Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана - біздің күніміз

09 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар!
Армысыздар әжелерім, аналарым!
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың!
Міне көктемнің гүлімен, жұпар лебімен, анамыздай аймалап, көктем мерекесі де келді. Көктемнің алғашқы күндерімен бірге аналарымыздың да мерекесі келді.
Ортаға қыз бала келеді (көңілсіз):
- Сәлем бәріңе, сендер кімсіңдер?
Балалар:
- Біз «Ертөстік» тобының балаларымыз.
Қыз:
- Сендер бақыттың қайда екенін білмейсіңдер ме?
Ортаға Алибаба шығады:
- Сәлем бердік, бәріңе. Мен Алибабамын. Бақытты несіне іздеп жүрсің? Кел, бізге қосыл, бізбен бірге ұрлық жасайсың, тонайсың, алтындарың көп болады. Ақшаң көп болса бақытты боласың. Тойып алып билейсің, міне саған бақыт.
Жүргізуші:
- Балалар, Алибабаның айтып тұрғаны дұрыс па?
Балалар:
- Дұрыс емес.
Жүргізуші:
- Алибаба, сен бізбен бірге бол, сонда бақыттың не екенін түсінесің.
Алибаба:
- Жарайды, мүмкін бақыт ән айтуда шығар. Қане, балалар, бірге ән айтып көрейікші.
Ән «Ана тілім»
Алибаба:
- Жарайсыңдар, балалар. Керемет ән екен. Бірақ ән айтқанда бақытты көре алмадым (көңілі түсіп кетеді). А, а, а, таптым, мүмкін би билесек, бақытты көре алармын.
Би «Бананамама»
- Көңілді би екен. Сендерге ұнады ма? Маған да ұнады. Бірақ бақытты тағы көре алмадым.
Жүргізуші:
- Ендеше, Алибаба сен біздің топтың балаларының ертегі қойылымын тамашалап көр. Мүмкін көңілін көтеріліп қалар.
«Қызыл телпек пен қасқыр» ертегісі
Алибаба:
- Жарайсыңдар! Мен мына қойылымды көріп отырып, сендермен ойын ойнағым келіп кетті.

Ойын «Бірдей гүлдерді тап»
Шарты: Алибаба көрсеткен гүлдердің түсіне сәйкес бірдей гүлдерді табу керек.
Би «Өзбек биі»
Алибаба:
- Керемет би екен. Бұл топтың балалары шетінен өнерлі екен.
Қыздың анасы ортаға шығады:
- Қызым, мен сені іздемеген жерім жоқ, қайда жүрсің ботақаным, қошақаным, құлыным, - деп қызын құшақтайды.
Қызы:
- Мен бақытты барлық жерден іздедім, таба алмадым, сізді көріп қатты қуандым. Анашым, сенсің ғой менің бақытым.
Алибаба:
- Балалар, мен түсіндім, бақыт деген ол біздің анамыз екен ғой. Біз тек анамыздың қасында бақыттымыз. Қой, мен анама барайын, анашымды қуантып, сағынышын басайын. Мен анамды жақсы көремін, ал сендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме?
Балалар:
- Біз анамызды жақсы көреміз.
Алибаба:
- Мен анашым қуантуға, мерекесіне құттықтауға кеттім. Сау болыңдар, балалар. Рахмет сендерге.

Жүргізуші:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Балғындар шын жүректен тебірентіп,
Аналарға әндерін бағыштайды.
Ән «Анаға сыйлаймыз»

Талшын:
Ана сен бақыттысың, бақыттысың,
Менмін ғой бақшаңдағы бақыт құсың.
Қазірге бөбекте де, өсіре бер,
Ақ сүтіңді ақтаймын уақыт тусын.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – қуанышы көңілдің.
Ана деген – әрбір үйдің жылуы,
Ана деген – гүлі тұнған өмірдің.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 547
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Аналар мерекесі
Аналар мерекесі
Балалардың 8 – ші наурыз жайлы түсінігін молайту. Үлкендерді, бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, тілдерін дамыту. Мерекелік көңіл – күйлерін көтеру.
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Айналайын – анашым
Айналайын – анашым
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!- 2 бала қосылып айтады.
Ана - асыл қазынам
Ана - асыл қазынам
Балаларды мейірімділікке, ананың өлшеусіз еңбегін бағалауға үйрету. Анаға деген балалық махаббатын өз шығармаларында жырлай білу. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі де күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтындығын түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×