Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Сыни тұрғыдан ойлау» модулі бір сабақта

17 қазан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
«Сыни тұрғыдан ойлау» модулі бір сабақта.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деген түсінік береді. Бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады және білім беру үшін тиімді болып табылады. Бұл оқушылардың да мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбіне қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс – әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Бұл жолдағы ең оңай тәсіл балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру.

Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлауларын, дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және заманның түрлі кезеңдеріндегі балаларға айтуға болатындай да мысалдар жеткілікті. Сыни тұрғысынан ойлау модулін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен қатар оқушыларға деген сенімділік күшті болу керек деп ойлаймын: оқыту үрдісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс - әрекетіне әсер етеді дегендей менің сабақтар топтамамдағы сыни тұрғысынан ойлаудың Выготскийдің сындарлық тұрғыдан оқытуды түсіну оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер негізінде алынғандығын көрсетуге болады. Выготскиидің пікірі бойынша, оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін қайраткер жандармен әлеуметтік қарым - қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдылары дамитынына тоқталған.

Тәжірибе кезеңінде жаңа әдістерді пайдалануды реттілікпен қолдана білгендігін көздеген едім. Сабағымды бастамас бұрын әріптестермен кеңес өткізіп, ата - аналармен байланыс жасап бұл жаңа әдістердің тиімді, құнды жақтарын атап айттым. «Бірлесіп пішкен тон келте болмас»дегендей жалпы мектеп ұжымы, әріптестер қолдау көрсетіп сенімділік танытқан соң өзімде бір күш пайда болып ынталы түрде әр сабағымды жақсы, тиімді өткізуге тырыстым және тізбектелген сабағымның бір үлгісін төмендегідей талдап көрсетуді ұйғардым.

1. Кіріспе
2. Жаңа материалдың таныстырылымы
3. Жаңа материалды қолдау
4. Қорытынды бөлімі

Сабақты бастамас бұрын оқушыларды үлестірмелі дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы топқа бөлдім. Сабағымның кіріспе, ұйымдастыру бөлімі «Сәтті болсын күніміз» атты психологиялық дайындықтан басталды. Бұл бөлімде балалар бір - біріне жақсы сөз, жылы тілектерін арнады. Мысалы бір оқушым « анаңнан үнемі жылы сөз естігеніңді қалаймын» десе Бекзат деген оқушымның «күнің де түнің де сәтті болсын»деген сөздерінің өзі адам жанына жылы тиері анық деп ойлаймын.

Өткен сабақты пысықтау барысында оқушыларға
Он сұрақ дайындадым. Балалардың өткен сабақты қалай меңгергенін байқау барысында тез және ұтымды жауап беруін қаладым. Оқушыларым өткен сабақты жақсы меңгерген, барлығы жарыса жауап беріп отырды, тіпті төмен оқитын екі - үш оқушымда жақсы қатысып отырғаны қуантты. Осылайша өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып, жаңа сабақ тақырыбын ашуға ұмтылдым. Бұл сабағымда да сыни тұрғысынан ойлау модулінің кейбір стратегиялары көрініс тапты деп түсінемін. Топтастыру стратегиясы бойынша «Туған жер»

деген сөзді қалай түсінеміз, мағынасын кім айтады дегенде оқушылар өз түсініктерін айта бастады. Олар туған жер – атамекен, туған топырақ, айналаны қоршаған орта деп айта бастады. Сол уақытта дарынды оқушымның біреуі туған жер - елорда, Астана деген кезде, мен ендеше Астанаға саяхат жасаймыз, ол жөнінде ой – санамызды, білімімізді толықтырамыз дей келе жаңа сабақты бастап кеттік. Сол уақытта балаларым да жинақталып, Астана туралы мағлұмат алғысы келген кезде, мен елордамыздың көрікті жерлеріне тоқталып, интербелсенді тақтадан көрсетіп, әңгімелеп өттім. Осы жерде оқушылардың арасынан Астанаға барғандары да болып шықты. Ол – Данияр деген оқушым еді. Бәйтерекке барып өзінің арман тілегін айтқанын да әңгімелеп берді. Яғни балалардың сабаққа деген қызығушылықтары артып белсенділік таныта бастады. Астананың Қазақстан картасы арқылы орналасқан жерін, жалпы Қазақстанның бес елмен шектесетінін айтып өттім.

Сын тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан – жақты іздену қабілеттері дамиды және нашар оқитын оқушыларда да қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады. Кейбір сабақтарымда кедергілерге ұшырасам да, оны жеңу жолдарын іздестіре бастадым. Сын тұрғысынан ойлау модулін реті келсе әр сабақта қолданған ұтымды. Оқушыларға дүниетанудан алған « Астана - Қазақстан Республикасының елордасы» атты сабағымда топтық жұмыс берген болатынмын.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 563
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқыту мен оқуда жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану – заман талабы тақырыбындағы аудандық семинар
Оқыту мен оқуда жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану – заман талабы тақырыбындағы аудандық семинар
Мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың танымдық көзқарасын қалыптастыруда сын тұрғысынан ойлауды дамытудың негізгі әдістерін анықтайды.
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін  дамыту үшін сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» дeп сипатталған. Сыни тұрғыдан ойлау көбінeсe қарсы пікір айтуға, баламалы шeшімдeрді қабылдауға, ойлау жәнe іс – әрeкeтімізгe жаңа нeмeсe түрлeндірілгeн тәсілдeрді eнгізу дайын болуға, ұйымдастырылған
Сын тұрғысынан ойлау
Сын тұрғысынан ойлау
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Макенова Анар Кайратовна
Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту модулі сабақтар топтамасында
Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту модулі сабақтар топтамасында
Кенжебаева Бибинур Ормантайқызы Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Абай атындағы орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×