Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика - ертегі әлемінде

04 қыркүйек 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қарапайым математика ұғымдарды қалыптастыру.
Кіріктірілген оқу іс - әрекеті: Шығармашылық, қатынас, денсаулық.
Мақсаты: Заттарды санау, салыстыру, іскерліктерін дамыту. Балаларды 0 - ден 3 - ке дейінгі сандарды кері және тура санауға жаттықтыру, геометриялық фигураларды ажырату. Шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін, қиялын, танымдық процестерін, саусақ маторикасын дамыту. Ақыл - ой әрекетінің тәсілдерін меңгеру. Театр түрлері арқылы кейіпкерлерді ажыратуға үйретіп, белсенділігін, қызығушылығын арттыру. Математикалық тіл байлығын молайту. Имандылыққа, адамгершілікке, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сандар, театр, қуыршақтары, үйшік, үлестірмелі дидактикалық материалдар, таяқшалар, жинақтар, магнитофон, ертегілер, билеттер, сиқырлы сандықша, фленограф, 1 - 3 дейінгі сандар.
Блингвистикалық компаненттері:
Нөл - нол - zero,
Бір - один - one,
Екі - два - two,
Үш - три - three
Саламатсызба - здравствуйте - qood bay
Сау бол - досвидание - qood bye
Үйшік - домик - house
Әдіс - тәсілдері: тапсырмалар, ойын жаттығулары, кубизм әдісі, логикалық есептер, үстел үсті ертегілер.

Мотивациялық қозғаушы:
Тілек шеңбері:
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Достарымды көргенде,
Қуана қарсы аламыз,
Сәлем, сәлем, сәлем
- Балалар, бүгінгі іс - әрекетіміз ерекше болмақ. Балалар саяхаттау үшін не керек? Көліктің қандай түрлерін білесіңдер? (поезд, машина, қайық, кеме, ұшақ). Ал поезға міну үшін бізге не керек?- деген сұраулар бере отырып, балалар жауабы тыңдалады. Билеттер алу үшін мына тапсырмаларды орындау тапсырылады.
1. «Шатасқан сандар» ойыны ойнатылады. ( кері және сандарды өсу ретіне қарай ) 3тілде санату.
2. «Керікке көмектес» (санды салыстыруға байланысты ойын )
3. Таяқшалармен жұмыс.
4. Шарларға тиісті сандарды қой.(сандар құрамы)
Поезға мінуді тапсырады, балалар орындарынан тұрып қозғалады.
Ертегілер елінің тапсырмалары орындалсақ, әр аялдамада тосын сыйдың күтіп тұрғанын айтылады.
Іздену ұйымдастырушылық:

1 аялдамада:
«Тапқышбек пен Дымбілмес» қолғап театры
- Тапқышбек сәлем!
- Дымбілмес, сәлем!
- Сәлеметсіздер ме балалар!?
- Дымбілмес болшы тез.
- Не болды сонша?
- Дымбілмес маған үй тапсырмасын орындауға көмектесші.
- Не? Тапсырма? Басым ауырады. Түу!
- Ой, Дымбілмес сен әлі жалқаулықты қоймағансың ба?!
- О - о, Тапқышбек, таптым, тапсырманы орындауға балалар көмектеседі.
- Балалар көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші:
- Тапқышбек тапсырмаларыңды орындауға балалар көмектеседі.
- О - о тамаша, жақсы достарды қайдан тапқансың. Сау бол! (Дымбілмес қоштасады)
(қайтадан музыка әуенімен поезға мініп, саяхатты жалғастырады. )

2 аялдамада:
№1 тапсырма: Фланелеграфта «Шалқан ертегісі»
- Балалар бұл қай ертегілердің кейіпкерлері еді?
- Балалар, бұл ертегіде неше кейіпкер болды, еске түсіріп көрейікші?
- Қанша адам?
- Қанша үй жануары шалқанды тартқан еді?
- Ал мұнда қай кейіпкер жетіспейді?
- Немересі мен атасының ортасында кім тұрған еді?
- Ең соңында ше?
- Балалар тышқанды орнына шақырып, шалқан тарту үшін бізге мына тапсырмаларды орындау керек?
№2 тапсырма
Бос тұрған торкөзге тиісті дөңгелекшелерді қоюды тапсырады.

