Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өлкемізге күз келді

15 мам 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Өлкемізге күз келді» Ертеңгілік
Мақсаты: Балаларға күз туралы тақпақ, өлеңдер үйрету, күз молшылық, берекелі, мерекелі мезгіл екенін түсіндіру.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата – аналар, балалар ел байлығын арттырған мерекелі, берекелі күз келді. Сары алтындай сары күз себет толы жемісін, қамба толы егінін сыйлайды. Олай болса «Қошақан» тобындағы «Өлкемізге күз келді» деген мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз. Сахнаға ертеңгілікті жүргізушілер әңгімелесіп шығады.
І жүргізуші: Асылжан Күз қандай керемет мезгіл! Қазан толы еңбегінің жемісін көріп адамзаттың той ойлар кезі емес пе?
ІІ жүргізуші: Нұрислам Ия, пішен шабылып, астық орылып шаруаның реттелгеніне қуанған халқымыз күзде той – тойлап жатпаушы ма еді?
І жүргізуші Ия, дұрыс айтасың сол ізгі дәстүр біздің топта да жалғасын тауып жатыр.
ІІ жүргізуші Олай болса жұртты тойға шақырайық
І жүргізуші:
- Армысыздар ағайын, қош келдіңіздер.
Әй, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.

ІІ жүргізуші: Қызыл қырман. Қызықтырған,
Қайтадан тағы жандансын.
Сағымдайын жүзіп қырда,
Сағындырған ән қалсын.
Тәрбиеші: Олай болса ортаға «Алтын күзді» шақырайық

Гүлназ: Асыл өрен достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Қымбатты сый алыңдар,
Қызығыма қаныңдар.
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты.

Хор: «Алтын күз»

Гүлназ: Рахмет, балалар ризамын өнерлеріңе!
Тәрбиеші: Бидай арпа, тары бар,
Сұлы, күріш бәрі бар.
Әне жырлап барады,
Әнге құлақ салыңдар.
Ортаға музыка әуенімен ырғала билеп дақылдар шығады.

Нұрислам: Нан атасы бидаймын,
Нанды елге сыйлаймын.
Піскенімде мен қырда,
Қауызыма сыймаймын.

Бағдаулет: Қызыл мұртты арпамын,
Ырыс құтты арпамын.
Машинаға мініп ап,
Малды ауылға тартамын.
Қуаныш: Мен қарамын, сарымын
Мен атақты тарымын.
Еңбегіңнің жемісін,
Қайтарамын қарымын.

Әлфараби: Мен сұлымын шырағым,
Барлық малға ұнадым.
Ауырлаған басымды,
Көтере алмай тұрамын.
Ерасыл: Күнге ғашық күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын.
Аңқам кеуіп тұрған соң,
Ала жаздай су іштім.

Тәрбиеші: Рахмет, дақылдар төрлетіңіздер.
Жиым терім болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың. (Күз)

Тәрбиеші: Қызды қайнап ел ісі,
Қызыл қырман жер үсті.
Елдің тойып жүргені,
Еңбегінің жемісі.
Әне қызыл алмалар,
Әсем бақтың жұлдызы.
Алма терген балалар,
Албырайды нұр жүзі.
Ортаға алмалар мен пияз келеді.

Ш. Нұрсезім: Күздік апорт алмамыз,
Күзден қуат алғанбыз.
Жұмыр жерде нәр жинап,
Жұлдыздай боп жанғанбыз.

Айару: Жаздан күз артық,
Жайнадық та, қызардық.
Көк желегін бау – бақтың,
Көркемдедік қызартып.

Нұрсаят: Қалың киім ұнататын,
Шешіндірсең жылататын.
Пияз деген мен болам.
Тәрбиеші: Қане, балалар осындай молшылық күз тойына арналған (Жеміс - жидек ) ойнын ойнайық. Ойын шарты: Берілген уақыт ішінде ортаға екі бала шығады, қанша жеміс – жидек жинайды соны санаймыз. Жеңімпаздарға алма беріледі.

Ерасыл: Мол байлық тергені,
Шаттығы қаншалық.
Аспанға өрледі,
Құстарда ән салды.
Қарлығаш әнімен ортаға «Аққу» келеді

Гүлсезім: Қош, бол өскен жеріміз,
Айдын шалқар көліміз.
Аман болып тұрыңдар,
Қамқор болған еліміз.
Қаһарлы қыс өткенде,
Қайтып көктем жеткенде.
Күнде думан құрамыз,
Күн шуағын төккенде.
Әнмен шығып кетеді.

Тәрбиеші: Балалар қазір қай мезгіл? Күз мезгілінде қандай құбылыстар болады? Ауа райы қалай өзгереді? Күз бізге не сыйлайды? (Балалар жауабы)
Күзде жапырақтар түсіп айнала түкті кілем жайғандай, енді күз туралы тақпағымызды тыңдайық.

Б. Нұрсезім: Алтын, алтын, сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Қамба толы алтыннан,
Тәттісі көп не түрлі.
Мирасыл: Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Қайыржан: Күзім ау, күзім ау,
Мінезің бұзық ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық ау.

Жұбаныш: Дала сары киімді,
Самал соқты салқыннан.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық алтын тау.

Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы
№8 «Қызғалдақ» балабақшасының тәрбиешісі
Елеусінова Света Қалиқызы

Толық нұсқасын жүктеу
3 422
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Берекелі алтын күз
Берекелі алтын күз
Балаларды күз мерекесіне тән белгілерді тауып, табиғатты қорғауға, жемістер мен көкөністерді ажырата білуге, оның сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу
Аяулы күз, алтын күз!
Аяулы күз, алтын күз!
Мұнда назар салайық Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған Ертеңгілікті бастайық.
Алтын күз!
Алтын күз!
«Алтын күз» мерекесі құтты болсын! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі де күз мезгілі келді. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлады. Олай болса «Алтын күзге» арналған ертеңгілігімізді бастайық.
Мерейлі күз, мырза күз
Мерейлі күз, мырза күз
Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті ата - аналар, қонақтар! Бүгінгі «Қарлығаштар» тобының дайындаған «Мерейлі күз, мырза күз» атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз!
Күз сыйы
Күз сыйы
Залдың іші күз мезгіліне қарай безендірілген. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Берекелі Алтын күз!
Берекелі Алтын күз!
Армысыздар құрметті ата - аналар, барша қонақтар! Ортаңғы топ бүлдіршіндерінің «Берекелі Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×