Білімділер поралы
загрузка...

Жыл мезгілдері

Жыл мезгілдері
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Білімділік міндеті: Жыл мезгілдері туралы ұғымдарын кеңейту; Жыл мезгілдерін бір - бірінен ажырата білу.
Дамытушылық міндеті: Балалардың ақыл - ойын, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәнерін, есте сақтау қабілетін сурет бойынша дамыту.
Тәрбиелік міндеті: Табиғат сұлулығын сезіне отырып, оны қорғауға, оған қамқор болуға тәрбиелеу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Көрнекіліктер: Табиғат жайлы суреттер.
Әдіс - тәсілдер: сөздік, көрнекілік, ойын, сұрақ – жауап.
Қостілділік компоненті: қыс - зима - winter, көктем - весна - spring, жаз - лето – summer, күз - осень - autumn;

Оқу іс - әрекет кезеңі
Педагогтың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
Педагог алдымен келген қонақтармен амандасып алуын сұрайды.
Шаттық шеңбері:
Білгір қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы,
Қонаққа келіп отырған,
Апайларға қарашы.
Бәріңізге ізетпен,
Біздер сәлем береміз
Сәлеметсіздер ме апайлар!

Балалар қуана амандасады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Ендеше балалар өз орындарыңа барып отыра қойыңдар.
- Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қандай?
- Онда балалар, біз сендермен «тамаша» ойынын ойнайық.
Ойынның шарты: Мен сендерге жақсы сөз айтқанда, сендер жақсы, тамаша деп жұдырықтарыңды түйіп бас бармақтарыңды көтеріп бір - біріне көрсетесіңдер. Келістік пе?
-«Балауса» балабақшасы қандай?
(Тамаша)
-«Күншуақ» тобының балалары қандай?
(Тамаша)
-«Қыс мезгілі қандай?» (Тамаша)
-«Қар жауған қандай?» (Тамаша)
-«Бүгін келген қонақтар қандай?» (Тамаша)
- Керемет балалар, енді айта қойыңдаршы. Жылдың неше мезгілі бар? (Төрт мезгілі)
- Дұрыс айтасыңдар. Қандай?
(Қыс, көктем, жаз, күз).
Тәрбиеші балалармен жыл мезгілдері бейнеленген сурет бойынша жұмыс жасайды.

Ғажайып сәт:
Осы сәтте қыстың әуені ойнап балаларға қонаққа Жыл мезгілдерінің ханшайымы келеді.
Ханшайым балалармен амандасады.
- Балалар, балабақшада «Жыл мезгілдері» туралы әңгімелесіп жатқандарын естіп әдейі келдім, жыл мезгілдері туралы суреттерімді ала келдім. Сендердің қаншалықты мені жақсы көріп ажырата алатындарыңды білгім келді.
- Кәне кім айтып береді екен мен туралы?
(Балалардың жауабы.)

- Балалар қараңдаршы, Жыл мезгілдерінің ханшайымы аппақ болып киініп алыпты, неліктен деп ойлайсыңдар?
(Өйткені қазір қыс мезгілі, сондықтан да ханшайым аппақ болып киініп алған.)
- Өте дұрыс айтасыңдар!
- Ал, балалар, ханшайымның әкелген суреттерін сөйлетеміз бе?
- Ханшайым, онда сен жақсылап жайғасып отыр, балалардың жыл мезгілдері туралы, оларды бір - бірінен
қалай ажырата алатындарын көріп, байқап отыр.
Сурет бойынша әңгіме бастамас бұрын тәрбиеші әр жыл мезгілдері жайлы жұмбақ жасырады.

Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? (Қыс мезгілінде.)

Күннің көзі күлімдеп
Жылғалардан су ақты,
Құстар көкте самғайды,
Бұл қай кезде болады? (Көктем мезгілінде)

Өрік, алма,
Жидек, жүзім,
Дүкендерге түседі.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? (Жаз мезгілінде)

Астық пісіп,
Орақ түсіп,
Қырмандарға түседі,
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады? (Күз мезгілінде)

- Жақсы балалар сендер жыл мезгілін ажырата алады екенсіңдер.

