Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Реттік санаумен танысу

02 желтоқсан 2017, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №19
Білім беру саласы: «Таным».
Бөлімі: ҚМТҚ.
Тақырыбы: Реттік санаумен танысу. Жоғарыда оң жақ бұрышы, төменгі оң жақ бұрышы, жоғарғы сол жақ бұрышы, төменгі сол жақ бұрышы, ортасы.
Мақсаты: 5 саны көлемінде реттік санау, сандық және реттік санауды айыра білу (есептік және реттік санау), «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына жауап беру. Қағаз бетінде бағдарлауға үйрету, заттардың арасынан геометриялық фигураларды таба білуге үйрету, 5 затты ұзындығына сәйкестендіру, заттардың ұзындығының кемуіне және өсуіне қарай сәйкестендіру, заттардың ұзындығының кемуіне және өсуіне қарай бір қатарға орналастыру.
Үлестірмелі материал: әр балаға ұзындығы 20 - дан 12 см - ге дейін біртіндеп қысқарып отыратын 5 жолақша беру, тақырыптың мазмұнын ашатын суреттер.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: Қағаз бетінде бағдарлау жұмыстары
Қостілділік компонент/билингвальный/: жолақша - полоски, ұзындық - длина

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Балабақшам базарлы үй,
Ауылдағы ажарлы үй.
Күлкісі бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты.
- Жарайсыңдар!
Ал оқу қызметі басталды, іске сәт!
№1 сурет бойынша реттік санауды үйретемін.

- Балалар суретте не көріп тұрсыңдар?
- Қане, ретімен санайықшы.
- Реттік санауды білесіңдер ме?
- Қанекей, реттік санап үйренеміз. Ол үшін мына суретке назар аударыңдар?
Есептік және реттік санаудың сұрақтары “қанша?”, “нешінші” болады.
Суретті кезекпен санап шығайықшы.
Бірінші не тұр? Екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы деп жалғастырылады.
Осы топтағы балаларды айтсақ, бірінші қатарда кім бірінші болып тұрады?
Сонымен балалар реттік санауды түсіндік пе?
Қане, қайталап санап шығайық!
Кеме нешінші тұр? Үйшік ше? Т. б жалғастырылып, білімдері пысықталады.
№2 суретті көрсете отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау, ашық сұрақтар арқылы зейінін шоғырландыру.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік
- Балалар суретте не көріп тұрсыңдар?
- Суретте қандай аңдар бейнеленген?

- Бұл қай ертегі? Естеріңе түсті ме?
- Жарайсыңдар!
- Жоғарыда оң жақ бұрышында не тұр?
- Төменгі оң жақ бұрышында ше?
- Жоғарғы сол жақ бұрышында не көріп тұрмыз?
- Төменгі сол жақ бұрышында ше?
- Ал енді ортасында не тұр?
- Сонымен бүгін біз, реттік санаумен, жоғарыда оң жақ бұрышы, төменгі оң жақ бұрышы, жоғарғы сол жақ бұрышы, төменгі сол жақ бұрышы, ортасы тақырыбын меңгеріп алуымыз керек. Ол үшін бірнеше тапсырмаларды мұқият орындайық.
№3 суретте неше зат бар? Олар қалай орналасқан?
Жоғарыда сол жақта не тұр?
Төменде сол жақта не тұр?
Төменде оң жақта не тұр?
Жоғарыда оң жақта ше?

Сергіту сәтін жүргізу:
Бас бармағым - атам,
Балалы үйрек – әжем,
Ортан терек — әкем,
Шылдыр шүмек – анам,
Кішкене бөбек – мен.
Міне, менің барлық отбасым.
Суреттермен жұмыс: Д\о: «Кеңістікті бағдарла» мақсаты: Суреттегі заттардың орналасқан орнын айту, төмен, жоғары биік, аласа, оң, сол жақ сөздерін қолдану. Еске сақтау қабілетін арттыру.

Реттік санаумен танысу. жүктеу
10 498
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
20 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру, 20 көлемінде реттік санауға үйрету /тура және кері тәртіппен/.
Сопақша
Сопақша
Тіктөртбұрышпен және дөңгелекпен салыстыра отырып сипап сезу қимылы мен көру арқылы сопақшамен таныстыру. 5-ке дейін реттік санау және реттік санды атап «Қайсысы?», «Нешінші?» деген сұрақтарға жауап беру дағдысын дамыту.
5 - ке дейін санау тура және кері санау
5 - ке дейін санау тура және кері санау
Реттік санауды үйрету, Қанша? Нешінші? сұрақтарына жауап беруге үйрету, математикалық жұмбақтарды шешуді үйрету
1 2 3 4 5 сандардын құрамы
1 2 3 4 5 сандардын құрамы
Балаларды есептеуге дайындау үшін өзінен кіші екі саннан тұратын сандар құрамымен танысу 5 - ке дейін есептік және реттік санауды бекіту; 2 - 5 сандармен және цифрымен таныстыру, заттың аз тобына қосу немесе көп заттың бір затты алу.
Есептік және реттік сан есім
Есептік және реттік сан есім
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Агисбаева Жансулу Бигалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×