Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көлік түрлері

25 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Сабақтың мақсаты: балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытудың қатар тілін, сөз қорын жетілдіру. Жан - жақты білімдерін кеңейту.
Өзін - өзі көпшілік ортада ұстауға, әдепті, әдемі болуға үйрету. Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көлік түрлерінің суреттері, үнтаспа, ойын элементтері (машина рөлі, гараж), жол макеті.
Сөздік жұмысы: достық - дружба, көлік - транспорт, көлік түрлері - виды транспорта, жүргізуші - водитель, бағдаршам - светофор.
Іс - әрекет кезеңдері
Мұғалімнің әрекеттері Балалардың іс - әрекеттері
Дәлелі - себеп кезеңі Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру рәсімі:
– Балалар, сендер күннен әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің керек, солай ма? Балалар хормен, қимыл, іс - әрекет арқылы көрсетеді.

Сәлем саған алтын күн!
Сәлем саған көк аспан!
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған достарым!
– Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Жақсылықты үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан.

Ізденіс - ұйымдастыру кезеңі – Балалар, қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешеміз.
– Көлік дегеніміз не? Ол адамға неге қажет?
– Сендер балабақшаға қандай көлік түрімен келесіңдер?
– Енді, мен сендерді көліктің шығу тарихымен таныстырайын. Біздің қазақ халқы ат, түйе мінген, үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек, бұқа - сиырларды көлік қылған. Суық аймақтарда иттерді шанаға жеккен, бұғыларды көлік қылған.
– Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді.
Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін және жер асты көліктер. Сендер оларды атап көріңдер. Жұмбақ:

1. Арқасында ауыл жүр, ала тайым шауып жүр.
- Автобуспен қайда баруға болады?
- Ол қайда тоқтайды және балалар өздерін көлікте қалай ұстайды?

2. Тізбектелген көк үйлер, көшіп жүрген көп үйлер.
- Пойыздармен қайда баруға болады, ол қайда тоқтайды?
Сергіту сәті: «Пойыз».
Логикалық ойын. “Кім қай вагонда отырады?”
Көліктің көбеюіне байланысты адамдар бағдаршамды ойлап тапты. Оның үш көзі бар.
- Көшенің қандай жеріне өту керек.
- Автобустан түскенде қандай ережені ұмытпау керек?
Дидактикалық ойын: «Дұрыстап орналастыр»
- «Көлік»деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- Сендер «К» дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіңдер?
- Мен сендерді қазір шұғыл оқиғаларға байланысты асығып жүретін, басқа көліктер оны күттірмей өткізіп жіберетін көліктермен таныстырамын.
- Оның ішінде кімдер отырады, терезесінен не көрінеді?
Неге бұл машинаны бәрі өткізеді? Балалардың жауабы:
(машина адамдарды, жүктерді тасиды)
- Автобус, жеңіл машина.
Балалар тыңдайды.
Автобус алға зулайды
Бағыттан еш аумайды
Зыр айналар дөңгелек
Көлік бізге ең ертерек.
Автобус.
- Балабақшаға, үйге, базарға, ауруханаға, саябаққа, т. б.
- Үлкендерге орын береді, билет алады, жылауға, қатты сөйлеуге, күлуге, тамақ жеуге болмайды.
- Пойыз.
- Тепловозға қарашы.
Түтіні көк бүркіген
Жалғыз өзі, санашы
Неше вагон тіркелген?
1, 2, 3, 4, 5.
- Онымен үлкен қалаларға, алыс жерлерге баруға болады.
Балалар ойнайды.
Сапқа тізбектеліп тұрады.
Пойыз кетіп барады
Жан жағына қарады
Бағдаршамда қызыл жанғанда
Пойыз тоқтап қалады.
- Қызыл - тоқта
- Сары – дайындал
- Жасыл – жүресің.
– Жаяу жүргіншінің өткеліне өту керек (пешеходный переход)
– Автобустың артқы жағынан өту қажет. Жер беті, су және ауа көліктерін ретімен орналастырып қалташаларға салады.
– «К» дыбысынан басталады.
– Кілем, кілт, кірпі, компьютер т. б.
«Жедел жәрдем».

- Дәрігер, медбике, зембілді көруге болады. («Жедел жәрдем» тақпағы)
- Себебі жаны қиналған науқас адамды ауруханаға жеткізуі керек.
- «Өрт сөндіргіш машина»
Жылтыр каска киген өрт сөндірушілер отырады, ұзын басқыштары, үлкен шлангы оралған катушкалары болады.
- Себебі үй жанып кетпес үшін, өртті тездетіп сөндіру керек.
Рефлексия - түзету кезеңі Қимыл - қозғалыс ойыны: «Өз гаражыңды тап». (әуен қосылады)

- Балалар, үйде ата - аналарың, туыстарың алыс жолға шықса бір - біріне не деп айтатындарын білесіңдер ме? Машинаның рөлін ұстап балалар жүреді, әуен тоқтағанда рөлінің түсіне сай гаражын табу керек.
«Жолың болсын!»- дейді.
Атам шықса сапарға
«Жолың болсын!»- дейді апам
Апам шықса сапарға
«Жолың болсын!»- дейді атам.
«Жолың болсын!»- дейді олар
Үлкенге де кішіге.
«Жолың болсын!»- дейді олар
Ұшырасқан кісіге.
Осы сөзден байқадым
Қуат барын, күш барын
«Жолың болсын!»- айтамын,
Алыс жолға шықса кім.
Сау болыңыздар!
Жолдарыңыз болсын!

Күтілетін нәтиже:
Білу: көлік және көлік түрлерін ажыратуды, негізгі жолда жүру ережелерін білуі керек.
Болу: көліктердің қолданылуы және адам өміріндегі тигізетін пайдасы жайлы түсінік болуы керек.
Істей білу: жолда жүру ережелерін ұстанып, көпшілік ортада мәдениетті болуы керек. Топпен жұмыс істей білу керек.
60 521
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көліктер
Көліктер
Мақсаты, міндеттері, білімділік: Балаларға көлік туралы түсінік беру. Олардың түрлерін танып, атауға үйрету Дамытушылық: артикуляциялық, тыныс алуын, ұсақ қол моторикасын, фонематикалық естуін, есте сақтауын дамыту. Тәрбиелілік: балаларды
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Су, ауа жер көліктер түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту.
Көлік түрлері
Көлік түрлері
Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Г. Агайдарова
Бағдаршам
Бағдаршам
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қалалық "№2 бөбекжай - балабақша" КМҚК меңгерушісі: Саблянова Гульназ Хамитоковна
Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік!
Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік!
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері
Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Кужакова Ляззат Кужабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×