Ұялшақтықтың алдын - алу жолдары
Ұялшақтықтың алдын - алу жолдары
Ұялшақтық - өте жасырын ұғым және өз алдына жеке мәселе. Ғылыми тұрғыдан қарастырсақ, зерттеушілердің пікірінше, осы жағдаймен жастардың тең жартысы азап шегуде. Ұялшақ болу ішкі жан дүниесін аша алмау, қорқу, қоршаған ортамен байланысқа түсе алмау, соған бола қобалжу, ойын еркін түсіндіре алмау. Ол әр адамда болады деп ашық айта алмаймыз. Себебі әр тұлғаның психологиясы әрқилы, табиғаты да бөлек. Біз білетіндей, мінезі жұмсақ, момын, тым ойға берілгіш келетін кісілер өмірде өз жолын табуда қиналады.
Бұл адамдардың достары аз, қоршаған ортасы тар, өзінің жан дүниесі сияқты мұңлы болып келеді.
Бұдан шығатын қорытынды, барлық айналадағы болып жатқан құбылыс адам баласымен өте тығыз байланысты. Мұндағы басты мақсатымыз қоғамда белсенділік таныту. Сіз мүмкін адамды танып білуде, қатынас жасауда қиналарсыз, өйткені, адам баласы біз білетіндей бірдей болмайды. Сондықтан қандай қиын жағдайды бастан өткерсеңіз де, яғни кикілжің күйзеліс, түсінбестік, шатасу сияқты мәселе болса, ымыраға келуге тырысыңыз. Мейлі сіздің ойыңызды дұрыс түсінбей, пікіріңізге шалыс айтуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайда керісінше, өз еңсеңізді түсірмеңіз, себебі қазақта «жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» демекші әрқашан ортада пікіріңізді айтып, ашық болуға тырысыңыз. Қанша дегенмен, бұл сіздің пікіріңіз екенін ұмытпаңыз.
Көптеген психологтар, әлеуметтанушылар және т. б мамандар ұялшақтықты кең түрде зерттеуге тырысты. Ол ұялшақтықтың неден туындайтынын көрсетті. Жеке адамды тұлға ретінде зерттеушілердің пікірінше ұлшақтықтың адамда ата - тектен тараған, яғни тұқымда бар деп сараланады.
Бихевиористердің айтуынша, ұялшақтық қоғаммен тіл табыса алмайтын немесе өмірге бейімделуден, қашқындықтан қалыптасады. Психоаналитиктердің ойынша, өзіне сенімсіздіктен, ойын сырт ортаға шығара алмаудан. Әлеуметтанушылар немесе балалар психологының тұжырымдауынша, ұялшақтықты белгілі бір жеке термин ретінде қарастыра келе әлеуметтік ортаның қалыптасуына байланысты туындайды деп көрсетеді.
Қ. Б. Жарықбаевтың айтуынша, ұялу – басқа адамның әдетте жақындарының қылығымен не тұлғалық мінездерінің көрініс беруімен байланысты болуы мүмкін. Ұялшақтықты өзіне - өзі кемелдендіру, білім мен біліктілікке жету, өз қабілеттілігін арттыруға бағытталған мінез - құлықтың
қуатты қозғаушы күші арқылы жоюға болады. Ұялудың бастапқы шегі әркімнің құндылық бағдарына әрбір жеке тұлғаның қасиетіне, айналасындағы адамдардың өз жөніндегі пікірлеріне, сезімталдығына байланысты.
Жоғарыда атап көрсеткендей, ұялшақтық әр адамда болатын жағдай. Оны танып білу оңай емес. Себебі ол әр түрлі болады. Мысалы, адаммен байланысқа түсуде көңіл толмаушылық, көзін үнемі төмен түсіріп жүру, жай сөйлеу, қоғаммен қатынасқа түсуден қашу.
