Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін!

24 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін!
Тіл мерекесіне арналған мерекелік іс – шара.
Зал іші мерекелік іс – шараға байланысты безендірілген. Абайдың қанатты сөздері, нақыл сөздері, мақал – мәтелдері жазылып ілінген.

Мақсаты: Тәрбиешілерге өз білімдерін шыңдай түсуге, іс – тәжірибелерінің шеберлі, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттері Абай өлеңдерін, әндерін, қара сөздерін нақышына келтіре орындауы, көркем оқуы кезінде тәрбиешінің білім деңгейінің шыңдалуы нақтыланады.

Тәрбиеші: Армысыздар, балабақша ұжымы және апайлар, тәрбиешілер!
Бүгінгі тіл мерекемізде ұлы Абай атамыздың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты тақырыпқа байланысты тәрбиешілер арасынан сайыс өтпек.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Даналықты көздесең,
Жат, тоқып ал ақ көңілге, - деп С. Торайғыров бабамыз жырлағандай, Абай бір ғана әдебиеттің ауқымына сыймайды.
Абай әлемі, Абай табиғаты,
Абай үнемі мүлдем ерекше.
Абай – қазақтың ұлы ғұлама ғалымы.
Абай - өлеңнің атасы, сөздің патшасы.
Абай – қазақ поэзиясының асқар биігі.
Абайдың ұлылығын, сырлы жүрегін, қара сөзін, даналығын әр
қазақ бойына сіңірді. Өйткені Абай қашан да Абай.

Олай болса сайысымызды бастап, сайыскерлерді ортаға шақырайын.
1. Бөбектер тобы: Рашова Ұлбосын.
2. І кіші тобы:
3. ІІ кіші тобы:
4. Ортаңғы «Б» тобы:
5. Ортаңғы «А»тобы:
6. Ересек тобы:Сайыс 4 - кезеңнен тұрады.
1 - кезең: Абайдың өлеңдерін көркемдеп оқу.
2 - кезең: Абайдың тәрбиелік мәні зор қара сөздерінің жалғасын табу, білу.
3 - кезең: Сұрақ – жауап.
4 - кезең: Абай әндерін орындау.
Әділқазылар алқасы ең жоғарғы балл – 5.

1. Әділқазы төрайымы: Балабақша меңгеруші
2. Мүшелері: Балабақша әдіскері
Балабақша психологы
Сөз балабақша меңгерушісі ----------------------- беріледі.

Тәрбиеші: Ұлылығы жер - әлемге таралған,
Қасиетіне басын иген бар адам.
Абай атам - мақтанышы қазақтың,
Бар өмірін өлең - жырға арнаған.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін – деп Абай жырлағандай 1 - кезеңді көркем сөз оқуға береміз.
1 – кезең: Абай өлеңдерін көркемдеп оқу.
1. Өмірзақова Зибагүл. «Әсемпаз болма әрнеге»
2. Рашова Ұлбосын. «Сабырсыз арсыз еріншек»
3. Көшекбаева Гүлбану. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»
4. Ерназар Гүлсім. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
5. Қали Дәмегүл. «Құлақтан кіріп бойды алар»
6. Садықова Жадыра. Жыл мезгілдері: «Жазғытұры» «Күз» «Қыс»

Біздің кішкентай бүлдіршініміз Ақбаянның орындауында «Бипыл» әні.
Тәрбиеші: Бізге Абай әр сөзімен данышпан. Абайға табынбаған адам – ақылға табынбайды деген Ғ. Мүсірепов, яғни Абай ақыл – ойдың кемеңгері, қара сөздерінен ұрпаққа үлгі, шексіз ұлағат, аманат бар. Келесі кезеңді қазақ сөзінің киесі қонған қара сөздерге берсек.

