Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Экологиялық білім - химия сабақтарында

03 наурыз 2012, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай - ақ топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғатты күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр. Іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Елбасы Н. Назарбаевтың 2030 - жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын - да қоршаған ортаны ластауға экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Экология бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс - әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс - тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы.
Биосфера – айналамыздағы табиғаттың тіршілік етушілер мекендейтін бөлігі. Оны біздің айналамыздағы ауадан, судан және топырақтан бөліп қарауға келмейді.
Қазіргі кезде биосфераны табиғаттағы барлық ресурстардың жиынтығы есебінде түсінеді. Табиғат – бір - бірімен тығыз байланыста болып тұратын өте күрделі комплексті құбылыс. Ал, адамзат қоғамы сол табиғаттың бір бөлігі, ол онымен үнемі байланыста болған күнде ғана, тіршілік ете алады.

Адамның өмірі үшін ең басты қажеттің бірі – ауа. Мысалы, адам тамақсыз бес жетіге шыдаса, сусыз бес күнге, ал ауасыз бес минутқа ғана шыдай алады екен. Егер адам тәулігіне 4 - 5 килограмдай су, тамақ ішетін болса, дем алғанда 23 - 24 килограммдай ауа жұтады. Тамақ ішу, жұмыс істеу қимылдары тоқтағанмен, адамда тыныс алу процесі еш уақытта тоқталмайды.
Бүгінде экологиялық жүйеге өң беріп, тіршіліктің тынысы болып келген жердің жасыл жамылғысы да азайып келеді. Талай өсімдіктер мен жануарлар жер үстінен өліп кетті, кейбіреулеріне жойылу қаупі төнуде, олар Қызыл Кітапқа тіркелді. Сондықтан болу керек, қазір табиғи байлықтарды толық пайдалану арқылы табиғатты қорғау мәселесі дүние жүзі халықтарын алаңдатып отырған ірі ортақ мәселеге айналды.
Экологиялық сауатсыздықтың нәтижесінде табиғат, оның қорлары, жалпы қоғам зор шығынға ұшырауда.
Бұл тәрбиенің негізгі мақсаты – жас жеткіншектердің экологиялық көзқарасын, санасын және табиғатқа үлкен жауапкершілік пен парасаттылық қарым - қатынасын қалыптастыру.

Химия пәнінен орта білім берудің негізгі міндеттердің бірі – табиғатты аялай білуге баулу, химияны және химия өнеркәсібін өркендетуге байланысты ауаның, судың және топырақтың ластануын болдырмау. Минералды тыңайтқыштардың, өсімдіктерді қорғайтын заттарды пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарын білу. Соңғы кезге дейін химияны кілең мадақтайтын сыңаржақтылықты қойып, оның табиғатқа, ағзаға және адамның денсаулығына тигізетін әсері жөнінде екі жақты ақиқат пікір тудыру.

Химия сабақтарындағы «Оттегі», «Ауа және оның құрамы», «Отын және оны жағу тәсілдері», «Су», «Минералды тыңайтқыштар», «Мұнай өндіру» т. б. тақырыптарын қарастырғанда жалпы біліммен қоса, оқушылардың бір сәт назарын экологиялық білімге аударып келемін.
Экологиялық білім беру баланың табиғатқа сүйіспеншілігі мен қамқорлығын арттырып, игерген білімді дұрыс қолдана білуге мүмкіндік туғызады.
Мысалы, 8 - сыныптағы « Оттегінің қолданылуы. Оттегінің табиғаттағы айналымы» деген тақырыпты қарастырғанда кейбір экологиялық есептеулерді оқушылар назарына ұсынып отырамын. Айталық, жылына 7 млрд т. отын жағылады, оған 20 млрд т. оттегі жұмсалады. Бір әуе кемесі 8 сағат ұшқанда 50 - 70 т. оттегі жұтады, мұның орнын толтыру үшін 25 - 50 мың га. орман соншама уақыт оттегін бөлуі керек. Егер ондағы оттекті 16 пайызға дейін кемітсе адамдар оны айтарлықтай сезіне бермейді. Ал, оның мөлшерін одан әрі төмендете бастағаннан - ақ оның жетіспейтіндігін ағза сезе бастайды да бас айналып, көз қарауытады. Мәселен, ауадағы оттек 10 - 12 пайызға дейін төмендеген жағдайда ағзада әлсіздік басталады, адам ұмытшақ келеді, ойлау қабілеті төмендейді, ал, оттек мөлшері 8 пайыз және одан да төмендеген жағдайда адам есінен айрылып, өлім қаупі төнеді. Тағы бір мысал. Жеңіл машина бір жарым мың шақырым жүргенде бір адамның жыл бойы тыныс алатын оттегін тұтынады. Оттегін тұтынатын өндірістің және транспорттың көбеюі ауада оның азаю қаупін тудырады. Қазір оттегі биогендік түзілуінен гөрі 10 - 16% көп жұмсалады

