Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіз еліміздің айқын табысы

15 сәуір 2012, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІҢ АЙҚЫН ТАБЫСЫ
Астанада өткен саммит - бүкіл Қазақстан халқының салтанаты, оның бірлігінің, болашаққа ұмтылысының дәлелі, еліміздің айқын табысы болды.
Н. Ә. Назарбаев

Сарыарқаның төсінде «саммит» деген атпен өткен халықаралық маңызы бар зор іргелі жиынның халыққа бергені де еліміздің одан күткені де көп. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында төрағалық етуіміз ақордамызда өткен саммит елбасының ат төбеліндей аз ғана халықты айдай әлемге таныта түсуінің тағы бір батыл қадамы, ақылға құрылған амалы, ішкі-сыртқы тығырықтан шығу үшін, алыс жақын елдермен бірлесіп, шешім іздеу үшін таптырмас құрал. Саммит Қазақстанның сыртқы саясатына қанат бітірді. Бүкіл әлем халқы санасатын тарихы алтын әріптермен жазылған қазақ ұлтының іргесі беки түсуіне игі ықпал етті.

Вена қаласында өткен ЕҚЫҰ-ның қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форумында сөз сөйлеген Литва республикасының сыртқы істер министрі А. Ажубалистің: « Коммунистік Қытайды да, капиталистік дүниенің алыбы АҚШ мемлекетін де кеше ғана өзін билеген Ресейді де стратегиялық әріптес деңгейіне көтерген – Нұрсұлтан Назарбаев», деген сөздері елбасымыздың ұтымды идеяларының жемісінің көрінісі. [1]

Астанада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитінде «Біз әлемнің демократия ешқашан болмаған бөлігінде оны қалыптастырып отырмыз. Қазақстандағы тұрақтылық- бұл, ең алдымен, сенімді экономикалық өсу. Біз кедейшілік өзіміздің жас демократиямызды кемсітпеуі үшін алдымен экономиканы дамыттық. Барлық 140 этностың және 46 конфессияның төзімділігі, татулығы мен келісімі Қазақстанның берік іргетасы болды » , деді Нұрсылтан Әбішұлы. Елбасының осындай ұшқыр ойлары мен озық қадамдары елімізді бүгінгідей бедел биігіне көтерді. [2]

ЕҚЫҰ төрағалығындағы ұранын Қазақ елi ұйымның бас тiлi ағылшынша төрт «Т»-мен түсiндiрдi. «Траст» – сенiм! Бiр-бiрiмiзге деген бiзге аса қажет қасиет. «Традишин» – дәстүр! ЕҚЫҰ-ның негiзгi қағидаттары мен құндылықтарынан тұрады. «Транспаренси» – транспаренттiк! Халықаралық қарым-қатынастарда мейлiнше жариялылық пен транспаренттiк. Қауiпсiздiкке төнетiн қауiп пен қатерлердi еңсеруде сындарлы ынтымақтастыққа ұмтылу керек. «Толеранс» – төзiмдiлiк! Бүгiнгi әлемде барған сайын маңызы артып отырған мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогты нығайту жөнiндегi жаһандық трендтiң көрiнiс табуы.
Бұл ұран Қазақстанның iшкi саясатымен үндес және ол ұйымға жаңа серпін берді деп ойлаймын.

Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалығы барысында ұйымның үш өлшемді міндеттері мен мақсаттарына жүгіне отырып, қомақты істер атқарды. Жанжалдардың алдын алу жөніндегі дипломатиялық күш жігер көрсетіп, сенімді қарым –қатынас құру және қауіпсіздік жөніндегі шаралар алға қойылды. Мәселен, Қырғызстандағы қанды қырғынның зардабының азаюына мұрындық болған елбасымыздың ерен еңбегі қазіргі таңда жоғары бағаланып отыр.

Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлықты жариялап және ядролық қарудан бас тарта отырып, Жалпыға ортақ ядролық қарусыз әлем декларациясын қабылдау туралы бастама жасалды. Қазақстандағы тұрақтылықтың кепілі экономикамыздың өсуі екендігіне әлемнің көзі жетуде. Бұл- экономикалық- экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның негізгі мақсаттары мен міндеттерің бірі, үш бағыты iшiндегi ең маңыздысы - адами өлшем. Осы тұста айта кететін жайт, Қазақстан Республикасының Конституциясының он бес жылдығы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуімізбен тұспа – тұс келді. [3] Сондықтан да, Қазақстан төрағалықты қабылдаған сәттен бастап адами өлшемнiң дамуына аса айрықша ықылас танытты. Үшінші бағытқа байланысты он бір ай ішінде үш қосымша кеңес және адами өлшем жөніндегі семинар мен гуманитарлық саладағы шолу конференциялар өтті. Олар- Венада өткен “Гендерлік балансты ілгерілету және әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге қатысуы” деген тақырыпта Ұйымның жыл сайынғы бірінші қосымша кеңесі, “Ұлттық азшылыққа жататын тұлғалар білімі: интеграция және тең мүмкіндік” тақырыбындағы Вена қаласында өткен екінші қосымша кеңес, Варшавадағы “Тәуелсіз сот жүйесін нығайту және жұртшылықтың әділ сотқа қолжетімділігі” деген тақырыпта семинар, Данияда өткен адами өлшем аясындағы конференция.

Бұл іс-шараларда Қазақстан әйелдердің құқығын қорғау, сондай-ақ гендерлік теңдік саясаты Қазақстан үшін де, ЕҚЫҰ кеңістігіндегі елдер үшін де аса өзекті мәселелердің әрі басым бағыттардың бірі екенін қадап көрсетті, гуманитарлық өлшем бойынша ұлттық азшылық құқықтарын қорғау проблемаларына баса мән берді. Қазақстан Ұйымның төрағасы ретінде елдерде өтетін сайлауларға байқаушыларды жіберіп отырды. Мысалы, биылғы жылы ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы, қазақстандық байқаушылар Украинадағы, Тәжікстандағы, Грузиядағы сайлаулар мен Қырғызстандағы референдумға қатысты. 140 этностың және 46 конфессияның төзімділігі, татулығы мен келісімі орнаған Қазақстан еліміздегі секілді жүздеген этнос өкілі емес, өз арасындағы аздаған халықтың ішіндегі кикілжіңді шешуге күші жетпей отырған елдерге үлгі болуда. [4]
Бәрі де БҰҰ-ның жарғысына, ЕҚЫҰ-ның ұстанымдарына сәйкес келді, алайда, барлық мәселе үнқатысуымен, бейбіт жолмен шешілуі тиіс. Ең бастысы- адам құқығы, адам бостандығы, демократиялық құндылықтар, еркін сайлау, заңның үстемдігін қатаң сақтау еді. Менің ойымша, осы ең басты адами құндылықты төрағалығымызда сақтадық та.

Он бір ай бойы жасалған жұмыстарымыздың қорытындысы ретінде қазақ жерінде ұйымдастырылған Астана саммиті- Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, әлемнің алдағы дамуына қатысты көкейтесті мәселелер жөнінде жаһандық үнқатысуды қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалатты. Өткен саммитте еліміздің жетістіктерін, экономикалық әлеуеті мен мәдени ерекшелігін, ұлтаралық татулық пен келісімнің еліміздегі моделін паш еттік, республиканың тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік- экономикалық және саяси жетістіктерінің нәтижесімен таныта алдық.
Қорытындылай келе, Еуразия жүрегіндегі, қазақ жеріндегі үнқатысу - бүкіл Қазақстан халқының жетістігі, болашаққа ұмтылысының дәлелі, тәуелсіз еліміздің айқын табысы болды.
5 683
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстанның әлемдегі имиджі
Қазақстанның әлемдегі имиджі
Қазақстан Республикасының әлемдік деңгейдегі экономикалық - әлеуметтік дамуы мен әлем елдеріне танымалдығы туралы оқушыларға білім беру.
Экономикалық саммит
Экономикалық саммит
№112 орта мектебінің мұғалімі: Рашидова Аманкул
Қазақстан бейбітшіліктің мекені
Қазақстан бейбітшіліктің мекені
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Қазалы гуманитарлы - индустриялдық колледжінің мұғалімі Әшірбекова Ақтолқын
Қазақстанның дүниежүзі картасындағы геосаяси орны. Халықаралық экономикалық қатынастары
Қазақстанның дүниежүзі картасындағы геосаяси орны. Халықаралық экономикалық қатынастары
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті, Абай атындағы мектеп - гимназияның география пәні мұғалімі Имашева Гуляим Хамзиновна
Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайы
Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясы тарих пәні мұғалімі Шораева Перизада Еренқызы "Үздік презентация" номинациясы бойынша
Мен Елбасыммен мақтанамын
Мен Елбасыммен мақтанамын
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі 11 «Ә» сынып оқушысы Дауылбай Гүлім Пән мұғалімі: Полатова Айнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×