Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жел (6-сынып)

19 маусым 2014, Бейсенбі
Категориясы: География
Жел (6 - сынып)
Сабақтың мақсаты: Өткен сабақтардың негізінде желдің пайда болу себептері мен оның мазмұнын, маңыздылығын, яғни желдің физикалық заңдылықтар негізінде пайда болатын құбылыс екендігін ұғындыру.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың әдісі: ОСКТТ.
Сабақтың көрнекілігі: Жарты шарлардың физикалық картасы, 6 сынып атласы, ауа райы күнтізбесі, интерактивті тақта, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Өткенді еске түсіру, интерактивті тапсырма.
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.
ІV. Нәтижесі.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма.
VІІ. Қорытынды.

І. Ауа райы күнтізбесінің орындалуын қадағалау.
ІІ. Өткенді еске түсіру.
1) Ауа қандай газдардың қосындысынан тұрады?
2) Атмосфераны зерттеу жолдары?
3) Атмосфераның маңызы қандай?
4) Биіктеген сайын атмосфералық қысым мен температура қалай өзгереді?
5) Атмосфералық жауын-шашынға нелер жатады?
6) Ұшақ 5000 м биіктікте ұшып келе жатыр. Егер жер бетіндегі атмосфералық қысым 750 мм болса, ұшақ сыртындағы атмосфералық қысымды анықтауға бола ма?
Жауабы: 750 -(5000: 10)=250мм
7) Төмендегі кесте бойынша орташа жылдық температура мен жылдық амплитуданы есептеңдер.
Айлардың орташа температурасы:
І (қаңтар) - 16ºС
ІІ (ақпан) - 14ºС
ІІІ(наурыз) - 6ºС
ІV(сәуір) - 0ºС
V (мамыр) 6ºС
VІ (маусым) 15ºС
VІІ(шілде) 18ºС
VІІІ(тамыз) 16ºС
ІX(қыркүйек) 8ºС
X(қазан) 1ºС
XІ(қараша) - 7ºС
XІІ(желтоқсан) - 13ºС
Жауабы:
Жылдық орташа температура: 0, 6ºС
Жылдық амплитуда: 34ºС

Электрондық оқулықпен жұмыс. №6 - интерактивті тапсырма: атмосфера қабаттарын ретімен орналастыру.
Ең төменгі - тропосфера(8 - 10, 18 км).
Стратосфера - 55 км.
Мезосфера - 80 км.
Термосфера - 480 - 800 км.

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.
Жел тақырыбын ОСКТТ бойынша талдау.
1. Анықтама. Жел дегеніміз - жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуы.
2. Тану.
2. 1. Желдің пайда болу себебі - ауа қысымының жер бетіне әркелкі таралуы.
2. 2. Жел көкжиектің қай жағынан соқса, сол бағыттың атымен аталады: солтүстік желі, солтүстік - батыс желі, шығыс желі, т. с. с.
2. 3. Жел жылдамдығы м/сек. Желбағар (флюгер) құралымен анықтайды.
2. 4. Жергілікті желдер: бриз (французша - жеңіл жел, теңіз жағалауында) тәулік ішінде; муссон (арабша муссон - маусым, құрлық - теңіз) жыл ішінде.

Желдің түрлері:
1. Бриз - бағытын тәулігіне 2 рет өзгертеді.
2. Муссон - бағытын жылына 2 рет өзгертеді.
3. Дауыл - жылдамдығы 19 - 30м/сек.
4. Тұрақты - жер бетіндегі қысым белдеулеріне байланысты.
2. 5. Жел өрнегі. Масштаб бойынша күн саны белгіленеді (1км - 0, 5см).
3. Ерекшелігі.
3. 1. Желді зерттеудің маңызы.

Желдің маңызы:
1. Ауа массаларын тасымалдайды.
2. Мухит ағыстарын қалыптастырады.
3. Жел күшін қайықтар, жел диірмені, жел электр станциялары пайдаланады.

Желдің зияны:
1. Апатты дауылдар адам өміріне қауыпты.
2. Су тасқындарын тудырады.
3. Топырақтың беткі жұқа беткі қабатын алып кетеді.
4. Қорытынды. Жел – сарқылмайтын қуат көзі.
5. Нәтижесі.
5. 1. Термин сөздер: жел, бриз, муссон, желбағар, анемометр.
5. 2. Географиялық есеп. Жел өрнегін салу. Егер оңтүстік - батыс желі
бір айда 4 күн, батыс желі 7 күн, солтүстік желі 6 күн, шығыс желі 1 күн, оңтүстік - шығыс 5 күн, солтүстіктен 3 күн соқса, тымық күндер саны қанша?
Жауабы:
1) О - Б 4 күн * 0, 5 см = 2 см
2) Б 7 күн* 0, 5 см = 3, 5 см
3) С 6 күн * 0, 5 см = 3 см
4) Ш 1 күн * 0, 5см = 0, 5 см
5) О - Ш 5 күн*0, 5 = 2, 5 см
6) О 3 күн *0, 5 =1, 5см
26 күн жел соққан. Бір айда 30 күн болса, тымық күндер саны: 4.
Біліктілікті формативті бағалау.

Үйге тапсырма:
1. Жел - дауылдың шақырушысы. Эссе жазу.
2. Өз өлкеміздің жел түрлері туралы ақпарат дайындау.
Дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты мақсат – балалардың қабілеттері мен талаптарын жан - жақты ашып, дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
17 612
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысым туралы мәлімет бере отырып, біліктіліктерін арттыру. Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілеттерін, танымдылықтарын қалыптастыра отырып, өз бетінше ізденіс пен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруіне есептер шығару
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруіне есептер шығару
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық ОЖББМ физика пәнінің мұғалімі Муканов Жумабек Нагимович
Қазақстан аумағында атмосфералық қысымның, жауын-шашынның таралуы
Қазақстан аумағында атмосфералық қысымның, жауын-шашынның таралуы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағында атмосфералық қысымның, жауын-шашынның таралуы.
Атмосфераның құрамы және құрылысы
Атмосфераның құрамы және құрылысы
Атмосфераның құрамы және құрылысы
Атмосфера тарауын қайталау
Атмосфера тарауын қайталау
Білімділік мақсаты: “Атмосфера” тақырыбы бойынша алған білім - білік дағдыларын жүйелеп қорыту, теориялық білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.
Тұрақты жел
Тұрақты жел
Атырау қаласы, № 3 орта мектебінің география пәні мұғалімі Озғанбаева Гүлден Оразғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×