Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Музыка барлық дертке ем (баяндама)

19 наурыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Музыка барлық дертке ем
Музыканың адам өміріндегі мәні ерекше. ”Ән жоқ жерде адам тірлігі де жоқ” деп Ю. Фучек өте тауып айтқан. Музыка адамды шаттыққа бөлеп, мұң - зарын сейілткен. Музыканың әсер - ықпалының күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез - құлқы мен салт - дәстүрін де өзгерте алады екен. Сөзіміз дәлелді болу үшін қытайлық музыка зерттеушісі Сыма Цяньның мына пікірін еске алайық: ”Дүниеге келген адам баласы өміршең рухты, жүрек пен сананы еншілей туады. Ал, қайғы мен шаттық, ашу мен қуаныш болса, туа бітетін қасиеттер емес, мұның бәрі де сыртқы әсерге деген адам сезімінің өзгеруі ғана, әрі - беріден соң сезімді қалыптастыратын да сол сыртқы әсерлер. Содан да болар, баяу да бойлауық, зарлы да сарнауық әуен бел алған ортада халықтың санамен сарғайып, мұңға батқаны; егер ерке де еркін, жайдары да жеңіл, иірім - қайырымы алабұрта елпілдеген әуен бел алса, онда халықтың шат - шадыман ғұмыр кешкені; егер қатқыл да қаһарлы, бастауы жігерлі, қоштауы асқақ, қайырмасы кең орамды әуен бел алса, онда халықтың өзіне - өзі сенімді де табанды болғаны; егер қоңыржай да ашық, орнықты да қалыпты, байсалды да шыншыл әуен бел алса, онда халықтың сыпайы да ізетшіл болғаны; егер шалқар да шалқымалы, жүрекке жылы, жанға жайлы әуен бел алса, онда халықтың мейірім мен махаббатқа бөленгені; ал егер жабайылардың әндері сияқты шегіне жете бүлініп - бұрмаланған, жанығып – жан ұшырған, ырду - дырду әуен бел алса, онда халықтың бұзылғандық пен бейбастақтыққа белшесінен батқаны” (Трактат о музыке юэшу) – Исторические записки (”Ши цзи”. М., 1986. ІV том. 74, 81, 82 – б.). Сөйтіп, Сыма Цянь халықтың музыкасы арқылы олардың ішкі және сыртқы тіршіліктерін аңғарып, анықтауға болатынын айтады.

Музыка дегеніміз — сырлы да сиқырлы дыбыс. Ал, дыбыс – табиғат. Табиғатсыз тіршілік жоқ болса, дыбыссыз музыка жоқ. Әуен көптеген сансыз дыбыстан құралады. Табиғаттан пайда болған жаңбыр, дауыл, жел үні, су сылдыры, құстардың әні, аңдардың үні мен қимылы, жан - жануарлардың боздауы, кісінеуі т. б. дыбыстарға еліктеуден әуен құралады. Мысалы, талантты сазгер Нұрғиса Тілендиевтің ”Құстар қайтып барады” әнінің ырғағына бір сәт құлақ түріп, зейін қоя тыңдаңызшы. Құлаққа құстардың қиқуы келіп, ол үн жүрегіңді баурап, көңілді мұң шалмай ма?!

Халқымыздың білгір сазгері, академик Ахмет Жұбанов музыка жайлы: ”Қазақ халқының талантты күйшілерінің күйлерінде құлаққа әрең естілетін шөптің сыбдыры, кең далада келе жатқан жалғыз жолаушының әні, аспанда қалықтап жүрген қайсар бүркіттің қанатының суылы бар…” — деп ерекше тебірене жазыпты.

Жақсы ән мен сазды музыка – жан азығы. Әсем ырғақты, жан тербетер ән, сазды музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып, рахат сезімге, ерекше қуанышты күйге бөленеді. Солардың арқасында қан айналу, зат алмасу процесі жақсарады. Музыка көңілді көтереді, қайғыны жеңілдетеді, бойды сергітеді, жанға жайлы эмоция тудырады.

Ежелгі гректер музыка мен медицинаны қосып, оған қамқоршы етіп бір Құдайды — Аполлонды беріпті. Музыканың адам денсаулығына, көңіл - күйіне әсер ететіні жайлы мәліметтерді ұлы дәрігер Эскулаптың, ежелгі грек математигі‚ философы Пифагордың, философтар Аристотель мен Платонның еңбектерінен табуға болады. Музыка ырғағы күш - қуат беріп, көңіл - күйді көтеретінін әскери мамандар да ертеден мойындаған. ”Музыка армияның жігерін екі - үш еселендіреді” деп орыс армиясының белгілі қолбасшысы А. В. Суворов дәл айтқан.

Қытай мен Грекияда музыканың емдік қасиеті жайлы ертеде ақ белгілі болып, ол біздің дәуірімізге музыкатерапия немесе вакалотерапия ретінде жетіп отыр. Музыканың дыбысына, ырғағына байланысты адам организмі әрқалай әсер алады. Сондықтан, оны кейбір жүйке ауруларын емдеуге, олардың алдын алу мақсатында пайдаланатыны белгілі. Мысалы, әсерлі музыка эндокринді бездер қызметін едәуір жақсартады да, гормондар бөліну күшейе түседі. Музыка ас қорыту тізбегіне де жағымды әсер етеді. Музыканың адамға әсері оның қандай аспапта орындалуына байланысты. Мысалы, сыбызғы үні қан айналымына, жүрек тамырларына пайдалы әсер етсе, скрипка мен фортепиано адамның жанын жай таптырып, жүйкесін тынықтырады екен. Ал, қазақтың екі шекті музыкалық аспабы қоңыр домбыраның күмбірлеген үні, киелі қылқобыздың жүрек елжіретер сырлы сазы қалай сізді бей - жай қалдыра алады?

