Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар – біздің досымыз

02 желтоқсан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Құстар – біздің досымыз
(педагогика пәнінен ОСӨЖ: ұжымдық - шығармашылық әрекетті ұйымдастыру)

…Уақыт саған берілді ұтасың – деп,
Берілген жоқ ол және жұтасын деп...
(Тұманбай Молдағалиев)

Сабақтың мақсаты: құстар туралы танымды кеңейту арқылы тұлғаның қасиеттерін жүйелеп мазмұндық сипаттама беру, көркем сөйлеуге дағдыландыру.
Міндеттері:
1. оқу материалын қабылдаудың тұтастығын сақтау үшін ұжымдық шығармашылық жұмыстың қажеттілігін түсіну;
2. Ойлаудың түрлерін, көркем сөйлеуді, зейінді шоғырландыруды дамытуға жағдайлар жасау;
3. Жауапкершілік - бейжайлық сапаны анықтау арқылы адамгершілік сезімді тереңдету.
Ұжымдық - шығармашылық әрекетті ұйымдастырудың әдіс - тәсілдері:
Орындалатын жұмыстың жоспарын бірігіп құру; проблемалық жағдаятты талқылау; ұжымдық әңгіме құрастыру; ойын элементтерін қолдану; логикалық тәсілдерді қолдану, рефлексия.

1. Орындалатын жұмыстың жоспарын бірігіп құру: студенттердің таңдауы бойынша Есенғали Раушановтың «Құстар – біздің досымыз» кітабынан жеті құс (барлығы отызға жуық құстың құпия сырлары қызықты да тартымды танымдық хикаялар негізінде баяндалған) туралы мәтін ұсынылды. Мәтіннен негізгі мен қосымшаны ажырата отырып, бес минутқа шағындап әңгіме дайындау және этикалық әңгімеге қойылатын талаптарға сәйкес баяндап беру тапсырылды. Сонымен қатар төменде құрылған проблемалық сұрақтарға жауап беру қажеттігі ескертілді.

2. Проблемалық жағдаятқа келесі сұрақтар алынды:
Аққудың арманы неде?, құрқылтайдың ұясының құпиясы неде?, ұлардың адамдарға қалдырған емі қандай?, қарғаның тілін түсіну оңай ма?, қараторғайды неліктен барлық ұлттың өкілдері қадірлейді?, бәбісек неліктен пайғамбарлардың құсы деп аталды?, құралай құстың жұмбағы?
Аға оқытушы Елеусинова Г. Е.: құрметті оқытушылар, студенттер біз бүгін сіздермен бірге құстар туралы танымымызды кеңейтуге, құстар туралы студенттердің баянынан олардың қасиеттерін тыңдай отырып, өзімізде сол қасиеттерге сәйкес тұстарды анықтауды ниет етеміз. Мұндай тапсырманы таңдауымыздың себебі, ертеректе ғұламалар құстар әлеміне зер салып, оларды бақылап, тілдерін түсінуге ұмтылған екен. Соның нәтижесінде парсы ақыны Ф. Аттардың “Құстар сөзі” дастаны, Әлішер Науаидің “Құстар тілі” деген кітабы, беріректе М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы, Н. Тілендиевтің «Аққу» шығармасы, П. Чайковскийдің «Аққу көлі» дүниеге келеді. Қазіргі күйбеңі мол тіршілікте біздер құстардың тілі түгіл, кейде оларды атына сай танып білуде қателесіп жатамыз. Бұл біздің дүниені танудағы бейжайлығымыздың бір мысалы десек болады. Сондықтан, осындай олқылықтың орнын толтыру мақсатында, айналамызға жауапкершілікпен қарауды мақсат етеміз.

3. Ұжымдық әңгіме құрастыру: Аққу туралы білеміз дегенмен, оның
бізге беймәлім тұстары бар. Сол туралы бізге Гүлдана әңгімелеп береді.
Гүлдана: Аққу – киелі құс. Каспийдің жағасында тұрып қара жойқын толқындарды қақ жарып еркін жүзіп жүрген аппақ құсты көргенде, дүниеде жалғыз ғана теңіз бар, ол Каспий теңізі, жалғыз ғана құс бар, ол Аққу деген ақын қиялына сенгіңіз келеді. Содан кейін бұл теңіздің аты Аққу теңізі болғанын қалайсыз.
Оның алты түрі бар, біздің жерімізді қыстайтыны екеуі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу. Қарақу (тек Автралияда кездеседі), кішкентай аққу, америка аққуы. Аққудың қоразы – саһар, төрт жасқа дейінгі баласы – көгілдір, жүні жаңа шыға бастағаны “ақүрпек” деп аталады. Біздің жерімізді қыстайтын екеуі сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар. Батыс және Шығыс анималист суретшілерінің арасында сыбырлақ аққудың суретін салмағаны жоқ шығар. Әсіресе әсем иілген мойнына келгенде қылқалам шеберлері ерекше шабыттанып кететінге ұқсайды. Мойны демекші, ертеде латын әліпбиін жасаған ғұламалар S әрпіне келгенде, үй алдындағы хауызда бір - біріне еркелеп отырған қос аққуды көреді де, «табылды, әріп табылды» деп айқай салады. Бұл баяғы Архимедтің айқайындай, шын мәніндегі, мағыналы айқай еді. Содан соң бірсыпыра уақыт бұл әріпті «аққу мойын» деп атап келген көрінеді. Келе - келе бәрі де ұмытылған.

Ақ, қара, қызыл түстер... Сырттай қарасаңыз, үйлеспейтін үш бояуды бір бойына жинап, айтса тіл жетпейтін, көрсе көз тойматын жауһардың жауһары, асылдың асылы айналған құдіретті сұлулық бұл... Бірақ осындай ғажап жаратылыс иесіне ерекше дауыс бұйырмаған. Қарттар «бірі кем дүние» деп осындайды айтқан секілді. Сұңқылдақ аққу да сұлу. Оның дауысы біздің ұғымымыздағы сұңқылдан гөрі, анығында қаздың қаңқылына ұқсайды. Оның сыбырлақ аққудан не айырмашылығы бар? Бар ерекшелігі мойнында ғана. Сыбырлақ иір мойын болса, бұл мойнын тік ұстайды. Имейді, иілмейді. Даусы ащы. Жүзгенде сыбырлақтай емес, кеудесін суға батырыңқырап, құйрығын көтеріп жүзеді...

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 846
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Балдәурен ересек тобының күн тәртібіндегі тәрбие оқу қызметінің апталық циклограммасы
Балдәурен ересек тобының күн тәртібіндегі тәрбие оқу қызметінің апталық циклограммасы
«Балдәурен» ересек тобының күн тәртібіндегі тәрбие оқу қызметінің апталық циклограммасы Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі Апталық тақырып: Құстар біздің досымыз. Қыстайтын, жыл құстары.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Құстар туралы түсініктерін қалыптастырып, жер теліміндегі ағашқа қонған құстарды бақылап, қандай құс екенін ажырата білуге үйретіп, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Құстар – біздің досымыз
Құстар – біздің досымыз
Жас бүлдіршіндердің құстар туралы білімін толықтыру, немен қоректенеді, қайда мекендейді. Табиғатты қорғауға, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балаларға құстар туралы әңгімелеу. Құстардың көктемгі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы кеңінен түсінік беру.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің дайындық сынып мұғалімі Байсейтова Қарылғаш Қазихановна
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы Өнер мектебінің мұғалімі Адамиянова Сағат Советқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×