Ұялшақтықтың басты көрінісінің бірі – енсіздік немесе шорқақтық. Бұндай белгілер көбіне тым ойға берілетін тұйық адамдарда болады. Егер біржерден қателіктер жіберіп жатса, сол ісі үшін біреулер алдында өзі ұятты сезініп, жерге кіріп кетуге дайын тұрады. Өздерін дәрменсіз, ақымақ, ешкімге керексіз сезінеді. Қатты ырғақты дауыстармен олар өз бойындағы ұялшақтықты жойғысы келеді. Алайда ішкі сезімдері сыртқа айдан анық көрінеді. Қорқыныш, қобалжу, адамдармен қатынаста қолайсыз сезіну, біреулердің пікіріне тәуелді болу, мұның бәрі өздеріне деген сенімнің жоқтығы. Бұлар осының әсерінен өмірде еш мақсатсыз өмір сүреді.
Баяндаманы аяқтай келе, өз іс тәжірибеме тоқталып өтейін. Технология сабағы оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыруда маңызы зор пән деп айтар едім. Себебі, «Ауыл шаруашылығы», «Мал шаруашылығы», «Сәндік қолданбалы өнер», «Тамақ әзірлеу технологиясы» т. б тақырыптар төңірегінде оқушылар белгілі бір мамандыққа, жеке тұлға болып қалыптасуға икемделеді, бейімделеді.
Өзім сабақ беретін сыныптарда еңбек ету - әрбір адамның міндеті екенін үнемі айтып отырамын. 9 - сыныпта «Тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласындағы мамандықтар», «Сауда саласындағы мамандықтар» деген тақырыптарда ашық сабақ өткіздім. Малтабар Алмат ауылды жерде көпшілігі мал шаруашылығымен айналысатындықтан, осы шаруашылыққа қатысты мамандық таңдағысы келетінін және ауру малдарды емдеп өз үлесін қосқысы келетінін айтып өтті. Басқа да оқушылар өздері таңдаған мамандықтары, оларды не үшін таңдағаны туралы өздерінің пікірлерін ашық білдірді. Бұлда болса, оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуының бір көрінісі деп білемін.
Сабақтарда, сыныптан тыс сабақтарда қазақтың ұлттық тағамдары, киімдері, бұйымдары жайлы сұрақтар қоямын, ұлттық бұйымдарды жасауға, тігуге тапсырма беремін. Мысалы, құрақ құрау, киіз үй макетін жасау, текеметтің оюын ою т. б. Сонымен бірге, ұршық иіру, жүн тұту, сабау секілді ата - бабадан келе жатқан ұлттық мұраларымызды қосып отырамын. «Ас – адамның арқауы»,- демекші «салат даярлау», «тәтті тағамдар» жасауда да қыздар өздерінің шеберліктерін көрсетіп жатады. Атап айтсам, Пернебай Сәния, Есболат Аружан, Сайынбай Үміт, Жұман Нұрлан, Майлыбай Рүстем т. б оқушылар.
Ұлттық бұйымдар, тағамдар т. б тақырыптар төңірегінде реферат жазуға беремін. Мұндай жұмыстар оқушыларды ізденімпаздыққа, материалды жан - жақты зерттеп, талдауға, қорытынды жасауға үйренеді. Сонымен бірге ұлттық дүниелерімізді есте сақтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мектептегі технология. №7 - 2010 жыл
2. Мектептегі технология. №11 - 2011 жыл
3. «Еңбекке баулу» пәні оқыту әдістемесі. 1-4 сынып. Күнпейіс Жұмахан. Алматы «Дарын» 2005 ж.
4. Интернеттен алған материал.

Жаңалықтар
Бала – отбасымен бақытты.
Бала тәрбиесі ата – ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата – ананың орны бөлек. Тәлім – тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата – ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік
Тұлғаның адамгершілік қасиеті
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №14 жалпы білім беретін орта мектептің құқықтану пәні мұғалімі Исболсынова Света
Мектептегі қарым-қатынас. Дай-дамай психологиясы
Өзінің ішкі сарайына, көз жүгірте білетін әрбір адам – психологияның дап - дайын тұрған дәрісі. К. Д. Ушинский Қарым - қатынас – біріккен іс - әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс
Ұстаздың бағасы
Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Абдраманхан Марат
Девинатты мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Девиантты мінез - құлықтың психологиялық ерекшеліктері
Өзін-өзі тану пәніне арналған арнайы курс бағдарламасы
Құрастырған: Гулмай Оналханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.