Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сюжеттік – рөлдік ойын «Тігінші»

01 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Сюжеттік – рөлдік ойын «Тігінші»
Мақсаты: Балалардың тіл байлығын дамыту, сурет бойынша әңгімелей білуге дағдыландыру. Балалардың коммунактивті дағдыларын арттыру, бір - бірімен диалог арқылы сөйлесуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өзіне сенімді болуға, үлкендердің еңбегін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Киімдер, бас киімдер, тігіншіге керек заттар(ине, метр, қайшы, жіп), іс машинасы, киім үлгілері, маталар.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Өнерім қол ұшында,
Боламын мен тігінші
Тігіншінің ішінде,
Бас бармақтай бірінші.
Ойын: «Дұрысын тап»

Мақсаты: Мамандықтарға байланысты киім үлгілерін бір - біріне үйлестіру.
Тәрбиеші: Балалар әр мамандық иелері өздеріне сай киім киеді. Дәрігерлер ақ қалпақ пен халат кисе, ал құрылысшылар каска мен үстеріне арнайы халат киеді. Суреттегі киім үлгісі кімге лайықты екенін табыңдар.
Балалар өздері ойлап, белгілей бастайды, сызады.
Тәрбиеші: Балалар аспазшы не киеді?
Шаштараз не киеді?
Балалар белгілеп береді.
- Ендеше, сендер түсінген боларсыңдар. Бұл - ойынды біз не үшін ойнағанымызды түсіндіріңдер. Бүгін біз қандай ойын ойнайтынымызды білдіңдер.
Ойын «Тігінші»

Тәрбиеші: Балалар тігіншілер не істейді? (киім тігеді)
Бірінші киім тігу үшін киініп алуымыз керек.
Балалар рөлдерді өздері бөліп алады. Бірі тігінші, бірі киім өлшеуші, бірі үтіктеуші болып бөлінеді. Айсара өзінің көйлегін қысқартып беруін сұрайды. Диляра қайшысын алып қиып, тігіп береді. Ал Сәния болса көйлекті үтіктеп береді. Келесі бала шалбар әкеледі. Одан қуыршаққа желетке тігеді. Ұшы жоқ қайшы болуы керек. Ойынды балалар өз қиялдары мен қалаулары бойынша әрі қарай жалғастырады. Бір - бірімен рөлдерді бөлісіп, ұйымшылдықпен ойнайды. Тәрбиеші әр уақытта балаларға көмек көрсетуі тиіс.

«Сән үлгісі»ойыны
Балалар «сән үлгісі» ойынын ойнау арқылы өз киімдерін, қуыршақтарының киімдерін көрсетеді. Өз қалаулары бойынша киімдерін киіп, жүріп өтіп, үлгілерді көрсетеді. Бағаны балалар өздері береді.
Кімнің қуыршағының киімі ұнайды? Неге ұнайды?
Ойынды балалар әрі қарай жалғастырды.
23 953
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамандықтар
Мамандықтар
Әртүрлі мамандық иелері туралы түсінік беру; Барлық мамандық иелерінің жұмыстарын қадірлеуге үйрету;
Сюжеттік - рөлдік ойындар жинағы
Сюжеттік - рөлдік ойындар жинағы
Балаларға «Отбасы» түсінік беру олардың үлкенді сыйлау кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту, әдептілікке, сыпайылыққа, мейірімділікке, үлкенге көмек көрсетуге, баулуға тәрбиелеу.
Жаздық киімдер
Жаздық киімдер
Жаздық киім түрлерімен таныстыру. Жаздық киімнің айырмашылығын байқап айтып беруге, маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету. Өзіне - өзі қызмет ете білуге дағдыландыру. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Мамандықтар (дәрігер, аспазшы, тігінші)
Мамандықтар (дәрігер, аспазшы, тігінші)
Балаларға мамандық туралы түсіндіру, мамандық иелерін құрметтеуді үйрету. Ұқыптылыққа, әдептілікке, басқаның еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Тәрбиеші балаларды өзіне қаратады. Жылулық шеңберіне балаларды тұрғызады.
Көркем дербес ойын
Көркем дербес ойын
Мақсаты: Білімдік: Балаларды мәнерлеп, жаңа сөздермен байланыстырып сөйлеуге үйрете отырып, білім - білік дағдыларын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін шыңдау.
Кім болам. Мамандық. (Қоршаған орта)
Кім болам. Мамандық. (Қоршаған орта)
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×