Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушыларды көркем жазуға үйретудегі жазу парағы партаның рөлі

25 қазан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Қазалы ауданы, Қызылорда облысы,
№100 орта мектеп, Қазалы ауылы,
бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі
Көшімбет Сұлтан

Оқушыларды көркем жазуға үйретудегі жазу парағы мен партаның рөлі.

Жазу – адамның ой-пікірін, хабарын, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Жазудың пайда болуы адамдардың қарым –қатынасындағы уақыт пен кеңістік кедергісін жойды. Көркем жазу (грек. kalliqraqhia, арабша хүсни - хат- сұлулық, әдемілік, көркемдік, жақсы сапа)-анық, әдемі жазу деген ұғымды білдіреді.

Ислам діні елдерінде көркем жазу өнеріне үлкен көңіл бөлген. Құран үшін ,мемлекеттік мәні бар жазбалар үшін арнайы әшекейлі жазу түрі қолданылған. VІІ ғасырдан бастап ол куфи деп аталатын. Араб жазуының насхи, насталик жазуы да (Х-ХVғғ) кең тарап, әдеби, ғылыми текстерді көшіруші ірі каллиграфтар шыққан. Араб мәдениеті тарихында атақты шаирлардың кітаптарын көшіріп, халыққа қолжазба күйінде таратушы – хусни – хатшылардың (полиграфтардың) қызметі жоғары бағаланған.

Кейінгі ғасырларда кітап басу ісінің өркендеуіне байланысты көркем жазу өнері көркемдеу салаларында ғана шектеліп қалды. Көркем жазу қағидалары әсіресе грамматика мен емлені оқытуда басшылыққа алынады. Жазудың графикалық жақтарын үйретудегі мақсат дыбысты әріппен белгілей білу, жазудың сыртқы түрін, әріптердің әдемілігі мен тіркесу жолдарын игеру, әріп элементтерін сақтай жазу, шапшаң жазу, көшіріп жазу, естіп жазу, санаумен жазу, сөйлемді тұтас тексті дұрыс, анық, таза жаза білу секілді дағдыларды меңгеру болып табылады.

Сауат ашу – баланың көптеген психикалық қызметтерінің жетілуін талап
ететін, күрделі ақыл - әрекеті болса, Жазу - психологиялық және физиологиялық тұрғыдан алғанда өте қиын күрделі үдеріс, сондықтан да жазу дағдысын игеру үдерісінің көп компонентті психофизиологиялық құрылымдары бар.

Жазуға үйретудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады.
1. Фонематикалық есту және сөздің дыбыстық құрамын талдай білігін дамыту.
2. Қолдың және саусақтардың майда бұлшық еттерін дамыту.
3. Ішкі және сыртқы сөйлеуді, сөздік - логикалық ойлаудың бастапқы кезеңдерін дамыту.
4. Есте сақтау қабілетін дамыту.
5. Жазу құралдарын еркін ұстай білу дағдысын дамыту.
6. парақтың бетінің кеңістігін бағдарлауды қалыптастыруда - оқушы партасының атқаратын ролі зор болып табылады.

Оқушының көркем жазуда, оның партасының дене бітіміне ыңғайлы және денсаулығына зиян келтірмейтіндей жасалуында. Айтатын болсақ,
1- оқушының екі аяғының дұрыс қойылмауы - аяғының майтабан болуына,
2- парта мен отыратын орындықтың ара қашықтықтың дұрыс сақталмауы - бел омыртқасының қисаюына,
3-парта бетінің еден бетімен параллель орналасуы - оқушының оқу және жазу кезінде көзіне әсер етеді. Жоғарыда жазылған үш қағида дұрыс келтірілген жағдайда оқушы жазуының сыртқы түрі, әріптердің әдемілігі және тіркесу жолдары сонымен қатар әр элементтерінің сақталуы жақсарып, оқушының дене бітімінің қалыпты өсуіне анатомиялық және физиологиялық жағынан жақсы әсер етеді.
Парақтың бетінің кеңістігін парта бетіне бағдарлауды қалыптастыру.
Мектеп парталары – сыныптағы жабдықтардың негізгі түрі. Еліміздегі қазіргі мектептерде көптеген парталардың түрлері пайдаланылады. Ертеден келе жатқан Ф.Ф. Эрисман партасы іспетті отырғышы бірге орнатылған екі орынды парталар көбінесе бастауыш сыныптарда пайдаланылады. Ол парталар «мектеп парталары» деген мемлекеттік стандартқа орта шамамен алған балалардың дене бітімінің көрсеткіштеріне байланысты өлшемде жасалған.

