Білімділер поралы

Иманжанов Мұқан

Иманжанов Мұқан (1916-1958 жж)

Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылары болатын. Бір күні «Социалистік Қазақстан» газетінде «Қош бол, шығысұлы» деген публицистикалық эссе жарық көрді. Ол майданда Отан үшін оққа ұшқан өжет командир, жалынды жас жазушы Баубек Бұлқышев туралы болатын. Соңында автордың «М. Тауұлы» деген бүркеншік аты тұрды. Оны оқығандар ойлы да әсерлі әңгімеге айрықша тебіренді. «Мұны жазған кім болды екен?» - десті. Біреулері: «Ғабит Мүсірепов шығар» - деді. Ал ол шығарманың авторы адал да еңбек сүйгіш өте кішіпейіл, қарапайым азамат, қазақ совет балалар әдебиетінің қалыптасып көркеюіне көп еңбек сіңірген жазушы Мұқан Иманжанов еді.
Мұқанның «Жастық» атты тұңғыш әңгімелер жинағы 1948 ж. жарық көрді. Одан кейін «Таныс қыз», «Алғашқы айлар», «Тыңдағылар», «Азамат мақтанышы» және басқа кітаптары басылып шықты. «Алғашқы айлар» повесі жұрт назарын ерекше аударған шығарма болды. Онда мектеп өмірі, оқу мен еңбекті ұштастыру мәселесі, мұғалімдердің ауыр да абыройлы еңбегі шебер бейнеленеді. Көптеген әңгімелерінде балалардың арман-мақсаты , отан сүйгіштігі, еңбекқорлығы, көпшілдігі, турашыл адалдығы әрі нанымды, әрі тапқырлықпен тартымды суреттеледі.
«Социалистік Қазақстан» газетінде, «Пионер» журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған жылдарында ізденгіш, білімдар, бауырмал жазушы шебер шығармалары арқылы жас қаламгерге көркемдік ықпал жасады, ондаған талапкерлерге ағалық ақыл, пайдалы кеңесін айтып, тәлім берді. М. Иманжанов «Жас өмір», «Менің махаббатым», «Сөнген шала», пьесаларын жазып, драматургия саласында да еңбек етті.
Материал рейтингісі:
  • 20
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 13
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 13
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика