Білімділер поралы
загрузка...

Инженерлік бөгеттер

Сабақтың тақырыбы: Инженерлік бекіністер, ҚР - ның жаяу әскерге қарсы және танкіге қарсы негізгі миналары, олар туралы техникалық - тактикалық мәліметтер, жалпы құрылысы және әрекет ету механизмі, миналарды орнататын орын және орнату тәртібі, табу тәсілдері
1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жарылмайтын және жарылатын инженерлік бөгеттермен таныстыру
2. Тәрбиелік мақсаты:
1. Инженерлік бөгеттерді (жарылатын және жарылмайтын ) танып, білу.
2. Оқушылардың әскери білімдерін арттыру.
3. Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге баулу, оқушылар арасында шынайы әскери достықты нығайту.

3. Уақыты: 45 мин.
4. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.
5. Өткізілетін күні:
6. Көрнекілік құралдар: Плакаттар, АӘД кітабы, интерактивті тақта, сұрақ карточкалар,
7. Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 10 мин.
- Инженерлік бөгеттер дегеніміз не?
- Инженерлік бөгеттердің түрлерін ата?
- Миналар қаншаға бөлінеді?
- Мина дегеніміз не?
- Минаның негізгі элементтерін ата?
- Танкіге қарсы миналар қаншаға бөлінеді?

б) Негізгі бөлім – 25 мин.
Жарылмайтын инженерлік бөгеттер
Жарылмайтын бөгеттер дегеніміз – қарсыласқа шығын келтіру, оның жүрісін бөгеу, айла қолдануын қиындату, артиллерия, танк және ату қаруы атысынан жойылуы мүмкін бағытқа қозғалуға мәжбүр ету мақсатында жергілікті жерге орнатылған құралдар, ғимараттар мен бөгеттер. Олар топырақ, ағаш, топырақ, метал, тас, бетон, темір бетон, мұз, қардан жасалады.
Жарылмайтын бөгеттер қолданылуына қарай: танкіге, жаяу әскерге, көлікке, десантқа қарсы және аралас болып бөлінеді.
Жарылмайтын бөгеттердің мынадай түрлері болады:
1. Стационарлы(орлар, эскарптар, контрэскарптар, үйінділер, баррикадалар, қар үйінділері, сым темір қақпалар және т. б. );
2. Тасымалы(сым темір ширатпалар, тікенді сымдар, бөренеден айқастырылып жасалған тосқауылдар, бөгет, керме ағаштар );
Жарылмайтын бөгеттердің орналасу орны ұрыс жүргізу тактикасына байланысты атыс жүйесі мен табиғи кедергілердің тығыз бірігуіне қарай таңдалады.
Танкіге қарсы бөгеттер жер қазатын техника көмегімен орналастырылады. Жер қазатын техника трапециялы, тік бұрышты және үш бұрышты профильді орлар қазу кезінде қолданылады.
Жаяу әскерге қарсы жарылмайтын бөгеттерге байқалмайтын сым торлар, сым ширатпалар, тез қондырылатын сым бөгеттер, қоршаулар, тікенектер мен керме ағаштар жатады.
Байқалмайтын сым торлар зауыттан әскерлерге түскен стандарт элементтерден жасалып орнатылады. Олар диаметрі 0, 5 - 0, 9 мм сым темірдің сақина ілмектерінен тұрады. Бір пакетті қондыру кезінде төрт қабатты биіктігі 1, 2 м дейін, ұзындығы мен ені 10 м, биіктігі 90 см тор кеңістік пайда болады.
Тікенекті ирек сымдар жергілікті жерге ені бойынша екі үш қатардан, биіктігі бойынша бір екі қабаттан орналастырылады. Орнату кезінде иректер өзара сыммен байланып, қазықшалармен жерге бекітіледі. Орнатылған соң ирек цилиндрдің ұзындығы 10 м биіктігі 90 см болады.
Лақтырылатын тікенек сымдар басқа сым бөгеттерді орнатуға жағдай болмаған кезде қолданылады. Оларды көбінесе қалың шөптерге немесе аласа бұтақтарға, ми батпақты аймақтарға, тасты жерлерге қолданған дұрыс. Сым торлар биік және аласа қазықшаларға тартылады.
Биіктігі 1 - 1, 8 м шахматтық ретте жерге қағылған қазықшаларға орнатылған сым тор күйінде, ені 3 - 5 м, биіктігі 1, 2 м кеңістік тор жасай орнатылады, Аласа қазықшаларға орнатылған сым тордың ені 6 м жетеді. Ұзындығы 70 см қазықшалардың бірі бірінен қашықтығы 1, 5 м, жер бетінен биіктігі 25 см болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Үздік жаңалықтар
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 155
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 154
Роботтар: 2
гулсагат
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика