Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата - ананың мектептегі алатын орны

04 желтоқсан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Баяндама
Тақырыбы: Ата - ананың мектептегі алатын орны
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Осыған байланысты баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата - ананың орны бөлек. Мектеп, ата - ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу – негізгі мақсат. Сондықтан мақаламызда сынып жетекшінің атқаратын міндеті, ата – ананың атқаратын міндеті және олардың бірлесіп жасалатын жұмысы мен күтілетін нәтижесіне тоқталып отырмыз.

Сынып жетекшінің міндеті:
1. Ата – аналармен тығыз байланыста болу;
2. Оқушыларды, ата – аналарды сыныптық және қоғамдық ұжымдардың іс - шараларына тарту;
3. Әр оқушының жеке басының қасиетін, психологиялық ерекшелігін, жан - жақты бақылап, зерттеу, олардың кәсіптік бағдарлығын, әрі өмірлік көзқарасын қалыптастыру, қабілетін және танымдық қасиетін дамыту;
4. Тақырыптық ата - аналар жиналысын өткізу;
5. Ата - аналар комитетімен кездесу;
6. Оқушылардың құқықтарын және әлеуметтік жағдайын қорғауға көмек көрсету;
7. Өз сыныбында сабаққа қатысып отыру және пән мұғалімдерімен жұмыс.
8. Сыныпта болған төтенше жағдайларды дереу мектеп әкімшілігіне хабарлау.

Ата - ананың міндеті:
1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;
2. Сабақтан келген баланың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;
3. Мектепішілік ата - аналар жиналысына қатысу;
4. Сыныптың ата - аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;
5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркіңізбен оқу - тәрбие іс - шараларына қаржылық көмек көрсету;
6. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу.

Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс
Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс неғұрлым тиімді болуы үшін олармен байланыстың әрқилы түрлерін қолдану қажет. Кейбір сынып жетекшілері тоқсанның аяғында үлгерім қорытындылары туралы ата - аналар жиналыстарын өткізуімен және оқуға үлгермеуші немесе тәртіпсіз балалардың ата - аналарын барлық уақытта бірдей келісіп әрекет жасамауы мүмкін. Бұдан басқа сыныпта, мектепте болатын кез - келген жұмыстарға мектепішілік іс - шараларға, сынып жетекшілердің ең бірінші қолдап, демеу көрсететін - сынып оқушыларының ата - аналары. Осыған байланысты сынып жетекші ең бірінші сынып ата - аналар төрайымымен және сынып ата - аналарымен тығыз байланыста болуы керек. Кез келген мәселенің жауабы ата - аналармен шешімін табуға тиісті. Осы жоспарды барлық сынып жетекшілері бұл мәселені бірлесіп дұрыс жолға қоя білсе, көптеген жұмыстарымыздан жеңілдіктер байқалар еді. Осыған байланысты көптеген ата - аналар сынып жетекшінің ай сайын өткізетін ата - аналар жиналысына келмей де жатады, оқушыңыздың ата - анасымен қалай байланыс жасау керектігі жайлы шешілетін көптеген жолдары бар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 969
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата - аналар жиналысы: Баланың бас ұстазы ата - ана
Ата - аналар жиналысы: Баланың бас ұстазы ата - ана
Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Тақырыбы: “Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі” Мақсаты: Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуда ата - аналармен бірлесе жұмыстар жүргізу.
Балабақшада жобалау әдісінің маңыздылығы және жүргізілу әдісі
Балабақшада жобалау әдісінің маңыздылығы және жүргізілу әдісі
Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі... (Әл – Фараби)
Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы
Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы
Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі
Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Боранова Болған Махмутқызы
Оқу - тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану арқылы белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Оқу - тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану арқылы белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №26 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×