Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дінтану негіздері пәнінде диалогтік оқытудың тиімділігі

25 қараша 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Алматы облысы, Іле ауданы,
«Ю. А. Гагарин атындагы №16 орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ.
Тарих пәні мұғалімі Еркебаева Гүльзира Мирзатайқызы.

«Дінтану негіздері» пәнінде диалогтік оқытудың тиімділігі. Шебер сынып.
Мақсаты:
1. Мұғалімдерге Дінтану пәнінде диалогтік оқыту, әңгіменің түрлері мен сұрақтың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру.
2. Сабақ үрдісіндегі диалогтік оқытудың маңызын түсіндіру.
3. Жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастыру дағдыларын жетілдіру. Мұғалімдерге сабақ барысында диалогті ұтымды пайдалануды үйрету.
Түйінді идея: Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады.
Сабақта қолданатын материалдар:
АКТ, Үлестірмелі материалдар, постер, маркерлер, түрлі - түсті стикерлер.
Шебер сынып: Топпен, жұппен, жалпы ұжыммен жұмыс, көру және есту арқылы сын тұрғысынан ойлау әдістері, интербелсенді әдістер, рефлексия
Тапсырмалар: ой қозғау, сұрақ құрау, постер қорғау, ашық сұрақ құрастыру, бағалау, рефлексия.
Шеберлік сыныбының жүргізілуі:
Сәлеметсіздерме Құрметті әріптестер!
Мен сіздермен кездесіп, бірлесе жұмыс жасайтыныма қуаныштымын. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу 2 мин

Көңіл - күй тудыру.
“Көңіл - күй ” суреті атты жаттығу. Адамның қарым – қатынасы оның көңіл - күйінен білінеді, көңіл - күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы. Олай болса, көңіл - күйімізді біліп алайық: тақтадағы гүлге назар аударсақ. Сендер әрбір үйдің гүлсіңдер. Енді осы гүлге көбелек қондыруымыз керек.. Мына қағаздан қиылған көбелекке өз көңіл - күйімізді жазып тақтадағы гүлге қондырамыз. Гүлдің бетіндегі көңіл күйлерің өте жақсы екен. Мен сабырлылықты, жылылықты, көңілдеріңнің күндей екенін көріп тұрмын. Көңілді адамдардың бет - әлпеті сұлуланып, нұрлана түседі. Көңіл - күй адамға қанат бітіреді.

Сабақтың мақсатын анықтау.
• «Бүгінгі шебер сыныптан не күтесіз?» - деп сұрақ қоямын.
Бүгін біз сіздермен осы шебер сынып барысында Дінтану негіздері пәні сабағында диалогтік оқыту туралы, әңгіменің және сұрақтың түрлері туралы мағлұмат алып, жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастырып үйренетін боламыз.

Ой қозғау:
1) Диалог дегеніміз не?
2) Диалогтік оқыту дегенді қалай түсінесіздер?
3) Әңгіме дегеніміз не?
4) Сұрақты қалай қою керек?
5) Сұрақтың қандай түрлері бар?

Жауаптар:
1. Диалог – екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.
Диалогтік әңгіме – белгілі бір тақырыпқа бағытталған диалог жүргізуге негізделген вербалды - коммуникативтік әдіс. Диалог барысында идеялар екі бағытта жүріп, оқушының қарқынды білім алуына септігін тигізеді. Диалог барысында оқушылар (сондай - ақ олардың мұғалімдері) тең құқылы серіктестер болып табылады. Олар бар күштерін келісілген нәтиже алуға жұмсайды және Мерсер (2000) айтқандай, бірлескен білім алу немесе «пікір алмасу» үдерісіне тартылады.
2. Диалогтік оқыту - мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың және баяндаушы әңгіме жүргізудің нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі. Оқушыларды мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және олардың оқудағы іс - әрекеттерін белсенді етуді көздейді.
3. Әңгіме - оқушылардың ой әрекетін жандандыру мақсатында қолданылатын оқыту тәсілдерінің бірі; әңгімелесу үдерісінде оқушылар мұғалім қойған және құрдастарында пайда болған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа білім алады, бар білімдерін қайталап, бекітеді.
4. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сондықтан сұрақ қою кезінде мұғалім оқушының жаттанды жауап бермей, ойланып, өз ойын қоса отырып, жауап беретіндей етіп қойғаны дұрыс.
5. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кеңінен қолданады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әр түрлі тәсілдерін пайдалануға болады. Құрастырған суреттері бойынша топ мүшелері өз ойларын айтады.