10 - сыныптағы «Көміртек қосылыстары» тақырыбын қарастырғанда, отынды жағу және өзге өндірістік әрекеттердің нәтижесінде соңғы 100 жыл ішінде ауаға 400 млрд т. көміртегі (ІV) оксиді барып, оның ауадағы қанықпасы 18%- ке артқан. Жыл сайын ауаға 200 млн. т. көміртегі (ІІ) оксиді (иіс газы) 50 млн. т. азот оксидтері (улы газдар) барады. Өнеркәсібі дамыған елдерде әр адамға шағып есептегенде жыл сайын атмосфераға 150 - 200 кг тозаң, күл және өндірістің басқа қалдықтары түседі.
Көмір қышқыл газының ауадағы мөлшері 0, 02 - 0, 04%. Ауаға түсіп жатқан көмір қышқыл газы мөлшерінің артып кетуі қоршаған орта жағдайына келеңсіз жайттарға душар етеді. Айталық оның ауадағы үлесі екі есе артса, «Жылу эффектісі» деген құбылысты тудырып, жер бетіндегі температура орта есеппен 4ºС - қа артады. Бұдан мәңгі мұздар, мұзтаулар еріп, ауа райында елеулі өзгерістер болады. СО - көміртегі (ІІ) оксиді, иіс газы, жану өнімдерінің бірі. Тұрмыста, өнеркәсіпте және транспортта әр түрлі отындар шала жанғанда түзіледі. Ауада 1% иіс газы (СО) болса, адам қолма - қол, ал оның үлесі 0, 1%болғанда 30 - 60 минутта өледі.

Иіс газының ауада болуы мүмкін қанықпасы (Б. М. Қ.) – 0, 002. Иіс газының физиологиялық әсері гемоглобиндегі оттегін қуып шығуына байланысты. Гемоглобин көміртегі (ІІ) оксидін оттегіне қарағанда 200 - 300 есе тез қосып алып, карбоксигемоглобин түзеді. Иіс газы жүрек қолқа тамырға, жүйке жүйесіне әсер етеді. Мамандардың есебі бойынша бір машина бір сағат уақыт ішінде ауаға 6 - 10 текше метрге дейін улы газ бөліп шығаратыны анықталып отыр.
Зауыттар мен жылу электрстансаларында күкірті бар отынды жаққанда ауаға шығатын газдардың зияндысы - күкіртті газ.
Ол көп мөлшерде сульфид кенін өртейтін металлургиялық және химиялық зауыттардан түзіледі. Бұл улы газ қанықпасы 0, 3 мг/л. SO2 - де адам бір минутке ғана шыдайды. 0, 05 мг/л SO2 көздің сілемейлі қабықшасын тітіркендіреді және жөтелтеді. Оның өнеркәсіп ауасындағы мөлшері 0, 01 мг/л - ден аспауы тиіс.
Тозаң - жану реакциясының ең мол қалдығы – түтіннің құрамындағы майда ұлпасы. Өндірістен шығатын тозаңның құрамында улы заттар: қорғасын, сүрме, мыс, марганец, сынап, мышьяк, оксидтері және т. б. қосылыстар болады. Қалалардың үстіндегі түтін мен ұсақ тозаң жаз айында күн сәулесінен келетін жарықтың құнын 20 және 50 процентке дейін кемітеді. Сол сияқты ол тірі ағзаларға пайдалы ультра - күлгін сәулені тұтып қалады.

