Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аквариумдағы балықтар

30 қыркүйек 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Балабақша тәрбиешісі: Орынбасарова Мейрамгүл Асқарқызы

Тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар»
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сурет салу
Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, айналамен таныстыру, көркем әдебиет
Мақсаты: Сурет салудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдістері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Бояумен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіру, қылқаламмен ирек, түзу, ұзын, қысқа толқынды сызықтар сызуға дағдыландыру. Картоп бастырмасымен жұмыс жасай білуге үйрету. Бейнені қағаз бетіне орналастыра білуін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Алдын - ала жүргізілген жұмыс: Аквариумдегі балықтарды бақылау.
Көрнекіліктері: Суреттер, түрлі - түсті бояу, қылқалам, су.
Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, жұмбақ, тақпақ, картоп
Бастырмасымен сурет салу, электронды құрал пайдалану. құйған ыдыс, ақ қағаз, сүрткіш, картоп.
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балаларды тапсырманы орындауға қызықтыру (талпындыру)
Су асты патшалығына саяхатқа баратындығын хабарлау.
Балалар бір сәт көзімізді жұмып, су астына түсе бастайық. Су салқын. Мен түрлі - түсті балықтарды көрдім.(сегізаяқ, ұлу, тасбақа, су жыланы) Теңіз түбінде өсімдіктер де өседі екен, сумен шайқалып, қозғалып, билеп тұрған тәрізді. Қайтадан судың бетіне қарай жүземіз. Су түбінен не көргендері жайлы сұрап, әр баланың ойын тыңдау.
Балалар мен бүгін сендерге сурет оқу іс - әрекетінде ненің суретін салатынымыз туралы жұмбақтап жасырамын.

Жұмбақ:
Жер бетіне бір шықпас,
Су түбінде тұншықпас.
Сөйлемейді, үндемейді,
Пісірсе оны кім жемейді.

- Жарайсыңдар, балалар, сендер балық туралы қандай жұмбақтар білесіңдер?

Балалар, қазір біз «Кім епті?» деген ойын ойнасақ, ойнағыларың келе ме?
(Ойын шарты түсіндіріледі)
- Балалар, менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар?
- Қармақпен не істеуге болады?
- Жарайсыңдар! Балалар, бұл - жәй қармақ емес, сиқырлы қармақ. Осы қармақпен балық аулап көреміз бе?
- Балалар, қараңдаршы қармаққа бір балық түсіпті, ол қандай балық болды екен?
Балалар, бұл - шортан балық. Қандай балық екен?
- Сазан, мөңке, бекіре, жайын.
- Жарайсыңдар, балалар, енді аулаған балықтарыңа назар аударайықшы, сендер балықтардың аттарын білдіңдер. Балалар, балықтар қайда тіршілік етеді?
- Дұрыс айтасыңдар. Негізінде балықтардың түрлері көп.
Балалар, балықтардың дене бітімі қандай пішінге ұқсас екен?
- Балықтардың мынау несі?

Толық нұсқасын жүктеу
7 324
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Су өмірдің нәрі. Аквариумдағы балықтар
Су өмірдің нәрі. Аквариумдағы балықтар
Табиғат байлығына қамқор бола білу дағдыларын жетілдіру. Аквариумда жүзіп жүрген балықтар суретін салу, дәстүрден тыс сурет салу дағдысын қалыптастыру, ұқыптылыққа үйрету.
Аквариумдағы балықтар
Аквариумдағы балықтар
Балаларға теңіз балықтары мен аквариумдағы балықтардың тіршіліктерін таныстыру. Балық туралы білімдерін жүйелеп тереңдету. Шығармашылық, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, саусақ қимыл қозғалыстарының ептілігін қалыптастыра дамыту.
Жарқын көбелектер
Жарқын көбелектер
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы аулы. Балабақша тәрбиешісі Орынбасарова Мейрамгүл Асқарқызы
Балықтар
Балықтар
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Абашева Күләш Николайқызы
Қыс бейнесі
Қыс бейнесі
Тогузбаева Гулмира Жаксылыковна №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Ақтөбе қаласы
Балықты күту және баптау
Балықты күту және баптау
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×