* ***
Жұмыс тәрбиешінің көмегімен орындалады. Балалар жеке жұмыс жүргізеді.
Балалар үлестірмелі материалдармен жұмыс жүргізеді.
Дұрыстығын тексеріп, тышқанды орнына келтіреді. Барлығы балаларға рахмет айтады. Тақтаға тәрбиеші де орналастырады.(музыка орындалады )
Сергіту сәті:
Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіпті де,
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ. (Балалар әуен арқылы саусақ қимылдарын орындайды).
- Ал, енді балалар, саяхатымызды одан әрі жалғастырамыз.
(музыка ойналып, сахнаға ертегі кейіпкерлері кездеседі. )
3 аялдамада:
«Бауырсақ пен Қоян» қуыршақ театры. Бауырсақ өлеңдетеді.
Қоян кездеседі.
- Бауырсақ, бауырсақ қайдан келесің?
Түу, иісің қандай тамаша, мұрнымды жарып барады. Мен сені жеймін.
- Қоян аға, мені жемеші, мен саған өлең айтып берейін.
- Жоқ, сен маған өлең емес, алдымен мына есептерді орындауға көмектес.
- Ой, есеп деймісіз? Есеп деген түк емес маған, достарым көп емес пе менің? Достарым маған көмек бересіңдер ме?

Тәрбиеші № 4 тапсырмадағы үйшікке балалардың назарын аударады. Ал енді, осы үйшіктерде неше үшбұрыштан дөңгелектен, шаршыдан құралғанын байқап көрейікші. Түстер ажыратылады.
- Жарайсыңдар достарым, көрдің бе, қоян аға менің достарымның алғыр екенің.
- Ой, қандай керемет достарың!? Қанекей екеуміз дос болайық. Жүр
бауырсақ мен саған бір нәрсе айтайын. Сау болыңдар, балалар!
Геометриялық фигурадан қоянды құрастыру тапсырмасы.
Олардың құлақтары, аяқтары, көздерінің саны салыстырылады. Қоянның неше үшбұрыш, домалақ, төртбұрыштан құрастырылғандығы сұралады.
(Музыка ойналады. )
Үстел үсті театры «Қызыл телпек»
Қызыл телпек:- Сәлеметсіздер ме,
Балалар?! Балалар, маған анам бәліштер пісіріп берген болатын, сол бәліштерді
әжеме апарайын десем, барар жолымды таба алмаймын.
Маған жолымды табуға көмек бересіңдер ме?
- Олай болса, балалар Қызыл телпекке көмектесу үшін мына тапсырмаларды орындасақ көмектескен боламыз. Суретің айырмашылығын табу.
2 және 3 айырмашылығын табу. (балалар 3 айырмашылықты табады).
Қызыл телпек барлығына рахметін айтып, қоштасады.
Рефлексифті коррекциялаушы:
Осы кезде айналадан сиқырлы әуен естіледі. Ағаш түбінде сиқырлы сандық жатыр екен.
- Ой, балалар, мұнда сиқырлы сандықша жатыр екен, бұл біздің күткен сыйымыз болар. Ішінде не бар екен ашып көреміз бе?
(музыка әуенімен сандық ашылады).
- Балалар бізге мынадай тапсырма берген екен. «Кім тапқыр» ойыны арқылы сендердің не меңгергендеріңді байқау үшін мына кестені толықтыруымыз керек. Егер осы кестені толтырсақ, сандық ішіндегі ойыншықтар сендерге беріледі.
Ойыншықтар үлестіріледі. Музыка әуенімен топқа оралу

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Геометриялық пішіндерді ажырату, сандарды таңбалау, 0 - 3 сандарды қосу және азайту, жылдамдыққа үйрену, саусақ маторикасын театр түрлері арқылы дамытуды білді.
Түсінеді: Қоянды құрастыруды, (геометриялық пішіндерден) айырмашылықтарды ажыратты.
Қолданады: геометриялық пішіндерді ажыратуды, ертегі кейіпкерлерін шатаспай меңгеріп, тапсырмаларды тиянақты орындады.
23 136
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
Балалардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандардың таңбалануын үйрету. Тиянақты жауап беруді талап ету.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
20 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру, 20 көлемінде реттік санауға үйрету /тура және кері тәртіппен/.
8 саны және цифры
8 саны және цифры
8 саны мен цифрын енгізу, 8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеуді үйрету
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар
Балаларды түрлі есеп шығара білуге үйрету, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту. Танымдық, шығармашылық, белсенділіктерін арттыру.
Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
Балаларды ертегілер әлеміне саяхатқа апарып, театр түрлерін ажыратуға, театрға барғанда қалай отыру, өзін – өзі көпшілік ортада ұстай білуге үйрету. Ертегіні тындай білуге, ертегіні баяндауға дағдыландыру.
Қызықты математика
Қызықты математика
Балабақша тәрбиешісі: Меңдәлі Г.С.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×