10 - сыныптағы «Азот қышқылының өндірісі» тақырыбын қарастырғанда, азот қышқылын өндіретін зауыттың мұржасынан «түлкі құйрық» деп аталатын қызғылт сары түтін будақтап жатады. Бұл азоттың улы оксидтері. Бір зауыт тәулігіне 20 тоннаға жуық оксидтер шығарады. Құрамында 3 - 6 мг/л азот (ІІ) оксиді бар ауамен 6 - 12 мин, 0, 1 мг/л азот (ІІ) оксиді бар ауамен 1 сағат тыныс алған адамның өміріне қауіп төнеді. Онымен уланған адамның басы айналады, әлсірейді, өңі қашып, қанның қысымы төмендейді. Бұл газдың өндіріс ауасындағы 0, 005 мг/л – ден аспауы керек.

11 - сыныптағы «Мұнай және оның өнімдері» тақырыбында мұнай өндіретін өндіріс орындарының зияндылығына тоқталамын. Жердің төменгі терең қабаттарынан өндірілетін мұнайды және өнімдерін өндірісте адам баласы күнделікті тұрмыста пайдаланғанда күкірт (ІV) оксиді, азот (ІV) оксиді, ал толық жанбағанда көміртекті сутегі түзіледі. Олар газ түрінде ауаға өтеді де, жаңбырмен жуылып, жерге түседі. Қышқыл жаңбырдың жиілеуі экологиялық жүйелерді және құрылысты бүлдіреді. Қышқыл жаңбыр суы топырақты магний, кальцийді жуып, алюминий, марганец сияқты металдарды сіңіріп, олардың улы қанықпасын түзеді. Бұның өзі өсімдіктердің қалыпты өсуіне үлкен кесірін тигізіп, ауа ластануына жол береді. Мұндай табиғатта бөліп жатқан улы заттарды тазалағыш жүйелер мен сүзгілер түрлерін пайдаланып, тоқтатуға болады.
10 - сыныптағы «Су» тақырыбын қарастырғанда «су – тіршілік нәрі» десек те, судың құрамында қайсыбір химиялық элемент шектен асып кетсе ол адамның денсаулығына зиянды екендігіне тоқталамын.

Мәселен, кадмий қан айналысын бұзса, асбест ісік ауруларына алып келеді, хром бүйректі құртса, сынап ішек ауруын тудырады. Холестеринмен қосылып, қан тамырлары мен тамырша көздерін бітей бастайды.
Нәтижесінде адам склероз, инсульт, инфаркт ауруларына шалдығады.
Көптеген елдерде судың құрамындағы сульфат мөлшері 1 литрге шаққанда
200 - 400 миллиграмнан келсе, бізде бұл көрсеткіш орта есеппен 500 миллиграмнан айналады.
Куба, ЧССР, Румыния мемлекеттерінің стандартына қарағанда біздегі стронций деңгейі ГОСТ бойынша 7000 есе көп. Цианид мөлшері ГДР, АҚШ, Канада, Румыния елдерімен салыстырғанда 2 - 10 есе артық. Осының салдарынан елімізде бүйректің қалыпты қызмет етуі, бүйректе тас байлану секілді аурулар жиі кездеседі.

