Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аналардың көңілі, көктемдей жайнап гүл ашсын!

28 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Аналардың көңілі, көктемдей жайнап гүл ашсын!»
Тәрбиеші: - Құрметті әжелер, аналар! Құрметті балабақша қызметкерлері. Бүгін сіздерді күптен күткен 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Мектепалды даярлық тобының «Аналардың көңілі, көктемдей жайнап гүл ашсын!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерін ортаға шақырамыз.
Ұлдар кіреді. Саппен жүріп келе жатып жарты шеңберге тұрып жан – жағына қарайды да иықтарын көтереді.
Муслим:- Ма, балалар, залдың іші әдемі болып кетіпті, қараңдаршы.
Балалар:- Ия, шынымен.
Сайлау:- Ата - аналарда жиналыпты.
Диас: - Балалар, біздің топтың қыздары қайда?
Балалар:- Білмейміз.
Диас: - Бүгін қыздардың мерекесі ғой.
Муслим: - Ата - аналар, біздің топтың әдемі қыздарын көрдіңіздер ме?
Ата – аналар:- Жоқ көрмедік.
Бақдәулет: - Гүлсім Тілеулесқызы мүмкін сіз көрген шығарсыз біздің топтың сұлу қыздарын?
Г. Тілеулесқызы:- Жоқ көрмедім.
Диас:- Света Жайшылыққызы сіз де көрмедіңіз бе?
С. Жайшылыққызы:- Жоқ көрмедім.
Осы кезде бір - бірінің қолдарын ұстап қыз балалар залға кіреді.
Ұлдар: - Ма, біздің топтың қыздары келе жатыр.
Қыз балалар ұл балалардың қасына келіп, екі қолдарын белдеріне қойып:- ұлдар, сендерге не болған бізді тобымызда қалдырып.
Ұлдар:- Қыздар кешіріңдер, мерекелерің құтты болсын.
Бақдәулет: - Ұлдар не тұрыс, қыздарды биге шақырайық.
(ұлдар мен қыз балалар вальс биін билеп болып, отыратын орындықтарының қасына келіп тұра қалады)
Тәрбиеші:
Қадірлі әжелер, аналар көңілі.
Көктемдей жайнап гүл ашсын.
Бақытқа толы өмірі -
Шаттыққа шаттық ұлассын.
- Балалар, сендердің әжелерің барма?. Әжелеріңді жақсы көресіңдер ме? (Балалардың жауабы)
- Дұрыс ақ, әжелеріңді жақсы көрмесек болмайды, олар қайырымды, сүйікті адамдар. Әжелерің сендерді өте жақсы көреді және де сендерге ертегі оқып береді.
- Сендерде неше әже бар?
Балалар:- Екі әжеміз бар. Туған әже және нағашы әже.
Тәрбиеші:- олай болса, кәне балалар, әжемізге арнап өлең, тақпақтарымызды айтайық.
Ерасыл:
Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі,
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Армысың әжелерім, аналарым.
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың.
Әсем:
Менің әжем жыр әжем.
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйініп.
Аман - есен жүр әжем.
Мені әжем жыр әжем.
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең
Айтып берер тағы әжем.
Темірлан:
Әже деген көп шығар.
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі.
Қандай әсем күлкісі.
Ертек қандай көп еді.
Күнде айтып береді.
Қуанатын балаша.
Әжем менің тамаша.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 859
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Келді,көктем құлпырып
Келді,көктем құлпырып
Құрметті аналар, әжелер, ару қыздар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері! Сіздерді көктемнің алғашқы қуанышы - 8 - наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміздің, яғни «Қарақия» тобының сіздерге арнаған «Келді, көктем
Мәпелейді ана - қолындағы құсын
Мәпелейді ана - қолындағы құсын
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №12 балабақша тәрбиешісі Аманғожина Халима
Анам менің ардағым!
Анам менің ардағым!
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі № 12 балабақша тәрбиешісі Еламанова Мырзагүл Әбутәліпқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×