Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғабит Мүсірепов (1902 - 1985)

03 қараша 2017, Жұма
Категориясы: Ақын-жазушылар
Ғабит Мүсірепов (1902 - 1985)

Қазақ әдебиетінің кеңестік дәуірдегі көрнекті қайраткерлерінің бірі — көркемсөз зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.

Ол алғаш өз ауылында ескіше оқып, хат таныған. 14 жасында (1916 жылы) Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне оқуға түседі, бұл мектепті бітіріп, Преснегорьковтағы екі кластық орыс мектебінде оқьш, жеті жылдық мектептің көлемінде білім алады. 1923 - 26 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түсіп, оны бітірісімен Омбыдағы ауыл шаруашылық институтында бір жыл ғана оқиды. Содан кейін кеңестік дәуірдегі баспасөз, халық ағарту, көркем өнер мекемелерінде әр түрлі жауапты қызметтерді атқарады.

Жазушының әдеби - шығармашылық еңбегі жиырмасыншы жылдардың аяқ шенінен басталады. Оның жазушылық еңбегіне үлгі болған Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Чехов, Толстой, Салтыков - Щедрин сияқты орыс классиктері болды. Әсіресе оның шығармашылық еңбегіне ерекше әсер еткен Гоголь, Чехов, Горький сияқты әңгіме, очерк, хикаят, роман жазушы сатириктер еді. «Мен, — деп еске алады өзінің «Автобиографиялық әңгімесінде, — сол кездегі Орынбор рабфагін кейбір жоғары дәрежелі мектептермен теңесе алады - ау деп ойлаймын!... Орыс әдебиетін оқығанда Гоголь, Чехов, Горький шығармалары ойыма қона қалушы еді. Қабырға газетіне бірінші рет ұзақ әңгіме жаздым (кейін ол «Тулаған толқында» деген повеске айналып, менің бірінші басылып шыққан әдеби еңбегім болды»).

Сол кезден бергі уақыт ішінде жазушы жиырмадан астам әңгіме, хикаяттар («Қос шалқар», «Талпақ танау», «Ана туралы новеллалар», «Автографиялық әңгіме», т. б.), ондаған пьесалар («Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ақан сері — Ақтоқты», «Аманкелді», «Қынаптан қылыш т. б.), «Қазақ солдаты», «Ұлпан», «Оянған өлке» атты романдарын, қара сөзбен жазылған «Кездеспей кеткен бір бейне» поэмасын жазды.

Орыс, батыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аудару ісімен де шұғылданды. Оның жүзге тарта публицистикалық мақалалары жарық көрді.

Сөйтіп, Ғ. Мүсірепов қазақ әдебиетінің барлық жанрын дамытуда аянбай еңбек еткен академик - классик жазушы болды. Оның осы еңбектері жоғары бағаланып, бірнеше орден, медальдармен марапатталды. Алты мәрте Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне, 1958 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. 1974 жылы Ғ. Мүсіреповке кеңес әдебиетін өркендетуде сіңірген еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері құрметті атағы берілді.

Ғ. Мүсіреповтің әңгімелері. Жазушының 1930 жылдардың бас кезіндегі көбірек көңіл бөлген тақырыбы - ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесі болды. Оның осы тақырыпқа арнап жазған тұңғыш шығармасы «Қос шалқар» (1929) әңгімесі еді. Әңгіменің оқиғасы Қазақстанда егіндік, шабындық жерлерді бөліске салу, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесіне ұласады. Қасым сияқты байлардың шөбін шауып, малын баққан Күсен сияқты кедейлердің артель болып ұйымдасуы, байлар мен кедейлердің таптық күресі шеңберіндегі қазақ ауылының шындық өмірі суреттеледі.
9 397
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғабит Мүсірепов
Ғабит Мүсірепов
Ғабит Мүсірепов туралы мәлімет беру, алған білімдерін қорыту, жинақтау, шығармаларының көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру.
Ғабит Мүсірепов үлкен дарын иесі
Ғабит Мүсірепов үлкен дарын иесі
Оқушылардың білімдерін ұштастыра отырып, қазақ әдебиеті мен қазақ халқының дәстүрін ұғындыру. Тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын ояту, шығармашылық қабілетін арттыру, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру.
"Ғ. Мүсіреповтың «Ананың анасы» шығармасындағы «Менің атым - әйел» ана бейнесі"
"Ғ. Мүсіреповтың «Ананың анасы» шығармасындағы «Менің атым - әйел» ана бейнесі"
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі КАРЖАУБАЕВ РУСЛАН МУЛДАБАЕВИЧ
әдеби кеш
әдеби кеш
Бұл сыныптан тыс жұмысым Ғабит Мүсіреповтың 110 жылдығына арналған. Балаларға өмір белестерінен аз ғана болса үзінді көрсету Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Шаховское орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Рияпова Толқын
Ғабит Мүсірепов
Ғабит Мүсірепов
Ғабит Мүсірепов (1902-1985жж.) Ғабит Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жаңа жол» ауылында шаруа отбасында туған. Бала кезінде ауыл молдасынан оқып, ескіше хат таниды. Ол кездегі ауыл ақсақалдарының бір әдеті –
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×