Қазіргі таңда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есептеулеріне қарағанда дерт түрлерінің 80 % тікелей судан болап отыр. Бұл проблема әсіресе Арал өңірінде айрықша мәнге ие болуда.
Қазіргі кезде Сырдария өзенінің су бассейіндері пестицидтермен, ауыр металдармен ластануы айтарлықтай алаңдатушылық білдіруде.
Мыс, қорғасын және мырыш сияқты ауыр металдар адам ағзасының тканьдері мен өмірлік маңызды органдарында жоғары кумулятивтік қасиетке ие болып, созылмалы интоксикацияға ұшыратады, ал, ол өз кезегінде онкологиялық ауруларға, жүрек, қан тамырларының аномалиясына әкеліп соқтырады. Сондықтан да су құрамын ауыр металдар ионынан тазарту маңызды да, күрделі міндет болып табылады.
Судың экологиялық зардаптарының тигізер сырына қанық әрбір адам ауыз суға талап деңгейін жоғары ұстап, оны тазартып ішуге ынталы болуы керек.

10 - сыныптағы «Минералды тыңайтқыштар өндірісі» тақырыбында жер бетіндегі алты миллиард адамды асырау үшін минералды тыңайтқышты пайдалану экономикалық жағынан өзін - өзі ақтайды, дегенменде...
Минералды тыңайтқыштардан өсімдіктер 40 - 50% азотты, 20 - 25% фосфорды, 70 - 80% калийді ғана пайдаланады. Ал, қалған бөлігі топырақта қалып, топырақ (эрозиясына) ластануына жол беріледі.
Азотты тыңайтқыштардан көп берілген жағдайда 300 - 400 ц/га артық берілу адамдарды уландыру қаупін туғызады.
Әсіресе нитраттардың артық мөлшері көкөніс және бақшалық өсімдіктер үшін өте қауіпті келеді.
1991 - 1992 жылдары Төрекелді Шорманов бастаған Алматының кардиология ғылыми зерттеу институтының қызметкері Ж. Сисеналиев Қазалы қаласының екі мың тұрғынының қанын Түрікмен республикасына барып, тексеруден өткізгенде, олардың барлығынан да нитраттар шыққан. Сол институттың ғылыми қызметкері Хайрулла Бисеновтың зерттеуі ол нитраттардың адам тәнінен қайтып шықпай, қайта еселей көбейе беретіндігін көрсеткен. Оның үстіне бүгінге дейін нитраттарды жойып жіберетін дәрі жасалған жоқ.
7 416
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – адам – қоғам (пікір талас)
Табиғат – адам – қоғам (пікір талас)
Қазақстандағы экологиялық проблемалар Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол біздің елімізде де, әсіресе индустриялы, дамыған орталықтарда, соның ішінде ауыл шаруашылық аймақтарында да өткір түрде қойылуда.
Мұғалім – экологиялық мәдениетті қалыптастырушы тұлға
Мұғалім – экологиялық мәдениетті қалыптастырушы тұлға
ОҚО, Сайрам ауданы, Ақбай ауылы, №28 Ақбай жалпы орта мектебінің мұғалімі Серикова Қарлыға Ергешовна
Географияны оқыту үрдісінде экологиялық білім беру әдістемесі
Географияны оқыту үрдісінде экологиялық білім беру әдістемесі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы № 26 орта жалпы білім беретін мектептің география пәнінің мұғалімі Сапиева Гүлмира Хамидоллақызы
Биология пәнінен экологиялық тәрбие беру жолдары
Биология пәнінен экологиялық тәрбие беру жолдары
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №34 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Алгазина Роза Каскабаевна
Аралдың ежелгі мәдениеті
Аралдың ежелгі мәдениеті
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті № 80 мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі Әбдіреева Жадыра Аралдың ежелгі мәдениеті АННОТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: Аралдың ежелгі мәдениеті Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ең
Экология және биосфера 11 сынып
Экология және биосфера 11 сынып
Жалпы Биология курсында «Экология» тараудың бірі болып есептеледі. Экология биология ғылымының саласы ретінде дамып қалыптасқан ғылым. Экология – қазіргі кезде күрделі, кешенді ғылымдар деңгейіне көтерілді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×