Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған жер - алтын бесігім

20 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Туған жер – алтын бесігім»
Сабақтың тақырыбы: «Туған жер - алтын бесігім»
Сабақтың мақсаты: Балалардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, олардың сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту, еңбекке, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу, Қазақстанның кейбір қалаларымен таныстыру.
Ертеңгілік шеңбер:
- Армысың, қайрымды аспан ата
- Армысың, мейрімді жер ана,
- Армысың, бақ дәулетті Жерім менің
- Армысың, асқар тауым көлім менің
- Армысың, балабақша, дос жаран
- Армысың, апайлар
Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі
- Балалар күз мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай Олар қыркүйек, қазан, қараша.
(күз мезгіліндегі табиғат өзгерістерін әңгімелейді)
Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар. Балалар, бүгін біз сіздермен өзіміздің Отанымыз Қазақстанның картасымен танысамыз. Отанымыз туралы еске түсірейік.
- Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында
- Қазақстан Республикасының президенті кім?
- Н. Ә. Назарбаев
- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
- Астана қаласы.
- Ал біздің облысымыз қалай аталады?
- Ақтөбе облысы
- Ал, өзіміздің тұратын қаламыз қалай аталады?
- Алға қаласы
Тәрбиеші: Балалар, енді біз өзіміздің Қазақстан қалаларына саяхат жасаймыз. Біздің еліміздің кең байтақ жеріне жетер жер жоқ.
- Мынау Елордамыз Астана қаласы.
(қысқаша Астанадағы өндіріс салалары айтылады)
- Мынау бас қала – Алматы қаласы. (апорт алма)
- Мынау – Қарағанды қаласы. (көмір)
- Мынау – Қызылорда қаласы (күріш)
- Енді өзіміздің тұратын Қазақстанның қалалары қалай аталады?

Балалар: Атырау, Ақтау, орал, Ақтөбе
Тәрбиеші: Атырауда ең алғаш рет мұнай шыққан. Мұнай түсі қара, сұйық. Біз мұнайдан бензин, керосин аламыз.(Нұрсултан
Ақтау қаласында газ шығарылады. Газды біз күнделікті тұрмыста пайдаланамыз. Газбен үй жылытамыз, тамақ пісіреміз.(Әлижан)
Ал, Орал қаласы мал шаруашылығымен айналысады. Қаймақ, май, айран өндіріледі. (Диас)
Ал, Ақтөбе қаласында бидай өседі. Бидайдан ұн аламыз. Ұннан нан, макарон, печенье аламыз. (Дильназ)
(Бір - бір баладан шығып, суреттерді тиісті орынға қояды)
Сергіту сәті: Ойын «Кім тапқыр?»
Тәрбиеші: Сонымен балалар, біздің туған жеріміз қай қала?
- Алға қаласы.
- Алға қаласының әкімі кім?
- Тағымов Марат Мырзағалиұлы.
- Жарайсыңдар, қане көзімізді жұмып, туған қаламызды елестетейікші.
Туған жерлі – сүю парыз,
Сүю үшін – білу парыз.
Қасиетін ұғу – парыз,
Күзетінде тұру – парыз.
Ал, қане туған жерге арнап өлең шумақтарын айтайық.
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем. (Нұрлы)
Алтын астық даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем (Әділет)
Туған жер сәніміз,
Мәуесі мол бағымыз.
Саясында жетілер,
Балдай бала шағымыз. (Әділбек)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! (Осы мезгілде есік қағылады)
Топқа саяхатшы кіреді.
Саяхатшы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен өмір бойы барлық жер шарын кезіп келемін, ал сіздің қалада мүлдем болған емеспін. Сіздің қаланың көрнекті жерлерімен танысайын деп картамды алсам ашылмайды, маған көмектесіңдерші.
Тәрбиеші: Көмектесеміз бе, балалар?
Балалар: Иә.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
23 643
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін білуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Қазақстанның жеті кереметі!
Қазақстанның жеті кереметі!
Математикалық ұғымдар туралы түсініктерін дамыту, балалардың табиғат жайлы білімдерін арттыру, Қазақстан Республикасының қалалары туралы мәлімет беру. Туған жеріне еліне, деген сүйіспеншілігін арттыру.
Біздің Елбасы
Біздің Елбасы
Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Атамекен
Атамекен
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ тәрбиеші Бейсетаева Ардақ Сейтказиновна
Алтын күз
Алтын күз
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×