Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ормандағы ертегі

10 наурыз 2017, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Ормандағы ертегі
Мақсаты: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып, мазмұнын түсінуге, сұраққа жауап беруге үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің сөз мәнерін, қимыл – қозғалысын келтіріп ойнауға дағдыландыру, қызығушылық қабілеттерін ояту. Өздеріне тиісті рольдерді іскерлікпен, шығармашылықпен орындауға, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жасанды ағаштар, үйшік, аюдың, қоянның, кірпінің, қарғаның атрибуттары, алманың муляжы
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, жұмбақ шешу, ертегіні сахналау.

Ал, балалар, қараңыз
Таңғажайып бар аңыз
Ертегілер еліне
Қыдырып бірге барамыз
Ну орманға енеміз
Әсем гүлдер тереміз
Көңілді болып әрқашан
Тату болып келеміз.

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде өзгеше оқу іс - әрекеті болсын, біз сыйқырлы поезға отырып, барлығымыз ормандағы ертегілер еліне аттанайық.(А. Қалаубаеваның «Ертегілер» әніжүреді).

- Балалар, мына суреттерге қарап ертегіні тауып көрейікші.(Магниттегі тақтаға бекітілген ертегі кейіпкерлерінің суретіне қарап жауап береді.)
- Бұл қай ертегі?
- Бауырсақ ертегісі.
- Қане, балалар ертегіні есімізге түсірейікші.(Фланеграфпен көрсетіп ертегіні айтып кету).
- Балалар, мына жерде біздерге ойын дайындап қойған сияқты,
қарайықшы.
Ойын «Ғажайып текше».
Мен қазір текшені лақтырамын, қай аңның бейнесі шықса, сол аңның жүрісін салып жүреміз және ол аң қай ертегіде кездесетінін айтуымыз керек. Немесе сол аң туралы тақпақ айтып береміз.
Сергіту сәті:
Біз орманда жүреміз,
Саңырауқұлақтар тереміз,
Оң жақта, сол жақта
Саңырауқұлақтар жан - жақта.

- Балалар, қараңдаршы қандай әдемі үйшік. Ашып көрейікші, ой - мына есік ашылмайды ғой.
- Енді, оларды қалай ашсақ екен. Балалар, мына жерде жұмбақтар жасырып қойыпты, қане шешіп көреміз бе?
- Иә, жұмбақты шешіп көрейік.
- Мүмкін, шешуін тапсақ сиқырлы есіктер ашылатын шығар.

1. Мұрны бейне түйме
Үсті толған ине. (Кірпі)

2. Түрі көмірге ұқсайды,
Қалбалақтап ұшады. (Қарға)

3. Қыста ұйықтайды,
Жазда ойнайды. (Аю)

4. Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян)

Жұмбақтың шешуін тапқан кезде, сиқырлы үйшіктен қоян, аю, кірпі, қарға шығады.
- Балалар, бұл қай ертегінің кейіпкерлері?
-«Алма» ертегісі

Аңдар: Қазір біз сендерге «Алма» ертегісін сахналап береміз.

- Балалар, олай болса «Алма»ертегісінің қойылымын тамашалауға шақырамыз.

Ертегіні сахналау.