Парталардың негізі ағаштан немесе металдан жасалады. Парта екі бөлімнен тұрады: Партаның үстелі және отырғышы. Парта үстелінің беті және отырғышы ашық, ақшыл түсті бояулармен боялады.Партаның бөлшектері оқушы денесінің пропорциясына негізделген. Парта үстелінің беті еденге сәл көлбеулеу жасалады, яғни партаның беті еденге 20-25 градус көлбеу орналасады. Бұл оқушылардың кітап оқып жазу жазғанда көздерінің және қолдарының талмай дұрыс жұмыс істеуіне қолайлы. Парта бетінің сыртқы шеті еденнен 52-79 см болады, дифференциясы 20-32 см.

Партаның дифференциясы деп үстелдің оқушы жақ жиегінің биіктігі мен парта отырғышының арасындағы аралықты айтады. Партаның дифференциясы оқушы отырғанда денесін тік ұстап, үстелге білектерін қойып отырғанда ыңғайлы болуы тиіс. Егер партаның дифференциясы дұрыс сақталмаса оқушының омыртқа сүйектері қисаяды. Оқушы партада отырғанда оның көкірегі мен парта үстелінің шетінде 3-5 см аралығында болуы керек.

Жалпы оқушы Эрисман партасының үстінде жазу сызу кезінде оқу құралдарын пайдаланудағы қолданудың өз ерекшеліктерімен, сонымен қатар оқушы қолының парта бетіне дұрыс қойып жазған да ғана жазудың сыртқы түрі, әдемелігі мен жазу элементтері сақталып, көркем көрінеді. Партада немесе үстелде отырғанда оқушының денесі тік орналасып, орындыққа терең отыру керек. Кітап оқып, қағаз жазғанда баланың басы сәл алға еңкейеді. Баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см арасында болу керек.

Оқушының арқасы орындық арқалығына сүйеніп отырғанда оның бел омыртқасы, сегізкөз сүйектері мен жауырынның төменгі бұрыштары орындық арқалығына тиіп тұрады, аяқтары партаның аяқ қойғышына тіреледі. Ал оқушының екі иығы бір деңгейде болғанын қадағалап отыру керек. Білектері партаның үстіне 120-125 шамасында градустық бұрыш жасай шынтағынан саусағына дейін қойылады. Жазу парағы партаның бетінің ортасына таман 125-130 шамасында градустық бұрыш жасай орналасады.

Жазу кезінде жазу парағы оқушы білегінің астында жазу қоры көбейген сайын төменнен жоғары қарай жылжып отырылуы керек. Осыған байланысты жазу парағының алдыңғы жағында оқу құралдары қойылмауы тиіс. Яғни сабаққа қатысты оқу құралдары оң жақтағы оқушы үшін партаның оң жақ жоғарғы бұрышында, сол жақтағы оқушы үшін сол жақ бұрышта қойылуы тиіс.

Жоғарыда баяндалған орналасу ережесімен Эрисман партасында дұрыс отырып үйренген жағдайда оқушылар сабақ кезінде шаршамай еркін отырады, көздері талмайды, бар зейіні сабақта болып, жазу парағына түскен жазу әріптері 750 градус бұрыш жасай көрнекі, әдемі болып жазылады. Сонымен қатар жазудың сыртқы түрін, әріптердің тіркесу жолдарын игеру әріп элементтерін сақтай отырып шапшаң жазу, көшіріп жазу, естіп жазу, санаумен жазу, сөйлемді тұтас, дұрыс, анық, таза жаза білу, ойын бірте – бірте жазба түрінде баяндай білу секілді дағдыларды меңгере отырып, оқушының дене бітімінің жақсы өсіп жетілуінің нәтижесін көруге болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 541
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Көркем жазу» факультатив курсынан 1 - сыныпқа арналған күнтізбелік сабақ жоспары
«Көркем жазу» факультатив курсынан 1 - сыныпқа арналған күнтізбелік сабақ жоспары
Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық, қоғамдық тәрбиелік мәні зор.
Көркем жазу үйірмесінің 1 сыныбына арналған күнтізбелік жоспары
Көркем жазу үйірмесінің 1 сыныбына арналған күнтізбелік жоспары
Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушы бойына жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы етеді. Таза, әдемі, дұрыс жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез - құлқын тәрбиелеп,
Түріктердің рухани мәдениеті
Түріктердің рухани мәдениеті
Түріктердің рухани мәдениеті Конспект Ежелгі түрік тайпалары көне түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады. Түріктердің әліпбиі өздерінің ру - тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Жерімізде түрік жазуының пайда болған
Буын және тасымал
Буын және тасымал
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Приозерный негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шамилова Сарагүл Ибрайвна
Көркем жазу 2-сынып
Көркем жазу 2-сынып
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, № 13 орта мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Науризова Оразхан
Көркем жазу жарысы
Көркем жазу жарысы
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы «М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі Абраимова Нургул Сеитжапаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×