Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кемпірқосақ сыры

18 қазан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Кемпірқосақ сыры
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға кемпірқосақ туралы түсінік беру, пайда болу жолын түсіндіру, түстері туралы айту. Түстердің қосындылары туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыру, сурет салуға ынталандыру. Топпен жұмыс жасауға дағдыландыру
Тәрбиелік: Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға, достыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттер, акварельді бояу, ақ қағаз, сүлгілер, слайд презентация
Сөздік жұмыс: Кемпірқосақ - радуга
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сурет салу, дидактикалық ойындар. Амандасу
№6 балабақшаның
Тәрбиелі баласы
Алдыменен үлкендерге
Амандасып алады.
(Амандасу)
Шаттық шеңбері.
(балалармен бірге)

Үлкен шеңбер құрайық
Алақанды ұрайық
Күлімдесін күн де
Күлімдейік біз де.
Алақанды ашайық
Күннің нұрын салайық
Таза ауаны жұтайық
Жүрекке жылу сыйлайық!
Қайталау.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілін сипаттайтын қандай тақпақтар білесіңдер:

Күз.
Айша мен Амина
Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал - терек
Жапырағын жұлғызып.

(Сайқымазақ жүгіріп кіреді)
Сайқымазақ:
Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Күз мезгілі дейсіңдер ме?
Сонда қазір күз мезгілі болса кемпірқосақ көрінбей ме?
Мен кемпірқосақты іздеп жүр едім. Енді қайттым!
Тәрбиеші: Сайқымазақ сен алаңдама, кемпірқосақ қазір көрінбейді, үйткені ол жазда болатын құбылыс. Бірақ бүгін біздің балалар саған кемпірқосақтың суретін салып береді. Ал сендер кемпірқосақтың қайдан шығатынын білесіңдер ме?
Ол қай кезде пайда болады?
Балалар жазда не көп жауады?
Дұрыс, жаңбыр.
Жаңбырдан соң доға тектес 7 түсті кемпірқосақ пайда болады.
Мөлдіреп моншақ шашылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкте қызыл, жасылды
Кемпірқосақ асылды.
Кемпірқосақ қайдан пайда болады деген сұраққа мына слайд арқылы жауап іздейік.
(СЛАЙД арқылы кемпірқосақ туралы толық мағлұмат беру)

Өте жақсы олай болса біз бүгінгі сабағымызды топқа бөліп жүргізейік. Сайқымазақ сен де қатысып отыр.
(Балалар өз еріктерімен жұмыс орындарына жайғасады)

Топтық тапсырма беру.

1 топ. 5 бала жекелей орындайды.
«Дымқылдау» әдісі арқылы сурет салу.
Қажетті құралдар: Кішкене сорғыштар (губкалар), акварельді бояулар, қылқаламдар, су құйылған ыдыстар, ақ қағаздар, гуаштар, майлықтар.
Барысы: Алдымен сорғышқа көлденеңінен қылқаламның көмегімен қызыл түсті, артынша тоқ сары, сары, жасыл, ашық көк, көк, күлгін түстерді жағып, ақ қағазға доға тектес етіп, айналдыра бастырамыз.

2 топ. Топпен жұмыс.
«Алақан ізі» арқылы кемпірқосақ жапсыру.
Қажетті құралдар: Үлкен ақ қағаз, желім, майлықтар
Барысы: Алдын ала дайындалған алақан тектес үлгілерді кемпірқосақтың түстерінің ретімен желім жағып отыру арқылы жапсыру.

3 топ. Топпен жұмыс
Саусақпен сурет салу әдісі. Жаз мезгіліндегі жайма шуақ жаңбырдан кейінгі кемпірқосақ көрінген табиғат.
Қажетті құралдар: Саусақпен суретке арналған гуаштар, майлық, плакатү үлгі.
Барысы: 3 бала үлкен плакатқа саусақ іздері арқылы табиғаттың суретін алады.

Сергіту сәті:
Здравствуй, радуга - дуга,
Разноцветный мостик!
Здравствуй, радуга - дуга!
Принимай нас в гости.
Мы по радуге бегом
Пробежимся босиком.
Через радугу - дугу
Перепрыгнем на бегу.
И опять бегом, бегом
Пробежимся босиком.

Тәрбиеші: Көрдің бе Сайқымазақ біздің балалар суретті жақсы салады, жапсыра алады. Ендігі кезекте біздің балаларымыз жаздағы керемет табиғат аясын құрастырып береді. Бұл да топтық жұмыс. Сондықтан бағанағы 3 топтың балаларының ішінен 6 баланы таңдап алып, құрастырайық.
Құрастыру: «Табиғат аясында» Топтық жұмыс.
Жаңбыр жауып, басылды,
Күлімдейді көкте күн.
Кемпірқосақ асылды,
Өрмегіндей көктемнің.
Қорытындылау, мақтап - мадақтау.

Тәрбиеші: Сайқымазақ сен негізі көңілді болып жүруің керек. Бағанадан бері біздің балаларымыз саған бар өнерлерін көрсетті. Енді сен бізді немен қуантасың?
Сайқымазақ: Мен онда сиқыр көрсетейін.
(Сиқыр көрсету арқылы балаларға кәмпит таратады)
Сайқымазақ қоштасып, алғысын білдіреді.
Келген қонақтарға «Сау болыңыз» дейміз.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Жыл мезгілдерін, күз мезгіліндегі құбылыстарды.
Болу керек: Жаңбыр, кемпірқосақ туралы мағлұматы болу керек.
Үйрену керек: Кемпірқосақтың суретін салып, жапсыра білуі керек. Топпен жұмыс жасап үйренуі керек.

КМҚК "Аягөз қалалық №6 бөбекжай - балабақшасы"
тәрбиешісі Адильханова Айгерим Бейсенгазиновна
22 015
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кемпірқосақ жолдармен даярлық тобына көтерілеміз
Кемпірқосақ жолдармен даярлық тобына көтерілеміз
Сауат ашу және жазу негіздері, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, тіл дамыту
Сиқырлы сурет сырлары
Сиқырлы сурет сырлары
Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі - түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.
Бояулар сыры
Бояулар сыры
Бояулардың түрлерімен таныстыру. Негізгі және қосымша түстермен жұмыс жасауға үйрету. Эстетикалық талғамдарын дамыту. Түстерді үш тілде айту. Балаларды сурет салуға үйрету
Сырлы бояу сыр шертеді
Сырлы бояу сыр шертеді
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, "Ақбота" балабақшасының бейнелеу пәні мұғалімі Дуймбаева Райхан Аманжоловна
Кемпірқосақ
Кемпірқосақ
Сабақтың тақырыбы: Кемпірқосақ
Кемпірқосақ (Менің ауылым номинациясы)
Кемпірқосақ (Менің ауылым номинациясы)
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Каирова Айдана Арманқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×