Автор Жанерке: Тыңда, балам, ертегі,
Ертегі сыр шертеді,
Ерте - ерте - ертеде
Ешкі жүні бөртеде
Орманда бір қоян өмір сүріпті. Қоян орман аралап жүріп ағаштың басында өсіп тұрған алманы көреді. Алайын десе ала алмайды. Секіріп жете алмайды. Ағаштың басында отырған қарға сырттай күліп отырады.
Қарға: - Қарқ – қарқ
Оны көрген қоян:
- Қарға, қарға! Маған алманы үзіп алып берші дейді
Қарға алманы үзіп алады, бірақ ұстай алмай жерге түсіріп алады. Алма ұйықтап жатқан кірпінің үстіне түседі.
Қоян: - Кірпі, кірпі! Тоқта, тоқта! Деп айғайлайды.- Менің алмамды қайда алып бара жатырсың?
Кірпі кідірместен: - Бұл менің алмам! ОЛ төбеден құлады, ал мен болсам оны ұстап алдым.
Қоян да қояр емес.
- Алмамды қайтарып бер. Оны тауып алған мен.
Таласып жатқан Қоян мен Кірпіге Қарға қосылады.
- Босқа таласасыңдар алма менікі. Мен оны өзім үшін үзіп алғанмын.- деді ол өтірік - шынын араластыра.
Олар бір - бірін түсінісе алмай, алманы әрі тартып, бері тартып. орман іші айғайдан у - шу болып кетеді.
Сол кезде қорбаңдай басып аю келеді.
- Бұл не деген айғай шу! Мазамды алдыңдар ғой!
Бәрі оған жақындап:
- Сен, Аю, біздің ормандағы ең үлкен, әрі ақылдысың. Алманың кімдікі екенін айтып берші – деп қалай болғанын айтып береді.
Аю сәл ойланып тұрып, сұрады:
- Алманы кім тапты?
- Мен! – деді Қоян.
- Ал, алманы кім үзіп алды?
- Мен! Деп қарқ етті Қарға.
- Жақсы. Кім оны ұстап алған?
- Мен ұстап алдым!- деді Кірпі.
- Мінекей, бәріңде дұрыс айтасыңдар, өйткені әрқайсыларың алманы алу үшін еңбек еттіңдер. Алма бәріңдікі.
- Мұнда алма біреу ғой, деді олар түсінбей.
- Бұл алманы теңдей бөліңдер. Әрқайсысың бір бөлігін алыңдар,- деді аю.
Мұны естіп бәрі қуанып кетті.
Алманы төртке бөліп бір бөлігін Қоянға беріп:
- Бұл саған, Қоян сен алманы бірінші көрдің.
Екінші бөлігін Қарғаға береді:
- Бұл саған, Қарға – сен алманы үзіп алдың.
Үшінші бөлігін Кірпіге береді.
- Бұл саған, алманы ұстап алғаның үшін.
Төртінші бөлігін аюға береді.
- Бұл саған Аю.
- Маған не үшін? – деп таңқалады Аю.
- Сен бізге ақыл айтып, татуластырдың!- деді ол, риза болып.
Әрқайсысы өзіне берілген алманың бөлігін жеп риза болды.
«Береке басы – бірлікте» деген осыдан қалған көрінеді.

Аяқталды ертегі
Ертегі сыр шертеді.
Еңбекті сүй балақай
Дос қадірін біл деді.

Риза болған балалар, поездарына мініп, көңілді әуенмен топтарына қайтады.
Сұрақ - жауап:- Балалар, біздер қайда бардық?
- Не көрдік, не істедік?
- Сяхатымыз ұнады ма?
(Балалар сұрақтарға жауап береді).
- Ал, енді балалар, бәріміз қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн ашық
Сау - саламат болайық.

Атырау қаласы,
МКҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай - балабақшасының ортаңғы топ тәрбиешісі
Бектлеуова Дина Сагинбаевна
7 023
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
Алма (ертегі)
Алма (ертегі)
Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің ішкі күйі мен іс - әрекетін сахнада ойнай отырып, бейнелей білуге дағдыландыру, қызығушылық әрекетін қабілеттерін ояту. Өздерінің тиесілі рөльдеріне
Ертегі еліне саяхат
Ертегі еліне саяхат
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қалалық "№ 1бөбекжай балабақша" КҚМК Жұлдыз тобының тәрбиешісі: Ахметова Дания Кадировна
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ү. К. Томанов атындағы № 183 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева Азимаш
Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы, №11 «Балауса» балабақшасы педагог – психолог Пазылова Айсұлу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×