2 - кезең: Абайдың қара сөздері.
Тәрбиеші: 1) Естілген сөзді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар? Бұл Абайдың нешінші сөзінен және мазмұнын айтыңыз.
Өмірзақова З. Отыз бірінші қара сөз.
2) «Қайрат, ақыл, жүрек» Абай сөзінің нешінші сөзінен және неге адамның көп қасиеттерінің ішінен осы үшеуін ғана таңдап алған? Рашова Ұ. Он жетінші қара сөзінен.
3) «Өнер алды бірлік, ырыс алды тірлік» қазақтың мақалы Абайдың қай сөзінде жазылған және осы мақалды қалай түсіндіресің? Көшекбаева Г. Алтыншы қара сөзінен.
4) Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады екен, олар қандай және Абайдың қай сөзінде берілген? Ерназар Г. Жетінші қара сөзінде айтылған.
5) Қазақтың екі қасиеті: қуаныш пен жұбаныш бар. Бұл Абай қара сөздерінің нешінші сөзі? Қали Дәмегүл. Абайдың жиырма үшінші қара сөзінен.
6) Абай махаббат сезімін қай қара сөзінде жазған? Садықова Ж. Қырық бесінші қара сөзінде жазылған.
Тәрбиешілер толық жауаптарын берді.
Би: «Қара жорға» бір топ балалар.

3 - кезең: Сұрақ – жауап сайысы.
(Тәрбиешілер үстел үстіндегі сұрақтарға жеребе бойынша жауап береді)
1. Абай қай жылы дүниеге келіп, қай жылы дүниеден қайтты?
Ұлы ақын, философ, ағартушы Абай Құнанбайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысында, Шығыс тауының бауырында дүниеге келген. 19047 жылы өмірден қайтты.

2. Абай неше жасында мұсылманша, орысша оқыған және би атанған?
Абай 10 - 12 жасынан бастап мұсылманша оқып, 14 жасында Медреседе орыс мектебінде білім алып, 15 жасында ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, Абай би етіп сайланған.

3. Абай қай тілдерді меңгерген?
20 жасында Абай от тілді шешен, жаңа заманға ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін меңгерген.
4. Абай қай ұлтпен достасты, және кімдердің еңбектерін оқыды?
Абайдың өнерге бет бұруына себепкер оның орыс достары Грось пен Михаэлис болды. Абай Пушкин, Лермонтев, Крылов, Толстой, Тургенов еңбектерін оқыған.
5. Абайдың аударма мысалдарын ата?
Шегіртке мен құмырсқа. Есек пен бұлбұл. Бақа мен өгіз, Қарға мен бүркіт, т, б.
6. Абайдың неше қара сөздері бар?
Абайдың қырық бес қара сөздері бар.

Тәрбиеші: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан.
Абайдың осы өлең жолдарынан әр адамды өнерпаз болуға үндеп отырғаны баршаға мәлім. Келесі кезеңді Абай әндеріне береміз.
4 - кезең: Абайдың әндері.
1. Желсіз түнде жарық – ай.
2. Көзімнің қарасы.
3. Айттым сәлем Қаламқас.
4. Бойы бұлғаң.
5. Сегіз аяқ.
6. Татьяна сөзі.

Әділқазыларға сөз беріледі. 1, 2, 3 орындар, ынталандыру сыйлықтары беріліп марапатталады.
Тәрбиеші: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ – барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Абайдың әр сөзі қазақтың бойтұмары» болмақ. Абай есімі – қазақ әдебиетінің таңдаулы дәстүріндегі атына заты сай символы.
Абайды оқыңдар, таныңдар, тағыда оқыңдар!
Абайдың өсиетін тыңдаудан ешқашан жалықпаңдар!
18 926
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан
Оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен нақыл сөздерімен таныстырып өлеңді мәнерлеп, саналы түсініп оқуға машықтандыру;
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!
Абай атаға арнау
Абай атаға арнау
Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің 7- сынып оқушысы Абдраманхан Марат
Ұлы Абай - нар тұлға
Ұлы Абай - нар тұлға
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Құрма ЖОББМ Бөкен Қазбек Маратұлы
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе
Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы, Т. Жүргенов атындағы орта мектептің бастауыш класс мұғалімі: Искакова Шаригул Садуакасовна
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы, Үржар ауылы КММ «Крупская атындағы орта мектеп - балабақша» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірханова Райхан Есілжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×