Музыкатерапия қазіргі кездері невроздар мен неврастения секілді ауруларды емдеу мақсатында, шаршап, ұйқы қашқан кезде жүйкені тыныштандыратын ем ретінде пайдаланылып жүр. Музыкатерапия гипертониялық, жүректің ишемиялық аурулары мен нейроциркуляторлық дистония сырқатын емдеуде де қолдау тапты. Ғалымдар музыканың тіршілікке қандай пайдасы барын анықтау үшін бірде мынадай тәжірибе жасаған. Гүл өсірілген плантацияның бірінде үнемі жанға жайлы сазды музыка ойнап тұрған да, ал екінші бір плантациядағы гүлдер музыкасыз жай тәсілмен өсірілген. Тәжірибенің қорытындысында ғалымдар музыка ырғағымен өскен гүлдердің жақсы да әсем болып өскенін анықтаған.

Тағы бір тәжірибе музыка сазымен сауылған сиыр сүтті әдеттегіден көбірек бере бастайтынын дәлелдеді. Өз ұлтымыздың да музыка мен сазды әуенге байланысты неше бір аңыздары бар. Солардың бірі — ботасынан айырылып, көздерінен жас сорғалап боздап тұрған аруанаға сырлы сыбызғымен ән ойнағанда жаңағы түйе боздағанын тыйып, бойы босаңсып, иіген екен. Міне, әннің құдіреті!

Осы келтірілген мысалдардан - ақ музыканы тек адам ғана емес, бүкіл табиғат ұнатады екен, ол бәріне қажет екен. Зейін қойып, зер салсаңыз, табиғаттың әрбір құбылысы, әрбір суреті таңғажайып саз, музыка емес пе? Мәселен, ағаш жапырағының сыбдыры, бұлақ суының сылдырай аққаны, құстардың үні, шегірткенің шырылы, араның ызыңы, көбелектің көлбей ұшуы… Сезіне, түсіне білген адамға бәрі әуен, бәрі музыка.

Табиғат аясында бірер сағат болудың өзі адамға бір аптаға қуат, күш - жігер беретіні сондықтан. Мысалы, жұмыстан шаршап келгенде 15 - 20 минут жанға жайлы жеңіл музыка тыңдасаңыз, жаныңыз сергіп сала беретінін, күш - қуат аз уақыттың өзінде қалпына оралатынын байқайсыз. Жігерлі, екпінді де шабытты музыка адамдарға жігер қосып, ерлікке бастайтыны белгілі. Мысал үшін өзіміздің елдің әнұранын (мемлекеттік гимнді) алайық. Ол ойнағанда бойыңда елге деген, халқыңа деген ерекше ұлттық сезім пайда болып, сол елдің азаматы екеніңді ерекше мақтаныш тұтатындай күш пайда болмайды емес пе?

Сазды да сырлы музыка, әсіресе, жасөспірімдер мен жас балалар үшін қажет - ақ. Музыка олардың орталық нерв жүйесіне, яғни, жүйкесіне әсер етіп, ой - өрісін жетілдіреді, рухани дүниелерін байытады, сезімталдыққа, нәзіктікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді.

Расында да, музыка – адамды ерекше рахатқа бөлейтін ұлы күш. Ән - әуен адам сезімін баурап алып, жанға жайлы, мол эмоциялық сәттер туғызады. Тартымды да мәнді музыка – дертке де шипа.
13 761
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көңілді дыбыстар
Көңілді дыбыстар
Музыка әлемінде көңілді дыбыстар көп кездеседі. Көңілді дыбыстар бізге шаттыққа толы көңіл күй сыйлайды. Көңілді әуен тыңдағанда көтеріңкі көңілде боламыз. Шалқып ән салып, би билегіміз келеді. Музыкалық дыбыстарға – ән, әуен, музыкалық аспаптардың
Біз - көңілді баламыз
Біз - көңілді баламыз
Балаларды музыканың әр түрлі сипатымен таныстыру. Музыка ырғағын сезіне, әрекет ете білуге үйрету.
Менің шұғылалы әлемім педагогтарға арналған тренинг
Менің шұғылалы әлемім педагогтарға арналған тренинг
Адамдардың бір - бірімен қатынасын оңтайландыру, өзара іс - әрекет дағдыларын дамыту, басқалардың пікірі, көзқарасымен санаса білу, жеке басты демалдыру арқылы өзіндік талдау жасауын қалыптастыру.
Ата- анаға кеңес "Әдемі әннің әсері"
Ата- анаға кеңес "Әдемі әннің әсері"
Бастауыш сынып мұғалімі Жанаргуль Сандыбековна Макатова
Күз әуені
Күз әуені
Думан толы асқарлы Күз мезгілі басталды. Күз әуені кеп жетті, Әнге бөлеп жастарды. Нұрға бөлеп өмірді, Жырға бөлеп көңілді, Жарқыраған сәулелі Күз әуені төгілді.
"Бір бала" Музыканың бастауы - халық әуендер
"Бір бала" Музыканың бастауы - халық әуендер
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ елді - мекені, Кеңқияқ орта мектебінің музыка пәні мұғалімі: Алинова Данагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×