 2012, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Ұлттық ойын түрлерін сабақта қолдану
Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Жастарды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін, ұстаздар қауымы оқу – тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолданып жатыр. Сондай әдіс – тәсілдеріміздің оқу – тәрбие негіздерінің бірі ұлттық ойын және тәрбие.

Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей – тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес. Бала отбасы тәрбиесі және өзін қоршаған ортамен тығыз араласа отырып ана тілін үйренеді. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаларға ана тілін оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән беріледі. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, тез жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын бірден – бір таптырмайтын құрал.

Мысалы: Бірінші сыныпта балаларды қимылдату мақсаты мен халық ойыны «Қуыр, қуыр, қуырмашты» ойнату пайдалы. Оның шарты: Бірінші бала бас бармақтан бастап шынашаққа дейін бір рет саусақтардың атын түгел айтып береді. Сөйтіп, бар саусағын жұмып тұрып, екінші бала кез – келген саусағының атын атайды. Бұл ойын балалардың тілін жаттықтырып, есте сақтау қабілетін жетілдіре түседі.

Жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік береді. Оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі. Бірінші сыныпқа келген балалардың кейбір әріптерге барлығының бірдей тілі келе бермейді. Бұл кезеңде нағыз көмекші халық ойыны болып табылады. Бұл мақсатта ежелгі халық ойыны жаңылтпашты ұтымды пайдалануға болады. Жаңылтпаштардың тіл дамытуда, сөзді таза сөйлеп, ширақ айтуда пайдасы көп.

Қазақ тілі сабағында «Буын» тақырыбында «Өз атыңды буынға бөле білесің бе?» Сыныптағы заттарды ата ойындарын ойнатуға болады.
Сабақта ойын түрлерін күрделендіріп «ойлан тап» ойынын ойнатуға болады. Мысалы: Мұғалім ішінен «Алма» деген сөз ойлап тұрып «ал» буынынан басталатын бірінші буынды айтады.

Балалар әр түрлі «ал» буынынан басталатын бірнеше сөздер айтады. (алау, алма, алға)
«Сан есім» тақырыбында «сен білесің бе?» ойынын ойнатуға болады. Мұнда бір әңгіме оқылып, оқушыларға ондағы сан есімдерді атап айту ескеріледі. Балалар топқа бөлініп мұқият тыңдаулары шарт. Қай топ әңгімедегі сан есімді көп жазса сол топ озады. Бұл ойында оқушылардың алары көп. Дара, күрделі сан есімдерді жазуға үйреніп дағдыланады, сауатты жазып үйренеді.

Қазақ тілі сабағында халық ойынын пайдалану – оқушылардың еркін сөйлеуін, тіл байлығын сөздің дәл мағынасын бағдарлай білу қасиеттерін жетілдіре түседі.
Халық ойындарын математика сабағында пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы. Математика сабағында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы: ойын сабақтың басында, не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін.
Ойынды сабақтың басында қолдану үй тапсырмасын тексеруге оқушылардың түгел қатысуына мүмкіндік туғызады.
Ортасында оқушылардың шаршағанын басып, сергіту жаттығуы мақсатында қолданылады.
Сабақтың соңында сабақты бекіту немесе сол сабақтан алған білімді жинақтау.

Математика сабағында «аз», «көп» ұғымдарын баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе емес. Ал оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң, ол онша қиындық келтірмейді. Бірінші сыныпта математиканы оқып үйрене бастағанда оқушылардың түсінігін жеңілдету үшін «санамақ» ойынын ойнату тиімді.
Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы оқушылардың ауызша есептерге жаттығуына логикалық ой жүйелерін жетілдіре түсуіне толық мүмкіншілік бар. Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады.
Атап айтқанда: «Қай қолымда», «Сөз мәнісін байқаңыз», «Өзім де құр қалмаймын» т. б.
Мысалы: «өзім де құр қалмайын» ойыны.
Жексенбі күні еді. Атамның үйіне немерелері келді. Атасы олардың алдына бір табақ алма қойды. Немерелері атасына алманы бөліп беруді өтінді. Алманы бір – бірден берсе біреуі ауысып қалады, екі – екіден берсе жетпейді. Сонда неше алма, неше немере болған?
Жауабы: 3 немере, 4 алма.