Сергіту сәті:
Жаңбыр жауды тырс - тырс,
Боран соқты гу - гу,
Жел тұрды ыли - ыли,
Найзағай ойнады тарс - тұрс.

- Енді балалар ханшайымның тапсырмасына кірісейік.
Балалар өздеріне берілген жыл мезгілдері туралы суреттерге қарап әңгіме құрастырады.

Ханшайым:
- Балалар, сендерге көп рахмет, мен сендердің жыл мезгілдерін бір - бірінен ажырата алатындарыңа қуанып отырмын. Сурет бойынша да мен туралы әңгіме құрастыра алатындарыңа да көзім жетті. Мен осы суреттерді сендерге сыйлаймын, үнемі осы сияқты суреттермен әңгіме құрастырып, тілдеріңді жаттықтырып жүріңдер! Енді мен сендермен қуана қоштасамын. Келесі кездескенше сау бола қойыңдар.

Рефлекциялық - түзетушілік
- Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ғажайып болды.
- Сендерге кім қонаққа келді?
(Жыл мезгілдерінің ханшайымы)
- Сендерге не сыйлады? (Әдемі суреттер)
- Бүгінгі сабақ ұнады ма? (Иә)
Тәрбиеші сабаққа жақсы қатысқандарға мақтаулар айтады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін;
Игереді: суретке қарап, 2 - 3 сөйлем құрай білу дағдыларын;
Меңгереді: Сурет арқылы әр жыл мезгілдерін ажырата білуді;

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы,
Солоновка ауылы, «Балауса» балабақшасы
«Күншуақ» тобының тәрбиешісі
Мамиева Салтанат Кожаевна
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Бәйге бөлімі
  • Мәтін, мәтіндік блоктарды құру

    Оқушыларды Macromedia Flash бағдарламасында мәтінмен жұмыс жасауды үйрету; Оқушыларды мәтінмен жұмыс жасау туралы білімдерін қалыптастыру
  • Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі

    Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мағлұмат алуға, танып - білуге қызықтыру, «Сүйемін» өлеңінің идеясы мен тақырыбын түсінуге және өлең құрылысын жан - жақты талдай білуге, сын ...
  • Қайталау. 400 - 406 - жаттығулар

    Оқушыларды қазақ халқының дәстүріне деген сүйіспеншілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
  • Қош келдің – әз Наурыз!

    Наурыз қазақтың ұлттық мейрам екенін ашып көрсету; балалардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату; мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай балаларды адамгершілікке, елін, ...
  • Спортпен айналысамыз

    Берілген материалдың мағынасын түсінеді, сөздерді жіктейді, есімдіктерді, демеулік шылауларды атап, мысалдар келтіре алады.
  • Би музыкасы

    Қазақ халқының салт - дәстүріндегі бидің алатын орны, Шара Жиенқұлованың өмірімен және билерімен танысу. Оқушылардың музыка пәніне қызығушылығын дамыту, сүйіспеншілігін ояту арқылы әсемдікке ...
  • «Getting from A to B. Travel and transport» «А - дан Б - ге жету. Саяхат пен көлік

    - саяхат түрлері мен көліктерді сипаттай алады; - көліктің түрлерін ажыратып, олардың атқаратын қызметтерін атап береді.
  • Республиканың 1965 - 1985 жылдардағы қоғамдық - саяси өмірі

    Республиканың 1965 - 1985 жылдардағы қоғамдық - саяси өмірі жеке, жұптық, топтық жұмыс жасай отырып, өздігінен білім алады
Үздік жаңалықтар
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 115
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 115
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • БГК
    Жазған: БГК
  • Венерок
    Жазған: Венерок
  • guizira1983
    Жазған: guizira1983
  • Кеулимжай
    Жазған: Кеулимжай
  • Арнұр
    Жазған: Арнұр
    Мына жаңалықта: Қимылды ойындар
  • ALTUH79
    Жазған: ALTUH79
  • Aiman Bolatbek
    Жазған: Aiman Bolatbek
  • Гүлнар Жолдасова
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика