Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыр сүлейі - Тұрмағамбет

29 наурыз 2013, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Суырып салма ақындығымен, ерекше талантымен елге танылып, «Сыр сүлейі» атанған Тұрмағамбет Ізтілеуов туралы.

Сыр сүлейі - Тұрмағамбет
Сыр бойы ежелден - ақ орақ ауыз, от тілді шешендер мен көсем қарияларға, жез таңдай әншілер мен айдарынан жел ескен ақын - шайырларға, жыршы - жырауларға, сал - серілерге кемде болмаған. Өзгеден ойы асқақ, бойы биік осындай парасатты перзенттерін халық сүйсінгендіктен оларды «Сүлей» деп атайды. Солардың бірі – қазақ әдебиеті мен мәдениетіне айрықша үлес қосқан, суырып салма ақындығымен, ерекше талантымен елге танылып, «Сыр сүлейі» атанған Тұрмағамбет Ізтілеуов.

Сыр ақындарының ағасы, поэзия бұлбұлы Т. Ізтілеуовтің туғанына міне 130 жыл. «Көкелташ» медресесін бітіріп, өз еліне оралады. Қызылқұм жиегінен пансионды мектеп ашады. Бұқарада оқып жүргенде ол араб, парсы, шағатай (өзбек) тілін үйреніп, Бируни философиясын терең игереді. Бірақ Т. Ізтілеуовтың Сырға оралуы бір ғана медресе ашуда емес, Сыр елінде шағатаизм - түркизм стилімен ұштасқан қазақтың жазба әдебиетінің тууымен байланысты болды.

Тұрмағамбет 1901 жылдан бастап үлкен ақын атанған болса, оның әдебиетке келуі Сыр үшін өзінше бір ояну кезеңі болды. Соның басында Тұрмағанбет тұрды. Сыр поэзиясы әр қилы жанрда өзгеше дамиды. Нысанбай, Жаңаберген, Балқы Базар, Рүстембек, Сәрсенбай, Молдахмет жыраулық салтында көрінсе, Нұртуған, Ерімбет қисса ақыны болып көрінеді. Қанды, Кете Жүсіптер, Нағым, Даңмұрындар өзінің толып жатқан шәкірттерімен айтыс поэзиясымен шұғылданады. Толғау, терме ақындары көбейеді. Осылардың бәріне ұстаздық жасаған, қиссалық әдебиетке жол салған ақын — Тұрмағамбет болған. Әңгіме айтушылар көбеюінде емес, Сыр бойында «туркизммен»ұштасқан, қазақтың жазба әдебиетінің келелі түрде туып, соның поэзия дариясына айналуында болған еді. Тұрмағамбет мектебіндегі ақындар қандай жанрда көрінбесін, бұрынғы фольклор стилін тастап, жазба әдебиеттің шығысқа тән жаңа үлгісін жасайды. Бұл стильдің туын көтерген ақын Тұрмағамбет болса, соның жаңалығына түсінгендер Ерімбет, Шораяқтың Омары, Дүр Оңғар сияқты келелі ақындар еді.

Тұрмағамбет бір ғана эпопеялық жанр емес, толғау, терме поэзиясын да түгелдей жаңартып, өзгеше байытқан ақын. Оның толғаулары қаншама болса да, бір ұйқаспен бітеді. Осы ұйқасты Сыр бойында қолданбаған ақын кем.
Жыраулар Тұрмағамбеттің әрбір толғауына ән - күй ойлап шығарған. Олай болса Сырдың поэзиясы ғана емес, ғажап музыкасын да Тұрмағамбетсіз түсіну қиын.
Тұрмағамбетте аздаған айтыс өлеңдері де бар. Сыр бойында Тұрмағамбет стилін бастап қолданған ақын — Қаңлы Жүсіп болған еді. «Турки»деп аталатын бұл стиль Сыр айтыстарында классикалық дәрежеде көрінеді.. Тұрмағамбет толғауларын ел іші осы күнге дейін домбырамен айтады. Жастарды жақсы мінезге, халықты қадірлей білуге шақыратын бұл термелердің ғибраты ғажап. «Адамдық іс» деген термесі халық арасында сақталып, айтып жүр. «Алтау ала болса ауыздағы кетеді», деп бірлікті насихаттайды, «Кейбіреу сәл бақытқа мас болады, шабақтай шалпылдаған қайраңдағы» деген жерде ол болыс - билерді (1907) сынайды. Гуманист, ұстаз ақын өзінің алғашқы поэзиясында елді оқу, білімге шақырады, мансап қуғандарға ақыл айтады. Тұрмағамбет поэзиясында халықтық мазмұн терең болып келеді. Оның қадірін білем десеңіз халық ортасына барыңыз.

Жыр жампозы Тұрмағамбет Ізтілеуов артына тәлім - тәрбие, өнеге қалдырып, өсиеттік мәні бар ақыл - нақылдар жазған. Ақынның шығармалары да бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесінде тәлімдік мәнге ие болып, халықтың игілігіне айналып келеді. Ол адамдардың ізгі мұратына үлгі - өнеге ретінде қызмет етеді. Ақын Тұрмағанбеттің «Тәлім» деген өлеңінде:
Аға деген ініні -
Жаным десе болады.
Ерін күткен әйелді -
Ханым десе болады.
Қызғалдақтай ұл - қызды,
Сәнім десе болады, - дейді.

Осы өлеңді оқыған әрбір жас жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге ұмтылады. Ақын өлеңде жүрекке жетерлік ой тастайды, жыр желісімен ғибраттық ой түйеді. Оқырман әрбір шығармасынан қорытынды шығарып, өзіне өнеге алады. Өлең адамдар арасындағы қарым - қатынас нормаларын насихаттауға құрылған.
«Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын,
Ғылым кен күнде өніп, қоздайтұғын.
Иелік екеуіне еткендердің
Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын», – деп ақынның өзі жырлағандай, мәдениет саласындағы шоқтығы биік асылдарымызды ардақтай білейік дегім келеді.
14 398
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жастар – болашақ кепілі
Жастар – болашақ кепілі
Қай кезде де «жастар – болашақтың қожасы» деп оларға үлкен сенім артылып, үміт күтіледі. Бірақ биылғы 2019 жылды Елбасымыз Жастар жылы деп ерекше атауы тегіннен тегін емес. Жастарда бұрқыраған қуат бар.
Тест "Жыраулық дәстүр"
Тест "Жыраулық дәстүр"
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, №5 орта мектеп музыка мұғалімі Есмуханова Самал Жанатлековна
Қасиетпен құт дарытқан Қызылорда!
Қасиетпен құт дарытқан Қызылорда!
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы, "Т. Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 11 сынып оқушысы Төребекова Гүлнұр
Шуақты өлең
Шуақты өлең
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы, "Т. Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 11 сынып оқушысы Төребекова Гүлнұр
Тілге құрмет - елге құрмет
Тілге құрмет - елге құрмет
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылы, №29 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бектасова Айымжан Дастанбекқызы
Сыр сүлейі - Нұртуған
Сыр сүлейі - Нұртуған
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×