Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғаттағы су

16 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бәйге
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы су.
Сабақтың мақсаты: Судың адам өміріндегі маңыздылығын және оны қорғаудың қажеттілігін, табиғаттағы су айналымын ұғындыру.
Оқушының сөздік қорын байыта отырып, тілін ұстарту, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойландыру, әңгімелеу, проблемалық ізденушілік.
Көрнекілігі: Ш. Уәлиханов портреті, бұрышы, сөзжұмбақ, жұмбақтар, глобус, карта.
Техникалық құрал: бейнетаспа.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- психологиялық қолдау.

ІІ. Жаңа сабақ
1) кіріспе
• Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Табиғаттағы су. Бұл тақырып сендерге таңсық емес, алдыңғы сыныптағы алған білімдеріңді паш етейік.
• Жер шарына назар аударайық! Қандай тұжырым жасауға болады?
• Жер бетінде ең көп таралған зат су. Ол жер шарының 2/3 бөлігін алып жатыр. Олар - мұхиттар, өзен - көлдер, теңіздер.
• Оларды атап, картадан көрсетеді.

2) Қосымша білім беру
• Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама – Оңтүстік Америкадағы Анхель сарқырамасы (1025м).
• Ең ұзын өзен – Африкадағы Ніл өзені (6671 км).
• Ең терең көл – Сібірдегі Байкал көлі (1620 м).
• Ең ірі көл – Каспий көлі (1620 м).

3) Слайдпен жұмыс.
- Сабағымызға байланысты туған жер табиғатымен танысайық.
• «Қора» жайлауының көріністері
• «Бұрқанбұлақ» сарқырамасы
- Сен білесің бе?
• 1 кг картоп өндіруге 300 л, 1 кг бидай өсіруге 1200 л су, ал 1 т алюминий алуға 1000 т, 1 т шойын қорытуға 130 т су қажет.
• Бұл жерде қандай тұжырым жасауға болады?
• Судың тіршілік үшін маңызы өте зор. Сондықтан суды қорғау, үнемдеу, ластамау керек.

4) Ата - бабамыз суға байланысты қандай тыйым сөздер қалдырған?
Бұлақ көрсең, көзін аш.
Судың да сұрауы бар.
Су ішкен құдығыңа түкірме.
Сулы жер – нулы жер.
Өзен жағалағанның өзегі талмас.

5) Топпен жұмыс
а) жұмбақтар шешу
1 - топ. Жылт - жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (Су)
2 - топ. Өзі судан жаралған,
Бірақ судан қорқады.(Мұз)
3 - топ. Көзге көрінгенімен
Ұстасаң қолға ілінбейді.(Бу)
• Жұмбақтар шешуіне қарап, қандай қорытынды жасаймыз?
Су – сұйық күйі.
Мұз – қатты күйі.
Бу – газ күйі.
ә) ассоцация құру
түссіз, иіссіз
еріткіш, мөлдір
б) тапсырмалар орындау
1 - топ. Адам өміріндегі судың маңыздылығы.
2 - топ. Табиғаттағы судың маңыздылығы.
3 - топ. Табиғаттағы су айналымы.
6) Мәтінмен жұмыс
• үлгі ретінде оқыту
• тізбектей оқыту
• плакат бойынша түсіндіру
а ғ а Ш
------О қ у
------Қ а р
--а н А
------Н е м е р е

ІІІ. Сөзжұмбақ шешу
1. Орман көркі.
2. Оқушының міндеті.
3. Қыстың көркі.
4. Ең қымбат есім.
5. Сен атаңа кімсің?
- Ерекше торкөзден қандай сөз шықты? (Шоқан)
- Шоқан кім?
Шоқан – ғалым, зерттеуші, саяхатшы, суретші, тарихшы.
- Ол кісі туралы, ауылымызға қатысты не білеміз?
Шоқан атамыз Қашқарияға сапарында осы ауылымыздың топырағын басып, суын ішкен, дем алған. Ол кісінің қолжазбаларынан Қапал батырдың жерленген жері табылып үлкен кесене орнатылды.
- Ауылымыздағы Шоқан аталарың су ішіп, дәм татқан және де басқа бұлақтардың аттарын атаңдар. (Ақтасты, Ақтұма, Қызылжұлдыз, Қасқабұлақ, Тастыбұлақ т. б.)
- Ауылымызда 12 бұлақ бар. Бейнетаспадан жоғарғы сынып оқушылары қамқорлыққа алған осы бұлақтарды көрейік. Айтатын пікірлеріңді ойланып отырыңдар.
- Суды қорғауды осылай өзімізден бастау керек.
VІ. Шығармашылық жұмыс
1. Су – тіршілік көзі. (әңгіме жазу)
2. Су туралы мақал - мәтелдер жазу.
3. Бұлт түрлері. (суретін салу, түсінік беру)
V. Бекіту. Бағалау. Су, табиғаттағы су айналымы туралы біліп, білімімізді толықтырдық. Білетініміз көп екен. Алдағы уақытта үйренетініміз бұдан да көп болар.
VІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұндау.
5 073
0
  • 100
2 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Су. Табиғаттағы су айналымы
Су. Табиғаттағы су айналымы
Судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсіне отырып, оны қорғауға, үнемді пайдалануға үйренеді.
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға ауаны, суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу
Табиғаттағы су
Табиғаттағы су
Сабақтың тақырыбы: Су және оны қорғау. «Табиғаттағы су»
Өзен және көл. Суды қорғау
Өзен және көл. Суды қорғау
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кайбулаева Таниза Сайлауовна
Табиғаттағы су айналымы
Табиғаттағы су айналымы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ү. К. Томанов атындағы № 183 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева Азимаш
Табиғаттағы су айналымы
Табиғаттағы су айналымы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Медеуова Шалқы Бақытжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.