Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта!

03 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта! Жинақталған сабақтарда ойын элементтерін қолдану.
Сабақтың түрі: жинақталған (көркем әдебиет, мәнерлі қозғалыс, сенсорлық тәрбие, бейнелеу өнері)
«Ертегілер бізде қонақта!»
Мақсаты: Таныс ертегі кейіпкерлерін іс - әрекеттерін меңгеру.
Кейіпкерлердің әрекеттерін көрсете білуге үйрету.
Түстерді қосу арқылы жаңа түс жасай білуге, қылқаламмен жұмыс істей білуге жетілдіру.
Қиялын дамыту, сөз белсенділігін арттыру.

Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші балаларды ертегі тыңдауға кілем үстіне шақырады. Кітап бетін ашады. Кітап бетінде ештеңе көріңбейді, тап - таза парақтар.
Мұғалім: - Суреттер қайда? Ештеңе жоқ тек қана дөңгелектер.
Балалар алдына екі үлкен (ақ, сары) және жеті кіші дөңгелектерді қояды.
- Дөңгелектер қандай түсті?
- Көлемдері қандай?
- Қалай ойлайсыңдар бұл қай ертегі?

Сабақтың барысы:
Ал қазір бізге ертегі қонаққа келеді (ешкі киімін киініп шығу)
Әндетіп: Лақтарым шұнақтарым
Жүрсіндер қайда шырақтарым
Өрістен келді аналарың
Келіңдер маған балаларым.
Келмеді, олар көрінбейді.
- Ал сендер менің лақтарымды көрдіңдер ме?
- Жоқ олар өте қу, мүмкін түрлі-түсті үйлерге тығылып қалған шығар.
Үстел үстіне түсті шаршылар қойылады, балалар ойынға бәрі келеді.
Міне олар. Бірақ өте қорыққан сияқты. Олар қорыққанда қалай айғайлайды?
- (ме - ме - ме)
- Оларға көмектесіңдер. Үйлердің есігін жабындар.
Ойын «Лақты жасыр» өткізіледі.
Енді олар қалай көңілді ән салды (Дыбыстап көрсету)
- Сендер менің лақтарыма көмектестіңдер, енді мен сендерге ертегіні сыйға тартам.

Мұғалім: - Көлемі үш түрлі, үш қоңыр дөңгелекті алып көрсету.
- Бұл қай ертегі деп ойлайсыңдар?
- Неге? Дәлелде.
- Үлкен дөңгелек қайсысы?
- Орташасы не?
- Ал ең кішісі не?
Мұғалім қалқа артына барып ойыншық аюды әкеледі.
- Мен аюмын балқұмар
Көп ойнауды ұнатам.

Сергіту сәті: Көңілді әуенмен балалар ойыншық аю, секіріп қимыл жасайды. Музыка таусылып ол кетеді.
Мұғалім: - Енді кітапты ашып біз ертегіні оқимыз.
(тәрбиеші кейіпкер орынбасушы пішіндерді қояды).
«Түлкінің күлкісі»
- мыналарға қарап қай ертегі деп ойлайсыңдар?
- Неге?
- Бұл ертегіден қонаққа кім келсін?
Мұғалім қалқа артына барып түлкіше киініп шығады.
- Мені таныдыңдар ма?
- Мені орманда қалай атайды?
- Мені түлкі – бикеш деп айтқанды өте жақсы көремін. Менің тоным сондай әдемі. Оның түсі қандай?
- Сендер оның суретін сала аласыңдар ма?
- Сендерде қызғылт сары түс жоқ қой.
(қызыл, сары түсті араластыру керек)
Балалар тыныш әуен тыңдай отырып қағазға бояуларды араластырып дайындайды. Түлкіше кимімен тәрбиеші балаларға көмектеседі. Трафареттер пайдаланып жұмысты аяқтайды. Суреттерді қатар қояды.
Түлкі балаларды мадақтайды.
13 162
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Маша мен аю
Маша мен аю
Балаларды таныс ертегі кейіпкерлерін ажырата білуге, таныс ертегілер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету. Театр жанрларын меңгерту. Дамытушылық: Балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта
Ертегі кейіпкерлері бізде қонақта
Ақтөбе қаласы, №28 «Көркем» МДҰ тәрбиешісі: Шакибаева Гүлнар Сагидуллақызы
Ертегіні оқып отырып, кейіпкерлерінің суретін салу
Ертегіні оқып отырып, кейіпкерлерінің суретін салу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Сағыз селосы, № 9 орта мектеп мұғалімі Махметова Ұлжан
Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу
Ертегі кейіпкерлерін бейнелеу
Ақтөбе қаласындағы №34 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жусипова Тлектес Муханбеджановна
Бояулар бізде қонақта
Бояулар бізде қонақта
Балалар назарын негізгі түстерге көңіл бөлуге, түстерді ажырата білуге үйрету; Негізгі бояуларды бір-бірімен қосу арқылы әр түрлі түстердің алу жолдарын үйрету. Жылы және суық түстерді меңгеру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×