«Сөз мәнісін байқауың» ойынын алсақ мысалы:
«Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр,» осы үйде неше адам отыр?
Жауабы: 3 адам
Бастауыш сыныпта ойынды пайдалану арқылы есептер шығарумен қатар текстті есептеп шығару барысында құрғақ шығарумен шектелмей оның тәрбиелік мәнін ашып түсіндіруді қажет етеді.
Мысалы: өзім жетекшілік ететін 2 - класс математикасындағы кейбір есептерге тоқталар болсам, 17 - беттегі №3 есепте сурет бойынша есеп құрастыр және шығар деп тапсырма берілген.
Бұл суретте:
Саба – 10л
Торсық – 4л
Оның тәрбиелік мәнін былайша әңгімелеп, түсіндіріп өтер едім.
«Қазақ халқының ыдыс аяғы тұрмыстың әр түрлі көлемде болады да, әр түрлі мақсатта қолданылады».
Саба деген – үлкен ыдыс, оны сиыр немесе жылқы малының терісінен жасайды, көлемі сыртқы пішіні конус тәріздес болып келеді. Оған 100л - ге дейін қымыз сияды. Жоғары жағынан піспек жасап ішіндегі қымызды пісіп отырады. Жетісіне бір рет ішін жуып тазалайды. Сабаны керегеге іліп қояды.
Торсық – қозының терісінен жасалған ыдыс. 3 – 4л сусын кетеді. Оның ішінде сақталған сусын температурасы бір қалыпты болып тұрады. Сондықтан оны жолаушылар, малшылар аттың қанжығасына байлап жүреді. «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас» - деген мақал – мәтел бар.
Сонымен қатар, Тәулік жыл ғасыр тақырыбын өткенде біраз тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізуге болады.
Мысалы, жылдың қазақша атауы бар екенін ескеріп былайша үйретемін:
Тышқан жылы – тыныштық.
Сиыр жылы – сыйлық.
Қоян жылы – қашбалы.
Жылан жылы – жайлы.
Ұлу жылы – үлгілі.
Қой жылы – құтты.
Мешін жылы – мейірлі.
Тауық жылы – табысты.
Ит жылы – игілік.
Доңыз жылы – дүниелі.

Одан кейін есепті шығаруға кіріссек сабақтың тәрбиелік мақсаты ашыла түсер еді. Ұлттық ойындар, ұлттық тәрбие ата – бабамыздан бізге келіп жеткен өткені мен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Оны үйренудің, өмірде күнделікті тұрмыста пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде алатын орны зор.
14 860
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ханталапай ойыны
Ханталапай ойыны
«Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру. Ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыру. Балалардың ойлау, көру қабілеттерін дамыту. Балаларды әдептілікке, ұйымшылдыққа, мергендікке, шапшаңдыққа, бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақтың ұлттық ойындары
Халқымыздың тарихы – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай - қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды игіліктердің бірі - ұлттық ойындар.
Бала болашағының негізі – ұлттық тәрбиеде
Бала болашағының негізі – ұлттық тәрбиеде
Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жайпақ ауылы. Қабдығалиева Азия
Математика сабағында ұлттық ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушыларды ата-салт дәстүріне тәрбиелеу
Математика сабағында ұлттық ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушыларды ата-салт дәстүріне тәрбиелеу
Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Е. Ж. Калиева
Қазақ тілі пәнінде ойын технологиясын қолдану
Қазақ тілі пәнінде ойын технологиясын қолдану
Н. Островский атындағы Аманқарағай орта мектебі» ММ Дайындаған: Жұмабекова Қуаныш Бақытжанқызы
Қазақ халқының салт-дәстүріндегі ойын элементтерінің  бала тәрбиесіндегі ролі
Қазақ халқының салт-дәстүріндегі ойын элементтерінің бала тәрбиесіндегі ролі
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өрісі биік сын сапасы өскелең мәдениетке бір күнде жеткен жоқ. Осы мол зор қазынының түп - төркіні сонау 6 - 8 ғасырдағы Орхан Енесей ежелгі түрік жазбаларынан басталады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×