Топтарға ситуациялық тапсырмалар.
«Кубизм» стратегиясы арқылы тапсырма беру.
Тақтада мәтіні көрсетіледі.
Сабын мен дін.
Ғибратты әңгімелер.
Діннен еш хабары жоқ, сабын өндіргеннен басқа ештеңе білмейтін бір кісі бірде діндар кісімен әңгімелесіп отырып былай дейді:
- Сендердің сенімдеріңнен пайдасы болса, адамдарға тек жақсылық әкелсе, осыншама жылдар бойы дүниеде жамандық, күпірлік қалмайтын еді ғой?!
Иманды кісі сабыншының бетіне бір қарады да:
— Ондай болса, сен жасаған сабындардың да түкке керегі жоқ. Өйткені, олардың бір пайдасы болғанда, айналамызда кір мен ластық қалмас еді? — деп уәж айтады.
Сабыншы дереу қарсы шығып:
- Адамдар сабын қолданбаса менің кінәм не?
- Адамдар діннің әмірін орындамаса діннің кінәсі не? Егер шариғаттың талаптарына барлық пенде мойынсұнса күллі дүние баяғыда түзелген болар еді,- деп діндар жауап қатады.

1 - топ. Сілтеме табушылар. (Мәтіндегі негізгі ойды анықтап тұрған, оқиғаның ең қызықты жерін тауып оқиды.)
2 - топ. Кейіпкерлерді сипаттаушы. (Әр кейіпкерді танып, сипаттайды.)
3 - топ. Ізденушілер. (Мәтінге қатысты қосымша ақпарат ұсынады.)
4 - топ. Дәнекер топ. (Мәтіндегі оқиғаны қазіргі өмірмен байланыстыру.)
5 - топ. Сөз тапқыштар тобы. (Мәтінге сәйкес мақал - мәтел, нақыл сөздер табу.)
6 - топ. Бейнелеуші, суреттеуші топ. (Кейіпкерлердің суреттерін, соларға қатысты іс - әрекеттерінің суретін салады.)
Әр топ өз тапсырмасын постерде орындайды. Топтардың жауаптарын тыңдау.

Ойтолғау.
«Сыр сандық» стратегиясы бойынша:
1. Бүгінгі мәтіннен есте қалған 5 заттың атын жазу.
2. Осы аталған заттардың ішінен саған қатты ұнаған біреуін белгілеп, солар туралы толығырақ мәлімет жаз.

Рефлексия. 5 мин. «Тау рефлексиясы». Мына суреттегі тауды «Диалогтік оқыту» деп алсақ, сіздер осы тақырып бойынша өзіңізді таудың қай жеріндемін деп есептейсіздер? Міне, осыған сәйкес, алдарыңызда жатқан стикерлерге шебер сынып бойынша не түсінгеніңізді, екі сәтті кезеңді, бір ұсынысыңызды жазып, таудың суретіне жабыстырыңыз.
Қатысушы мұғалімдер түсінгенін стикерлерге жазады және өздеріне ұнаған 2 сәтті кезеңді, 1 ұсыныс - тілегін жазып, таудың суретіне жабыстырады.
2 471
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Диалог арқылы оқытудың маңызы, диалогтік оқытудың әдіс - тәсілдері
Диалог арқылы оқытудың маңызы, диалогтік оқытудың әдіс - тәсілдері
- диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; - диалогтік оқыту тәсілдерін тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт - бағдар беру.
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Оқытудағы жаңа тәсілдер. Тарих пәнін оқытудағы диалогтік оқытудың тиімділігі
Оқытудағы жаңа тәсілдер. Тарих пәнін оқытудағы диалогтік оқытудың тиімділігі
Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.
Коучинг
Коучинг
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Қалмұратова Дүрия
Ағылшын тілі сабағында диалогтік оқытудың тиімділігі
Ағылшын тілі сабағында диалогтік оқытудың тиімділігі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп - бала бақшасының ағылшын тілі пәні мұғалімі Мырзагалиева Сандигул Сандигалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×